Бағдаршам әмірі

82

Тақырыбы: Бағдаршам әмірі

Мақсаты:      1.Балаларға бағдаршам туралы түсінік беру.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау музыка дыбыс жоғарлығын.таныс әндерді танып,ажырату қабілетін дамыту.

3.Мейірімділікке, адамгершілікке ,өнерді бағалай білуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Түрлі ойыншық машиналар,жол белгілері,қораптан жасалған үйлер макеті,бағдаршам,жол инспекторының киімі,таяқша,ойыншықтарәліппе- дәптер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар  біз жолға шыққанда ешқайда қарамай жүре береміз бе?

-Қандай жол белгілері бар?

-Бізге бағыт көрсететін не ол?

-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бағдаршам әмірі »

-Яғни жолға шыққанда жол ережесін ұстанып жүру керек.

V Жаңа сабақ

Жол ережесі белгілерімен танысу,аулада жаяу жолаушы жолын салып,жол ережелері бойынша ойын ұйымдастыру.Алған әсерлерін сурет арқылы бейнелеу.

Жұмбақ: Үш көзі бар қаз-қатар,

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түсті нұр шашадыю

Бұл не?

Бағдаршам ашса езек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін;

«Тоқта!Сақтан!Жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем бас па алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін,жасқанба!

VII Қорыту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Суретте қай балалар ойын орнын дұрыс таңдаған?

-Бағдаршам апликациясын жаса.

VIII Бағалау            Сабаққа жақсы,белсенді  қатысқан баланы мадақтау