Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан

109

Тақырыбы: Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Түркі құқықтық жүйесінің негіздері. Қазақ халқының мемлекеті мен құқықтық жүйесі Қазақстанның ұлан-ғайыр өлкесін мекендеген көшпелі тайпалар — сақтардың, олардан кейінгі үйсіндер мен қаңлылардың қоғамдық құрылысындағы әскери демократиялық үрдістерден бастау алады. Мысалы, біздің заманымыздың бас кезінде Қазақстан жерін қоныстанған ғұндардың жоғарғы өкімет билігі рубасылар кеңесінде болды. Кеңес патшаға бағынды. Мемлекет белгілі деңгейде қалыптасқан құқықтық нормаларға сүйеніп жұмыс істеді.

«Төру» ұғымы XVI ғасырға дейін қолданылып келді де, соның негізінде «Төре бітігі» деп аталатын заңдар жинағы қабылданды. Бұл жинақ армян әрпімен жазылған. Құқықтық акт мағынасындағы «төру» ұғымы осман түріктері мен Венгриядағы мадиярларда сақталып қалған.

Түрік қағанатында экономика мен сауданың дамығандығы «тауар» деген ұғымның қалыптасуынан көрінеді. Бұл сөз XIII ғасырдағы түркі ескерткіштерінде кездеседі. Қазір де «тауар», «табыс» дегенді білдіретін бұл сөз М.Қашқаридың сөздігінде «мал-мүлік», «өндірілген өнім» деген ұғымдарды білдіретіні айтылады. Тауарға байланысты қатынастар заңмен реттеліп отырды. Тауарды сатуға, сатып алуға, біреуге мұра етіп қалдыруға болатын еді.

1206 жылы тарихқа танымал заңдар жинағы — «Шыңгыс ханның жасасы» пайда болды. Бұл заң жаулап алынған елдердің бәріне қолданылып, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастарын реттеді. Әр өлкеде хан тұқымынан шыққандар билейтін ұлыстар құрылды. «Жаса» бойынша басыбайлық тәртіп орнатылды. Әскери және құқықтық тәртіпті бұзушыларга өлім жазасы қолданылды. Біртұтас салық жүйесі белгіленді.

Ұлттық құқықтық жүйенің орнығуы. Қазақ халқының ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы XV ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі Жәнібектің — баласы Қасым хан есімімен байланысты. Қасымның тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды.

«Қасым ханның қасқа жолы» бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде малға, мүлікке және жерге байланысты қатынастар баяндалады. Екінші бөлімде түрлі қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар тұжырымдалған. Үшінші бөлім — әскери қызмет атқару ережелеріне және әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаларға арналған. Төртінші бөлімге елшілік қатынастарды реттейтін нормалар — елшілерді тағайындау, басқа елдердің елшілерін қабылдау, шет мемлекеттер өкілдерімен келіссөз жүргізу рәсімдері енгізілген. Соңғы — бесінші бөлімде аруақтарға арнап ас беру, түрлі той-думандар, тағы басқа дәстүрлі шараларды өткізу тәртібі айтылады.

Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқыктық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскер тәртібін бұзушыларға қолданылатын жазаны қатайтты. Бұл жоңғарлардың шапқыншылық әрекеттерінен қорғану қажеттігінен туындаған еді. Қалған мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғүрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.

Қазақтың құқық жүйесіне келесі елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680—1715) болды. Ол «Жеті жарғы» деп аталған, өзіндік бір кодекс пішініндегі құқықтық нормалардың сындарлы тұжырымдарын жасады. «Жеті жарғыда» бірсыпыра жаңа, прогресті құқықтық ережелер бар.

Кек алудың «қанға — қан» деген түріне тыйым салынды. Кісі өлтірген немесе соққыға жығып, денеге жарақат түсірген жағдайда төленетін күнның мөлшері нақтыланды. Билік басындағы сұлтандар мен билердің өктемдігіне шектеу қойылды. Қоғамның кедей топтарының әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз ететін құқыктық нормалар енгізілді. Байлар кедей туыстарына сауын беруге, көші-кон кезінде көлік жағынан көмектесуге тиісті болды. Апатты жағдайға ұшырап, күйзеліп қалған адамдарға көмектесу міндеттелді.

  1. Құқықтың ұлттық  нышандарының  қандай  элементтерін қазіргі құқық жүйесіне енгізуге болар еді деп есептейсіздер?
  2. Қазіргі ұлттық құқықтық жүйеден орын алған мұсылмандық, монғолдық және қазақы элементтерді атаңыздар.

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 30