Көкөністер мен жемістер

860

Тақырыбы: Көкөністер мен жемістер

Мақсаты:      1. «Көкөністер мен жемістер» туралы өлеңдерді тыңдап,балалар жемістер мен көкөністердің пайдасы,оның құрамындағы дәрумендер туралы түсініктері кеңейеді.

2.Табиғат байлығы,оның алуан түрлігі,балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Табиғатты қорғауға,бақша өсімдіктерін баптап күтуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:Көкөністер мен жемістердің  суреттері.

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер:Қияр,қызанақ,орамжапырақ,асқабақ қызылша,сәбіз,бүлдірген,құлпынай,жүзім.

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Балалар бүгігінгі сабақта жемістер мен көкөністер жайлы өтеміз.

V Жаңа сабақ

Психологиялық сәт

Жаңбыр көп жауады,

Шолып едім бақшаны,

Көкөніс біткен көңілді.

Жасыл,сары,қызыл,көк

Сан алуан көкөніс

Жұмбақ:          Жер астында жер қазық.    (Сәбіз)

Аспай піскен,

Қайнамай түскен     (Жеміс)

Бақшада өседі көп өнімдерін береді (Көкөніс)

Қ.Күзембайдың «Қарбыздар» және «Қияр-бәдірен» өлеңі оқылып,көкөністер жайлы,ал Р.Қунақрва мен Н.Жанаевтың «Жемістер жыры» өлеңдері арқылы жемістер жайлы түсінік беріледі. (Хрестоматия)

Сергіту сәті: Жаңбыр,жаңбыр,жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасың ауасын.

VI Бекіту

Ойын: «Көкөністер мен жемісте»

Шарты:Әр топ өзіне тән заттарды тез арада жинап алу,шапшаңдығы мен жылдамдығын дамыту.

Балалар екі топқа бөлінеді.

1 себет 2 себет
Көкөністер Жемістер

VII Қорыту

-Балалар бізге бақша өнімдері не үшін керек?

-Көкөністерден қандай қыстық азық дайындаймыз?

-Жемістерден ше?

-Олардың пайдасы қандай?

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.