А.Асылбеков «Қыс»

201

Тақырыбы: А.Асылбеков «Қыс»

Мақсаты:      1. Балалардың қыс мезгілі жайында ұғымдарын кеңейту,  А.Асылбековтың «Қыс» өлеңін оқып беру,түсіндіру,мәнерлеп жатқа оқыту.

2.Отбасында туған жерге деген сүйіспеншілігі  сезімін ,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер: Қалтырайды,тістеген,шебер болған,үскірік т.б.

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Аппақ көше,бар дала

Аппақ ой мен қыраттар

Ақ шатырлы қар қала,

Ақ жамылып тұр бақтар

-Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)

-Қыс мезгілі несімен қызықты?

-Адамдар қалай киінген?

-Қыста біз не істейміз?

-Бүгін сонымен қай мезгіл туралы өтеді екенбіз? (Қыс)

V Жаңа сабақ

Ойын: «Қар жинау»

Шарты:Балаларға жасанды қарды шашып жіберіп,белгілі бір белгіден соң тез арада жинату.Шапшаңдығы мен ептілігін дамыту.

Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан

Боран соғар сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтер қолғаптан

А.Асылбековтың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқып беру

 

VI Бекіту

-Қыста табиғат қандай өзгеріске ұшырайды?

-Балалар, «Аяз бетті шымшиды», «құлақшыңды кимесең,құлағыңды  тістеген» дегенді қалай түсінесің? Аяздың қолы бар ма?

 

VII Қорыту

-Оқылған өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?

-Қыс қандай болады екен?

-Қыста қандай мерекелер болады?

-Қыс туралы қандай жұмбақ білесің?

 

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.