Қоғамдық қауіпсіздікпен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама

54

Тақырыбы: Қоғамдық қауіпсіздікпен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға қоғамдық қауіпсіздікпен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар

  • Меншікке қарсы қылмыстар дегенді қалай түсінесің?
  • Ұрлықтың қандай нысандары бар?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз —  азаматтардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және өзгеде құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жалпы қауіп — қатер көздерін сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

         Қоғамдық қаупсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын барлық қылмыстарды мынадай топтарға бөлуге болады:

  • Заңда терроизм – адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру, не қауіпті басқа зардаптардың болу қауіпің төңдіретің жарылыс жасау, өр қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау деп айқындаған.
  • Бұзақылық деп – ең алдымен, қоғамды анық құрметтеушілікті білдіретін азаматтарға қарсы күш қолдаумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен.
  • Бөтеннің мүлкін жою – мүлікті толықтай жарамсыз етуді, ал бүлдіру – мүліктің тұтастығын бұзуды білдіреді.
  • Тағылық деп – мәдени және материалдық құндылықтарды мағынасыз бүлдіруді, сәулет, мәдениет, өнер туындыларынан жасалған тағылық пен қатыгездікті білдіреді.
  • Қорлау деп – ғимараттарды немесе өзге де құрылыстарды неше түрлі жазулармен, суреттермен немесе белгілермен бедерленген тағылықты айтады.
  • Мүлікті бүлдіру деп – оны қоғамдық көлікте немесе басқа да қоғамдық орындарда бүлдіруді айтады.

Сабақты қорытындылау: бұл қылмыстарға Қылмыстық кодекстің жеке тарауында қарастырылған және оларды жасағаны үшін айыппұлдан бастап, өлім жазасына дейінгі жазалар көзделген.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §19, 105- 110бб. Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.