Қазақстан Республикасындағы сот билігі

148

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы сот билігі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасындағы сот билігі туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2)біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3)Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау;

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ-жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;

7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:Сот билігі. Сот билігі мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады. Оны республика атынан сот кана жүзеге асыра алады. Сот билігі азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін және Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік-құқыктық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады.

Сот билігінің азаматтыққа қатыстылығы. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша адам құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуы Қазақстан азаматтығына байланысты емес. Егер Конституцияда, заңдар мен халықаралық шарттарда өзге бір ескерту айтылмаган болса, республикада тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да республика азаматтарына тиесілі құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, соларға белгіленген міндеттерді атқарады.

Сот жүйесінің құрылымы. Конституция мемлекеттің бірыңғай сот жүйесі болуын көздейді. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі Жоғарғы сот пен жергілікті соттардан құралады. Жергілікті соттарға жата-тындар: заңмен құрылған облыстық және соларға теңестірілген соттар:

  • Астана қалалық
  • Алматы қалалық соттары,
  • Әскери трибунал
  • аудандық (қалалық) соттар.

Жеке адамға немесе белгілі бір әлеуметтік топтар өкілдеріне қарсы қуғын-сүргін жүргізу құбылыстарын болдырмау үшін қандай атаумен болса да арнаулы және төтенше соттар құруға Конституция тыйым салады.

Соттың мақсаты мен міндеттері. Азаматтар, шетелдік азаматтар, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер тарапынан басқа азаматтардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы жағдайында оларды соттар қорғайды.

Конституция сотқа өз нормаларының, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету міндетін жүктейді. Сот, ең алдымен, Конституцияның орындалуын қамта-масыз етуі тиіс. Бұл міндетті сот түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Солардың ішіндегі маңыздыларының бірі — нақты қылмыстық, азаматтық және басқа істерді қараған кезде Конституция нормаларын тікелей қолдану болып табылады. Сот төрелігін жүзеге асырғанда, қолданылып жүрген құқык нормаларының мәніне баға береді. Бұл конституциялық жағдай соттарды іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша олар мәлімдемелер жасағанда, түсініктер мен куәліктер бергенде, сотта сөйлегенде өз ана тілін пайдалана алуын қамтамасыз етуге міндеттейді.

Сот билігі азаматтық, қылмыстық және сот жүргізудің заңда белгіленген өзге де нысандары, мысалы, әкімшілік істер бойынша сот жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Кейбір әкімшілік құқықтардың бұзылуы сотта қаралады. Соттың шешімдері, үкімдері, қаулылары, заңды бұйрықтары, талаптары, тапсырмалары барлық азамат­тар, лауазымды тұлғалар, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттік органдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар үшін орындауга міндетті болып саналады. Сот шешімдерін орындамау заңды бұзушылық және сотты құрметтемеушілік деп саналады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымның лауазымды тұлғасы соттың үкімін немесе шешімін орындаудан бас тартқан жағдайда оған қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Соттың тәуелсіздігі. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша судьялар тәуелсіз және ауысты-рылмайды. Судьялардың тәуелсіздігі мен ауыстырыл-майтындығы сот төрелігін жүзеге асырғанда, істер қараганда олардың қызметіне ешкімнің араласа алмай-тындығынан, лауазымды орнынан ешкімнің босатып жібере алмайтындығынан және шешімді тек заңға сүйеніп қана шығаратындығынан көрінуі тиіс. Судья-лардың тек қана Конституция мен заңның ережелеріне бағынуы — олардың әрі кәсіби, әрі қасиетті парызы. Өзін өркениетті, салауатты деп есептейтін қоғам соттардың ісіне қол сұғуға ешқашан жол бермейді.

Конституция судьялар ісіне ешкімнің қол сұға алмайтынына кепілдік береді. Судьяны қамауға, әкімшілік орындарына алып барып, одан жауап алуға, оған сот тәртібімен істелетін әкімшілік шараларды қолдануға болмайды. Президенттің келісімінсіз судьяны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Жоғарғы соттың төрағасы мен судьялары Парламент Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Судьялар ауыр қылмыс жасаған болса немесе қылмыс үстінде ұсталған жағдайда ғана Президент пен Сенаттың келісімшсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Судья жөніндегі қылмыстық істі тек қана республиканың Бас прокуроры қозғай алады.

Судья лауазымын алғаш иеленгендер, қолдарын Қазақстан Республикасының Конституциясына қойып тұрып ант береді. Жоғарғы соттың судьялары, облыстық соттар мен соларға теңестірілген соттардың төрагалары антты Жоғарғы соттың пленумында береді. Қалған судья­лар судьялардың тиісті конференцияларында ант береді.

Сот төрелігі. Сот төрелігін заңдарға сәйкес және заңдардың негізінде тек соттар жүзеге асырады. Ешқан-дай басқа орган, ешқандай басқа лауазымды тұлға соттың қызметін өз міндетіне ала алмайды. Сондай-ақ әркімнің өздігінен билік жүргізуіне, өздігінен жаза қолдануына заңмен тыйым салынады. Сот лауазымына талапкер азаматтардың абыройы мінсіз болуға тиіс.

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру:   § 42