«Сын тұрғысынан ойлау» модулі бойынша коучинг ЖОСПАРЫ

1038

 

«Сын тұрғысынан ойлау» модулі бойынша коучинг ЖОСПАРЫ

Сабақтың тізбегі Оқу үдерісін бағалау
1 Жалпы мақсаты Коуч сессия қатысушыларына сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерімен танысу тәжірибеде қолдана білуге бағыттау.
2 Күтілетін нәтиже Коуч сессия қатысушылары сын тұрғысынан ойлау технологиясының әр түрлі әдістерімен оқыту үдерістерінде әр түрлі технологияларды мақсатты қолдануды біледі.
3 Түйінді идеялар Баланың не үйренгені туралы сын тұрғысынан ойлау
4 Материалдар және ресурстар компьютер, проектор,  оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар,   А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер, түрлі-түсті үйлестірме суреттер мен сөздер.

 

Сабақтың барысы
Коучинг сессияны өткізу кезеңдері Мерзімі Мұғалім және коучингке қатысушылардың іс-әрекеттері
Сәлемдесу 1 мин Коуч тақырып және оның мақсатымен таныстырады.
Сергіту сәті 2 мин Коучинг сессия қатысушыларға ең алдымен психологиялық  жағымды ахуал қалыптастырып, сабақты бастарда:

Сәлеметсіздер,  ме ?

•         Көңіл- күйлеріңіз  қалай?

•         Топтасып, жұптасып, жеке жұмыс істеуге дайынсыздар ма ?

•         Сабақ бастауға дайынсыздар ма?

•         Үйренуге дайынсыздар ма?

•         Жаңалыққа дайынсыздар ма?

Шағын топқа бөлу 3 мин Коучинг қатысушыларды  шағын топқа бөлу.

Топ ұстанымын құрғызып, коучинг қатысушыларды жауапкершілікке  шақыру. Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін  құрып, таныстырып, тұстарына іледі.

Жаттығулар 8 мин Коучинг қатысушылары «Боз орамал» атты роликті көре отырып, сол оқиғаны әрі қарай өрбітеді.
Түйінді идеялар 3 мин Тапсырманы орындау барысында қандай әрекеттер жасадыңыз?  Осы сөйлемдерді құрастыруда қандай қабілетті пайдаландыңыздар?
Презентациялар таныстырылымы 5 мин Оқушылардың сын тұрғысынан ойлануының негізгі ерекшеліктері туралы анықтама беру:

1.     Ұтымдық;

2.     Сыңаржақтылықтың болмауы;

3.     Пайым;

4.     Тәртіп;

5.     Өзіндік сана-сезім;

Жеке жұмыс 3 мин 10 тапсырма жазылған парақшамен жұмыс
Топпен жұмыс 15 мин 6 қалпақ әдісі бойынша 1.EXPO 2017

2.Олимпиада

Тақырыптары бойынша «Бірге ойланайық» постер жасау

 

Рефлексия 2 мин

 

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясына сүйене отырып коучинг сессияның ең жақсы жетістігі және жіберген кемшілігіне ұсыныс айту .

 

Қорытындылау 5 мин Коучинг сессия қатысушыларға сабақ соңында «мен бүгінгі сабақ жайлы не білемін?» смайлик арқылы өздерінің сабақты қаншалықты меңгергендерін көрсетеді. Коучинг сессияны талқылау, стикерлерге кері байланыс жаздыру.