Азаматтық құқық түсінігі, оның қайнар көздері мен қағидаттары.

354

Сабақтың тақырыбы: § 9. Азаматтық құқық түсінігі, оның қайнар көздері мен қағидаттары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Азаматтық құқықтың қайнар көздері мен қағидаттарының мәнін терең ашып көрсету.

Тәрбиелік: азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. 2. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Сайлау кезінде дауыс құқығын біреуге беру немесе сайлаушының басқа тұлға үшін дауыс
  3. Білімдерін жан- жақты тексеру
  4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Азаматтық құқық түсінігі.
  2. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.
  3. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасы құқық салаларының бірі. Құқық саласы ретінде ол мүліктік қатынастарды және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. Күнделікті өмірде азаматтардың арасында заңды тұлғалардың арасында белгілі бір қарым-қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар азаматтық құқықпен реттелетіндіктен азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Қазақстан Республикасының азаматы түрлі құқықтар мен бостандықтарға ие. Мысалы:

  1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы сақталуына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар.
  2. «Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хатының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және басқа жолдар мен берілген хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар…» (Қазақстан Республикасының Конституциясының 18-бабы)

Бұл құқықтарды жүзеге асыру тәртібі азаматтық құқықпен қосымша бекітілмесе, Конституция нормалары толық мәнінде қолданыла алмайды.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері дегеніміз- азаматтық-құқықтық нормалардан тұратын нормативтік-құқықтық акт.

Қазақстан Республикасында Азаматтық кодекс әрекет етеді. Азаматтық заңнама неден тұратыны Азаматтық кодекстің 3-бабында көрсетілген. Азаматтық кодекс екі: жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық кодекстің жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, Қазақстан   Республикасы Жоғары Кеңесінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Қаулысымен қолдануға енгізілген болатын.

Республикада азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін көптеген заңдар, заңға қосымша нормативтік актілер қабылданған және қолданымға енгізілген.

Азаматтық құқық қағидаттарға сүйенеді. Азаматтық құқық қағидаттары осы құқық саласы үшін азаматтық-құқықтық нормалар негізіне жататын едәуір маңызды идеялар дегенді білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі. Бұл қағидаттың мәні- азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің бір-біріне бағынбайтындығы, еріктілігі. Әкімшілік құқықтық қатынастарда азамат (заңды тұлға) мемлекетке бағынады. Азаматтық құқықтық қатынастарда азаматтар (заңды тұлғалар) мен мемлекет бір-бірімен тең дәрежеде қарым қатынасқа түседі.
  2. Меншікке қол сұғылмау. Меншік иесі заңмен шектелмеген кез келген мақсаттарға қол жеткізу үшін өз мүлкін жеке қалауы бойынша еркін пайдалануға құқылы (Азаматтық кодекстің 188-бабы). Бұл қағидаттың мәні кімді болса да мәжбүрлей отырып, меншігінен айыруға жол берілмейді дегенді білдіреді.
  3. Шарт жасасу еркіндігі. Азаматтық – құқықтық қатынастар субъектілері өз қалаулары бойынша кез келген келісім шарттарды жасауға құқылы.
  4. Азаматтық кодекстің 144- бабына сәйкес азамат жеке өмірінің құпияларын қорғауға құқылы.
  5. Құқықтарын қорғау. Субъектілердің құқықтары бұзылған жағдайда құқықтарын қорғау.
  6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  7. Азаматтық құқық ретінде нені түсінеміз?
  8. Азаматтық құқықтың қайнар көзі деп нені түсінеміз?
  9. Меншікке қол сұғылмауы мен шарт бостандығы қағидаттарының әрекет етуі неден көрініс тапқан?
  10. Жаңа материалды бекіту:
  • Кестені толтырыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Үйге тапсырма: § 9. Азаматтық құқық түсінігі, оның қайнар көздері мен қағидаттары.
  2. Бағалау: