Мәдениет және оның қоғамдық ролі

262
Пән: Адам, қоғам, құқық Сынып: 9 б                                  Сабақ:  59                           Күні:

Тақырыбы: Мәдениет және оның қоғамдық ролі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Мәдениет және оның қоғамдық ролі туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Мәдениет деп нені айтамыз? Мәдениет ұғымы алғашында адамның табиғатқа ықпал етуін, табиғат күштерін бағындырып, өзінің көздеген мақсатына жетуін көрсетуге қолданылды. Мәдениет халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығын, адамның рухани ізденістерін, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандарын жинақтайды. Адамзаттың рухы, келбеті, еркі, бостандығы, тарихи санасы, жады, философиялық жүйелері, рәміздері, өмірлік сабақтары, діні, тілі, ділі, мұраты, бәрі мәдениетпен біте қайнасып жатыр.

Мәдениет — материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін адамның өмірі мен әрекетін ұйымдас-тыру тәсілі, қоғам мен адамның тарихи даму деңгейі.

Материальдық және рухани мәдениет жетістіктерінің жиынтығы мәдени игіліктерді құрайды. Оларға: техника мен құрал-жабдықтар, тұрмыстық мәдениет заттары, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар жатады. Мәдени игіліктердің ішіндегі ең елеулісі — көркемөнер. Көркемөнер — мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін факторлардың бірі. Көркемөнер адамды сұлулыққа ұмтылдырады.

Мәдени әрекет деп мәдени игіліктерді өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған әлеуметтік шараларды айтады. Мұндай игіліктерді жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде адамның мұқтаждары мен мәдени қажеттіліктері қарастырылады. Олардың қатарына мыналарды жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гуманизмге ынта және басқалары.

Мәдени орта — мәдениет туындыларын туғызатын, тарататын және пайдаланатын белгілі бір аумақта өмір сүретін әлеуметтік топ. Мәдени ортаның жалпы мәдени деңгейі жалпыадамзаттық мәдениет жетістіктерін пайдалану және өздерінің мәдени туындыларын өндіру мүмкіндігіне, топ мүшелерінің материалдық қамтамасыздығына, тіліне, діліне, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді. Мәдени орта мәдениеттің коммуникациялық қатынасымен байланысты. Ол заттық-материалдық игіліктермен жабдықталған ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады.

Материалдық мәдениет. Материалдық мәдениет адам өмірінің материалдық аяда қол жеткізген жетістіктерінің жиынтығынан тұрады. Оған адамның биологиялық өмірін қамтамасыз етуге қажетті игіліктер — азық, киім, баспана, еңбек және қатынас құралдары т.б. жатады.

Материалдық мәдениетке тарихи және мәдени ескерткіштер де кіреді. Республикамыз тарихи ескерткіштерге өте бай.

Бүгінгі күні 18,5 мың тарихи ескерткіш орындары анықталып отыр. Оның ішінде 13,5 мыңы құжаттандырылып, 3,1 мыңнан астамы мемлекеттік қорғауға алынды.  205 республикалық. дәрежедегі ескерткіштер бар.

Олардың ішінде Қорқыт-ата мемориалдық кешені, Орда ескерткіші, Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Ш.Уәлиханов кешені, Жидебай әдеби-мемориалдық корығы, Черкасск қорғаны бар.

Тарихи мәдени заттык мұраның бірі — Түркістандағы тайқазан. Қазанның сыртына араб әріптерімен үш қатар мәтін жазылған, онда Темірдің бұл казанды Қожа Ахметке арнағаны көрсетілген. Жазуда «Адамды сыйла, адамгершілікті әз тұт» деген сөздер бар. Шеберлік пен бейнелеу өнерінің үлгісі ретінде 1935 жылы Санкт-Петербургтегі Эрмитажға қойылған қазан 54 жылдан кейін, 1989 жылы қайта құтты орнына қайтарылды. Алты ғасыр жасаған тайқазанды құйған адамдардың астрономия, математика, физика, химия дан мол хабары болғандығы, металл өңдеу технологиясын жетік білгендігі көрінеді.

Рухани мәдениет. Рухани мәдениет белгілі бір қоғамда өмір сүріп жатқан адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау үрдісіндегі білімінен, білігінен, кәсіпқойлығынан, қадірінен, адамшылығынан, тәрбиелілігінен, зиялылығынан, қарапайымдылығынан көрініс береді. Сонымен бірге адамдардың сезім дүниесі, демократиялылығы, жүздесу мәдениеті рухани мәдениеттің элементтері болып табылады.

Рухани мәдениет деп жеке адамның білім қорын, меңгерген ғылымын, ақылын,  ойлау тәсілін, көркемөнерді игеруін, әлеуметтік- психологиялық біліктілігін айтамыз. Көркем әдебиет пен өнерді меңгеру, сұлулықты ажырата алу —жеке адамның руханилығының өлшемдері. Көркем әдебиет адамның эстетикалық талғамын, рухани және адамгершілік бейнесін қалыптастырады.

Мәдениеттің атқаратын негізгі функциялары. Қоғамда мәдениет төмендегідей маңызды функциялар атқарады:

Мәдениет адамды рухани қалыптастырады. Мәдениеттің бұл функциясы оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты. Жеке адам — өзі өмір сүріп жатқан қоғамның, нақтылай айтсақ, сол қоғам жасаған мәдениеттің туындысы.

Мәдениет сабақтастырушы функция атқарады. Қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады.

Мәдениеттің танымдық функциясы, негізінен, оның біліммен арақатынасынан туындайды. Білімділік — мәде­ниеттіліктің маңызды алғышарты. Дегенмен бұл екі ұғымның арасында белгілі алшақтык та бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін.

Мәдениеттің реттеуші функциясы оның адамның бойында болуға тиісті сапалықтарды барлық жағынан реттей алуынан көрінеді. Мәдениетті адам — білімі өз заманының деңгейіне, киімі сол кездегі сән үлгісіне, мінезі сол қоғамның адамгершілік талаптарына сай келетін адам.

Мәдениеттің коммуиикативтік функциясы мәдениеттің қоғамда атқаратын негізгі функцияларьшың бірі. Мәдени туынды қанша асыл болғанымен, егер ол рухани азық дәрежесіне белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам мекен етпеген үй қаңырап бос тұрады, пойыз жүрмейтін жол — жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап — шаң басып жатқан қағаз.

«мәдениет дегеніміз — адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі, мұның бәрі зор қоғамдық сипатта көрінеді». Мәдениет — рухани байлық, ол ешқашан материалдық пайданың көзі болуға тиіс емес.

Сұрақтар

  1. Мәдениеттің қоғамдағы рөлін қалай түсінесіздер?
  2. Мәдениеттің атқаратын  функцияларының  қайсысы  өте маңызды деп ойлайсыздар?
  3. Қазіргі кезде елімізде адам мәдени деңгейлері қай шамада деп ойлайсыздар?

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 51