Азаматтардың негізгі міндеттері туралы

70

Сабақ тақырыбы: Азаматтардың негізгі міндеттері туралы

Сабақ мақсаты: білімділік-оқушыларға адам құқығы, азаматтық,

олардың конституциялық-құқықтық мәртебесі,

адам және азаматтардың негзгі міндеттері

туралы түсінік беру

                               дамытушылық— оқушылардың өз бетімен оқып-үйренуі,

ойлау қабілеттерін дамыту.

                               тәрбиелік-оқушы бойында жауапкершілік приципін

қалыптастыру.

Сабақ түрі: ашық сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, кесте, оқулықпен, өздігінен жұмыс істеу.

Пән аралық байланыс: саясаттану, мемлекет және құқық теориясы

Көрнекі-құралдар: интерактивтік тақта, слайдтар

Сабақ барысы:

 

  1. Ұйымдастырушылық кезең.
  1. сәлемдесу.
  2. оқушыларды түгендеу
  3. сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.

 

  1. Үй жұмысын сұрау.
  1. Бұқара-ақпараттар, газет-журнал арқылы жаңалықтар дайындау.

 

  1. Берілген сұрақтарға жауап беру.
  1. Мемлекет дегеніміз не?
  2. Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы
  3. Азаматтардың экономикалық және әлеуметтәук құқықтар?
  4. Еңбек ету құқықтары қандай?
  5. Адамның саяси құқықтары мен бостандықтар қандай?
  6. Парламент қандайқызметтерді атқарады?
  7. Президент ?
  8. Демократиялық мемлекет деп қандай мемлекетті айтамыз?
  9. Қазақстан Республикасындағы Президент пен Парламенттің өзара қатынастары қандай?
  10. 1948 жылы қандай Декларация қабылданды?
  11. Конституция неше бөлімнен неше баптан тұрады?
  12. Қазақстан Республикасының азаматы қандай жағдайда беріледі?

 

  1. Терминдерді  еске түсіру.
  1. Республика-қоғамдық, жалпы халықтық ұғым
  2. Монархия-атадан балаға мұра ретінде қалдыратын билік
  3. Парламент-заң шығарушы орган
  4. Үкімет-атқарушы орган
  5. Президент-бекітуші орган
  6. Құқық-мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
  7. Конституция— мемлекеттік ата заң. Халықпен референдум арқылы қабылдау. Өзгерістер енгізудің ерекше тәртібі.
  8. Демократия— халық билігі
  9. Сот билігі-мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады, оны республика атынан сот қана жүзеге асыра алады
  10. Билік-мемлекет басқару органы
  11. Азаматтық-белгілі бір адамның нақты мемлекетпен тұрақты құқықтық байланысы ретінде қаралады

 

  1. Кесте толтыру

Қазақстан Республикасының азаматтығы

Азаматтық алу Азаматтығын тоқтату Азаматтыққа қабылдамау

 

  1. Негізгі бөлім: жаңа тақырыпты түсіндіру.

 

Жоспар.

  1. Конституция мен заңдарды сақтау.
  2. Азаматтың құқығы, бостандығы, қадір-қасиетін құрметтеу
  3. Меншікті пайдалану
  4. Қазақстан Республикасын қорғау.

 

1.Сабақ басында оқушылардың арнайы дайындаған қосымша материалдар оқылады.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  3. Мемлекет туралы

 

  1. Тақырып түсіндіріледі.

 

  1. Конституция-Қазақстан мемлекетінің негізгі заң, ол халықтың еркін білдіреді, мемлекеттің құқықтық негізін, азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайды және мемлекеттің халықты басқару қызметін айқындап береді.

Конституция бөлімдері:

  1. Жалпы ереже
  2. Адам және азамат
  3. Қ.Р.Президенті
  4. Қ.Р.Парламенті
  5. Қ.Р.Үкіметі
  6. Сот және сот әділдігі
  7. Қ.Р.Конституциялық Кеңес
  8. Өзін-өзі басқару және мемлекеттік басқару
  9. Қорытынды бөлім.

Азаматтың конституциялық міндеті республиканың заңын сақтау болып табылады. Бірінші жағынан, заң талаптарын бұзбау, қылмыс істемеу, әкімшілік жүктелген міндетті орындау. Екінші жағынан-өзіне жүктелген міндетті орындау деген сөз.

  1. Азаматтың басқа бір конституциялық міндеті-басқа адамдардың да құқығын, бостандығын, қадір-қасиетін құрметтеу.
  2. Мемлекеттің, барлық адамдардың мемлекет қаржыландыратын ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруі қаражатқа байланысты болғандықтан, мемлекет салық төлеу, салық жинау жұмыстарының маңыздылығына үлкен мән береді.
  3. Меншікті пайдалану. Меншіктің екі түрі бар: мемлекеттік меншік және жеке меншік. Мүліктік меншік дегеніміз құнды дүниелер және ол сапалы түрде пайдаланып отыру үшін жасалады.

Жеке меншік иесі өзінің мүлкін өз еркінше пайдалануға құқылы.

  1. Қазақстан Республикасын қорғау-ресрублика азаматтарының конституциядық қасиетті міндеті. Барлық азаматтары өздерінің әскери борышын өтеуге міндетті. Әскери қызмет-мемлекетке қызмет етудің ерекше түрі, ол республика азаматтарының Қарулы Күштер қатарында болып, тиісті әскери борышын өтеуімен де байланысты.

 

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ  19-БАБЫНДА: “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қайпартияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы”

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 39-БАБЫНДА: “адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығы, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген”

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 13-БАБЫНДА: “әр адамның өзінің бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген”

 

  1. Сабақты бекіту.

 

  1. Берілген жағдайларды талқылау.

 

  • Ерлі-зайыпты Галимовтар Қазақстан Республика азаматтары болып табылады. Бірақ олардың баласы дүниеге келген кезде олар Англияда оқуда болады.

Азаматтық алуда қиындықтар туа ма?

 

  • Ивановтар отбасы ҚР-ның елшілігіне оларға азаматтық беру туралы өтініш берді. Өздері еш уақытта Қазақстан жерінде тұрмаған, бірақ бұл жерде көп жыл бойы кәрі ата-анасымен отағасының ағасы тұрады.

 

Ивановтар отбасының азаматтық алу мәслесі қалай шешіледі?

 

  • Балалар үйінің жанынан нәрестелі бала табылды, оның ата-анасын анықтау жұмысы нәтиже бермеді.

 

Бала кім болып танылады: азаматтығы жоқ; ҚР-ның азаматы; шетел азаматы?

 

  • Қазақстан азаматы Мусин басқа елдің заң органына қызметке тұрды.

 

Оның азаматтық мәселесі қалай шешіледі?

 

  • Бір бай егде жасқа келген адам Аргентинадағы ҚР-ның елшілігіне келіп, азаматтық алу туралы өтініш береді. Тексере келе келесі жағдай анықталады: ол ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде ол Франция тұрғындарына қатысты қылмыстары үшін халықаралық сотпен өмір бойға сотталған нацистік қылмыскер екендігі анықталған. Оған азаматтылық беріледі ме?

 

  • Израилдік бизнесмен Израил азаматтығымен қатар Қазақстан азаматтығын беруді сұраған. Ол іс сапарлармен Қазақстанға жиі келіп, ұзақ мезгіл осында жұмыс істейді. Алайда ол бизнесіне кедергі келтірмес үшін израилдік азаматтылығынан бас тартқысы келмейді. Оған азаматтылық беріледі ме?

 

  • Малика Түркия азаматына тұрмысқа шықпақшы. Ал оның ата-анасы оған қарсы. Себебі, олардың ойынша Малика ҚР азаматтылығынан айрылып қалады және оның өз жанұясымен араласуы қиындауы мүмкін деп қобалжуда. Осы пікірмен келісесіңдер ме?

 

 

 

  1. Сабақты қорытындылау

 

  1. Кесте толтыру

 

 

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары

Азаматтардың өзіндік құқықтары Саяси құқықтар мен бостандықтар Экономикалық, әлеуметтік құқықтар
     

 

 

 

  1. Жорамал диктант
  2. Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жинтығын ……………………… деп атаймыз.  Адам тәртібінің  конвенционалды нормалары  деп ………………….. айтамыз. Құқықтың пайда болуы . ……………………. пайда болуымен байланысты. Мемлекет тарапынан заңдандырылған  және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесін ………………. деп атаймыз.  ………………….. – мемлекеттің  негізгі заңы.  Нормативтік құқықтық актілерге …………………. жатады.

 

            Қажетті сөздер: Этикет . Мемлекет . Құқық . Заң . Нормативтік  актілер.    

           Әлеуметтік нормалар Мораль

 

  1. Қазақстан Республикасының «саяси партиялар туралы» Заңы … жылы … шілдеде қабылданды.Саяси партиялар – азаматтардың, әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мақсаттарын жүзеге асыруда біріккен, өздерінің … … білдіруге бағытталған … бірлестіктер. Саяси партиялардың … атынан сөйлеуге құқығы жоқ. Мемлекеттің … партиялардың ісіне … араласуына жол берілмейді, саяси партиялардың … ісіне араласуына жол берілмейді. Парламент депутаттары, мемлекеттік қызметкерлердің саяси партияларда … … лауазымдық … атқаруға құқығы жоқ. Саяси партияларды мемлекеттік тіркеуді ҚР-ның … … жүзеге асырады. Мемлекеттік тіркеу үшін партияның құрамында кем дегенде … … мүшесі болуы қажет. Қазақстан Республикасында … партиялық жүйе қалыптасқан.

 

Қажетті сөздер: 2002, 15, көп, саяси, еркін, халықтың, саяси, заңсыз, мемлекеттің, ақы төленетін, қызмет, елу мың.

 

  1. Тест жұмысы

 

  1. БАҒАЛАУ

 

  1. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: тақырыпты оқу