Әкімшіліктің міндеттері.

89

Сабақтың тақырыбы:§ 17. Әкімшіліктің міндеттері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға қызметкер мен жұмыс берушінің өзара қатынастарындағы негізгілердің бірі қызметкер еңбегіне ақы төлеу керектігін түсіндіру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Еңбек жағдайлары дегеніміз не?
  3. Жұмыс уақыты қалай белгілнеді?
  4. Демалыс уақытына нелер жатады?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру
  6. Жексенбі және мерекелі күндері жұмыс істеуге жол беріле ме?
  7. Еңбек демалыстары жөнінде не айта аласыңдар?
  8. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Еңбекке ақы төлеу тәртібі.
  2. Еңбек ақыны төлеу орны.
  3. Еңбек тәртібі.
  4. Азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі.
  5. Кәмелетке толмағандардың еңбегі.
  6. Еңбек дауларын шешу.

Қызметкер мен жұмыс берушінің өзара қатынастарындағы негізгілердің бірі- қызметкер еңбегіне ақы төлеу. Еңбекке ақы төлеу- еңбекақы деп аталады.

Еңбекақы төлеудің негізгі жүйесі-мерзімді немесе кесімді болады.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес еңбекке бірдей сыйақы белгіленуге тиіс.  Әркімнің «еңбегі үшін кемсітусіз сыйақы алуына» (ҚР констит-ң 24-бабы, 2-тармағы) құқығы бар.

Еңбекақы төлерде лауазымы мен қызметкер атқаратын еңбек қызметінің көлемі, оның біліктілігі ескеріледі.

Мерзімінен тыс жұмыс, жексенбі және мерекелі күндердегі жұмыс, түнгі уақыттағы жұмыс үшін төлемнің көтеріңкі мөлшері ескеріледі.

Еңбекақы төлеу күндері жеке, ұжымдық еңбек шарттарында көрсетіледі. Еңбек кодексінің 134-бабына сәйкес еңбек жалақысы ҚР—ның ұлттық валютасымен ақшалай нысанда, келесіайдың бірінші он күндігінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қызметкер белгіленген еңбек тәртібін сақтауға тиіс. Егер қызметкер еңбек тәртібін бұзса, онда мәжбүр ету әдістемесі қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза белгілеу шаралары арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс беруші ескерту жасауға, сөгіс жариялауға құқықты. Оның Еңбек кодексінің 54-бабына сәйкес еңбек шартын бұзуға құқығы бар.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 20 маусымынан «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы қолданып келеді. Зейнетақымен қамтамасыз ету ҚР    Конституциясына да негізделген, оның 28-бабының 1-тармағына сәйкес: «Қазақстан Республикасының азаматы зейнет жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуынауына кепілдік беріледі».

Жалпы тәртіп бойынша зейнеткер болып 63 жасқа толған ер адам мен 58 жасқа толған әйел адам есептеледі.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің жеке жүйесі бойынша, жұмыс беруші жинақтаушы зейнетақы қорын жұмысшыға есептелетін жалақының 10%-ын аударып отырады.

Жалпы тәртіп бойынша ҚР-да кәмелетке толғандардың еңбегі пайдаланылмайды.Жеке еңбек шартын жасауға,

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

Сөзжұмбақ

 

з е й н е т а қ ы

з а ң

е ң б е к а қ ы

м е н ш і к

к ә с і п о д а қ

 

 

  1. Жаңа материалды бекіту:
  2. Еңбекақыны төлеу қалай жүзеге асырылады?
  3. Зейнеткер дегеніміз кім?
  4. Кәмелетке толмағандар еңбек қатынасына кіре алады ма?
  5. Үйге тапсырма:§17. Әкімшіліктің міндеттері.
  6. Бағалау: