Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі.

Сабақтың тақырыбы: § 3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің құқықтық мәртебесі, сайлану тәртібі және өкілеттігі туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мызғымастығын және тұтастығын құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсендігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы кімді баға жетпес құндылығы деп жариялайды?
  3. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың және тоқтатудың негіздерін атаңдар?
  4. Экономикалық және әлеуметтік құқықтарға қандай құқықтар мен бостандықтар жатады?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру
  6. Кестені толтырындар.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті.
  2. Қазақстан Республикасының Парламенті.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
  4. Қазақстан Песпубликасының Конституциялық Кеңесі.
  5. Қазақстан Республикасының сот билігі.
  6. Жергілікті мемлекеттік басқару.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің жоғары  органдары жүйесінде басты орын алды. Конституцияның 40- бабында сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

Президент болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, яғни Қазақстанда туған, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын республика азаматы сайлана алады. Қазақстан Республикасының Президентін халық жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

Қазақстан Республикасының сайланған Президенті Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап өз қызметіне кіріседі. Мемлекет басшысы өз қызметін тиімді атқару үшін Конституция мынадай талаптар белгілейді:

1) бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды.  Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды;

2) Президенттің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігінің аяси өте кең. Олар: Үкіметпен қатысты өкілеттігі, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы сот және жергілікті соттарға қатысты ерекше өкілеттіктері бар.

     Парламент – заң шығару қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ең жоғары өкілді органы. Ол екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан (Алматы) және республика астанасынан екі адамнан және тиісінше облыстың және Алматы қаласы мен республика астанасының барлық өкілдік органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттар құрайды. Сенат депутаттарының өкілдік мерзімі – алты жыл, бірақ сайланатын сенаторлардың жартысы үш жылдан кейін қайтадан сайланады. Сонымен қатар он бес депутатты Сенат өкілеттігі мерзіміне республика Президенті тағайындайды және олар әр жыл сайын қайта сайлануға жатпайды.

Мәжіліс 107 депутатан тұрады, Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың аумағында, республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған, Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған адам Сенат депутаты бола алады. Қазақстан Республикасының жасы Жиырма беске толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Парламент палаталарын өз депутаттарының арасынан сайланған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген Сенат пен Мәжіліс төрағалары басқарады..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет мүшелерінің құрамына:  Премьер-министр мен оның орынбасарлары, министрлер мен Қазақстан Республикасының басқа да лауазымды адамдары кіреді. Үкімет құрылымын министрліктер мен басқа да орталық атқарушы органдар құрайды.

Өз қызметінде Үкімет республика Президенті алдында жауап береді және оның өкілеттігі (жеті жыл) шегінде қызмет етеді, жаңа сайланған Президент қызметіне кіріскеннен кейін өз өкілеттігін тоқтатады. Өз қызметі мәселелері бойынша Үкімет елдің барлық аумағында күші бар қаулылар шығарады.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі – мемлекетіміздің барлық аумағында Конституцияның басымдығын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. Ол жеті мүшеден тұрады: Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен тағы ек мүшесін Республика Президенті; екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды және босатады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының экс-президенттері құқықтары бойынша Кеңестің ғұмыр бойы мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелерінің өкілеттік мерзімдері- алты жыл. Қазақстан аумағында тұруы; жасы отыздан кіші болмауы; жоғары заңгерлік білімі және заңгер мамандығы бойынша кем дегенде бес жылдық жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

    Қазақстан Республикасының сот билігін тұрақты соттар, сондай-ақ заңда көзделген тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізетін алқа соттар арқылы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесін Конституцияға және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» заңына сәйкес құрылатын Жоғары Сот пен жергілікті және басқа да соттар құрайды.

Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы заңмен судьялар мәртебесінің төмендегідей қағидаттары белгіленген:

  • Судьялардың ауыспайтындығы;
  • Судьялардың тәуелсіздігі;
  • Судьяларға қол сұқпаушылық.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 79- бабына сәйкес Республиканың 25 жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және біліктілік емтиханын тапсырған республика азаматтары судья бола алады.

Жергілікті мемлекеттік басқару ол тиісті аумақтағы жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатындағы, сондай-ақ жергілікті маңызы бар экономикалық-әлеуметтік және өзге де мәселелерді шешу жөніндегі жергілікті өкілетті органдар(маслихаттар) мен атқарушы органдар(әкімдер) жүзеге асыратын қызмет.

    Маслихаттар – тиісті аумақтарда тұратын азаматтардың еркін білдіретін және мүдделерін қорғайтын халықтың сайланбалы органдары. Жасы 25-ке толған Қазақстан Республикасының азаматы маслихат депутаты болып сайлана алады.

    Жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) – ол облыс, қала, аудан әкімі өз құзыры шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы орган.

Маслихаттар өз құзырындағы мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.

    Жергілікті өзін-өзі басқару – ол халқы ауылдық және қалалық қауымдастықтар мен олардың сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Конституцияның 89- бабында: «Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін болып жергілікті өзін-өзі басқару танылады» деп жазылған.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Қазақстан Республикасның мемлекет басшысы кім?
  3. Мемлекеттің қандай органы заң шығарушылық билікті жүзеге асырады?
  4. Қазақстан Республикасының жоғарғы атқарушы органы қалай аталады?
  5. ҚР-да сот төрелігін қандай органдар іске асырады, ол қалай жүзеге асады?
  6. Жаңа материалды бекіту:
  7. ҚР-сы Конституциясының үстемдігін қандай органдар жүзеге асырады? Кесте арқылы толтырындар.
  8. Үйге тапсырма: § 3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі.
  9. Бағалау: