Қазақстан Республикасының сайлау органдары.

114

Сабақтың тақырыбы: § 7. Қазақстан Республикасының сайлау органдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды Қазақстан Республикасының сайлау органдарымен таныстыру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. 2. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Сайлау еркіндігі дегеніміз не?
  3. Сайлауалды компаниясына кірер кездегі кандидаттар қызметінің кепілі қандай?
  4. Ішкі істер органдары және тұрғын үй қорын пайдалану ұйымдарынан сайлау комиссиялары нені талап ете алады?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру
  6. Ауылдық аймақтың әкімі тұрғындардың сайлауға міндетті түрде қатысуы туралы шешім шығарды. Әкімнің мұндай шешімі сайлау заңына сай келе ме?
  7. Сенат сайлауына депутаттыққ кандидат болған Ізбасовты жұмыс істеген мекемесі оны өз рұқсатынсыз басқа жұмысқа ауыстырады. Бұл дұрыс па?
  8. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру
Орталық сайлау комиссиясы

Елдегі сайлауларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік орган сайлау комиссиялары болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сайлау комиссиялары жүйесін Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) басқарады. Ол тұрақты әрекет ететін орган болып табылады және ел аумағында сайлау туралы заңның орындалуын бақылауды жүзеге асырып, Президент пен Парламент депутаттарының сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырады. Жалпы, бүкіл ел бойынша Президент пен Парламент депутаттары сайлауларының қорытындысын шығарады, сайланған депутаттарды тіркейді, заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Саяси партиялардың ұсынысы негізінде тиісті маслихаттар сайлайтын облыстық, аудандық, қалалық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады. Ол Президенттің, Парламент, мәслихат депутаттары мен жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруда және өткізуді қамтамасыз етеді; төмендегі аумақтық, округтік және учаскелік комиссиялар қызметін басқарады; Сенат депутаттары сайлауын өткізуді қамтамасыз етеді.

    Округтік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсынысы негізінде тиісті маслихаттар сайлайды және сайлау округтерінде Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Тікелей Мәжіліс депутаттарының сайлауын өткізуді, учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді. Округ бойынша сайлаудың қорытындысын БАҚ- та, т.б. жерде жариялауды белгілейді.

Учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсынысы негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Мәжіліс пен мәслихатдепутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауларын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді (учаскедегі сайлаушылар тізімін жасайды, сайлау күні учаскеде дауыс беруді және т.б. ұйымдастырады.

Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады және мемлекет қорғауында болады. Сайлау комиссиясының мүшелері комиссия отырысында сөз сөйлеуге, комиссия құзырына кіретін мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге, комиссия құжаттарымен танысуға, т.б. құқылы.       Сайлау комиссиясы мүшелерінің міндетіне:

  • Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, жалпы қабылданған әдеп нормаларын сақтау;
  • Азаматтардың сайлау құқығын және заңды тілектерін орындау және қорғау;
  • Шешім қабылдаған кезде шынайы және тәуелсіз болу.

Сайлау комиссиясының мүшесі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің мүддесін қорғауға құқығы жоқ және олардың шешімдеріне араласпайды. Сондай-ақ комиссия мүшесі комиссия орналасқан жердегі әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұруы керек.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Қазақстан Республикасында сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесін қандай орган басқарады?
  3. Қазақстан Республикасының сайлау комиссиясы қанша уақытқа сайланады?
  4. Қазақстан Республикасындағы сайлау комиссиясының түрлерін атаңдар.
  5. Жаңа материалды бекіту:
  6. Облыс әкімі облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін өзі тағайындады. Бұл заңға сәйкес пе?
  7. Үйге тапсырма: § 7. ҚР сайлау органдары.
  8. Бағалау: