Менің қанатты достарым

59

Тақырыбы: Менің қанатты достарым

Мақсаты:      1.Балалар табиғатты құстарды аялап,баптап,күте білуге үйрету.

2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.

  1. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қыс мезгілі,жаңа  жыл мерекесіне арналған  суреттер

Меңгерілетін сөздер:сақ,ұзақ,нәзік,тұмсық

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

 

IV Мақсат қою

Қанатымызды сермеп-сермеп,самғап алысқа ұшамыз.Самғап келіп төмендеп қонамыз.

-Бүгін біздің тақырыбымыз «Менің қанатты достарым»-құстар жайлы әңгімелесеміз.

V Жаңа сабақ

Сурет бойынша жүргізілетін жұмыс:

-Суретте жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар?

-Күн суыта бастады.Құстар қайда ұшып бара жатыр?

-Қыстап қалатын құстарды атап беріңдер.

-Құстарға қалай қамқорлық жасау керек?

-Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.Құстар-табиғаттың бір бөлігі.Құстар өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды.Біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек.

Жұмбақ: Шарлап келіп даланы

Үйіме үйін салады (Қарлағаш)

-Қарлығаш қай уақытта ұшып келеді?

-Балалар күн жылынып,көктем мезгілі келгенде құстар жылы жақтан ұшып келеді.

Сергіту сәті: Ақ көгершін,көгершін.

Қолқанат құс сен едің

Бар кезіп қайт ел үшін

Кең дүниенің көлемін

VI Бекіту

Сурет бойынша жұмыс

-Суретте қандай құстар бейнеленген?

-Көгершін қандай құс?

-Бүркіт қандай құс?

-Құстар адамға ,табиғатқа үлкен пайда әкеледі,оларға қамқор болуымыз керек.

 

VII Қорыту

-Балалар қандай тақырып өттік?

-Ало, телефоны арқылы сұрақ-жауаппен сабақты қорыту.

 

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаАязда
Келесі жазбаКел ойланайық