«Отаным-атамекенім» мерекелік ертеңгілік

76

«Отаным-атамекенім» мерекелік ертеңгілік

Ән-күй залында М. Омаровтың «Қазақстан» әні орындалуда, топтың балалары қолдарында әр түстегі гүлдер, көк түсті жалаушалармен кіреді.

Жүргізуші:  Республикам күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

Алтын-бесік Қазақстан гүлістан!

-Қайырлы күн қадірменді қонақтар, бүлдіршіндер!

Бүгінгі «Отаным-атамекен» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз!

Әнұран орындалады.

Тақпақтар.

Алина:

Алтай-жайық арасы,

Жарты әлемдей даласы,

Ол біздің Қазақсатан!

А. Ерасыл:

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы,

Ол біздің Қазақсатан!

Ақбота:

Жастан сүйіп аңсаған,

Тәтті күймен кәусар ән,

Ол біздің Қазақсатан!

Ілияс:

Анамыздай тілеуі – ақ,

Отан-бізде біреу-ақ,

Ол біздің Қазақсатан!

Каусар:

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

С. Ерасыл:

Отанды жас кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.

Балалардың орындауында «Отаным» өлеңі.

Тақпақтар:

Алмира:

Отанды әркім анасындай,

Қастерлейді, қолдайды.

Өйткені Отан баласындай

Бізді асырап, қорғайды.

Аңсар:

Туған жер, алтын мекенім,

Бақытым сенсің аңсаған.

Мәңгі де бақи өтемін,

Қарыздар болып мен саған.

Аяулым:

Туған жерім-алтын босағам,

Аттандым сенен қияға.

Апам мен Отан-қос анам,

Қондырған мені ұяма.

Балалардың орындауында «Ана тілі» өлеңі.

Жүргізуші: Қазақстанымыздың болашағы жас бүлдіршіңдердің  қолында десек, сол бүлдіршіңдердің 4-тілегін тыңдайық!

Әмір: Бірінші менің тілегім «Денсаулық»

Жүргізуші: Сол жадында жүрсінші!

Алина: Екінші менің тілегім «Еркіндік»

Жүргізуші: Құсша самғап желпіндік!

Аңсар: Үшінші менің тілегім «Тіліміз»

Жүргізуші: Онсыз жоқ-ау күніміз!

Нұралы: Төртінші  менің тілегім «Күш-қайрат»

Жүргізуші: Арманына ұш жайлап!

Жүргізуші: Ендігі кезекте ұлттық би балалардың орындауында «Қара жорға»!

Тақпақтар:

Даяна:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер төккен

Билігім өз қолында

Еркіндігім, елтаңбам!

Жасұлан:

Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт бейнесі.

Сол қырандай еркіндеп,

Келеген бізге бақыт қой!

Жүргізуші:

Отан деген-атамекен,

Отан деген–туған жер.

Отан -ана,

Отан-үлкен

Қазақстан-туған ел!

Құрметті қонақтар! Бүлдіршіндер! Бүгінгі мерекемізге еліміздің тірегі болған Үш биді шақырайық!

Әйтеке би: Әмір

Армысың бақ дәулетті жерім менің,

Армысың  асқар тауым, көлім менің.

Армысың еңселі елім менің,

Еліме тыныштықты тілеймін мен!

Әумин!

Қазыбек би: Нұралы

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны.

Жер суын қорғау бабаңның

Емеспе еді басты ұраны.

Төле би: С.Ерасыл

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын!

Тату-тәтті бірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын!

Әумин!

Жүргізуші:

Айбын болған еліме,

Айдын болған көліме.

Айналайын үш бабам,

Пана болған көліме.

Қалың қазақ пір тұтар,

Қасиетті үш бабам!

 

Ән: «Балдырғандар».

Жүргізуші:

Ата-бабам жанын қиып қорғаған,

Ақ тілегін ұрпақтарға арнаған!

Қазақстан алтын ұя-Отаным

Жайнай берші, мәңгі гүлден әрқашан!

Осымен бүгінгі «Отаным-атамекен» атты мерекеміз аяқталды!