Сабақтың тақырыбы: Баланы оқыту — «сыртқы реттеуден» «өзіндік реттелуге» ілгерілеу үрдісі

144

Коучинг жоспары

Апта 2-апта Күні  6.11.14 Сабақ №3
Сабақтың тақырыбы: Баланы оқыту  — «сыртқы реттеуден» «өзіндік реттелуге» ілгерілеу  үрдісі
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

 

Мақсаты Өзін-өзі реттеу  немесе өз бетімен үйренудің дәлелі болып табылатын балалардың мінез құлқының практикалық үлгісімен бөлісуге шақыру, Оқушылардың оқудағы кедергілерді өз бетінше шешуіне мүмкіндік беріп, қолынан келетіндігіне сенім білдіру – ұстаз міндеті екенің ұғыну

 

Топтарды құру 3 минут. Сандар реті бойынша екі топқа бөлінді
Кіріспе тапсырмалары 2 топқа сұрақ:

1.Тауға қалай шығуға болады? Бірден таудың шыңына шығуға бола ма?

2.Адам жақсы өмір сүру үшін,еңбегі табысты болуы үшін не істеу керек?

7 минут

«Сергіту» тренинг  « Наполеонның кейіпі»  жаттығу

слайд

теория •         өзіндік реттелу, танымдық: метатану

•         эмоциялық: эмоциялық зият

•         әлеуметтік: ақыл теориясы

•         ынталандырушылық: шеберлікке бағытталған

«өзін- өзі реттеу» презентация

 

5 мин

 

1  Тапсырма  Өзін өзі реттеу моделін құру постер  қорғау. 10 минут
Тапсырманы бағалау. Әр топтың пікірі арқылы бағалау.(қол шапалақтай отырып, мадақтау)

 

3 минут
 

Тапсырма №2

 

 

Көбелек сабағы презентация

Ой қозғау

 

 

5 минут

 

Қорытынды

Реф-ия

 

Стикерлерге өз ойларын , ұсыныс, тілектерін жазу

-әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын пісіру”

 

5 мин
Келесі (қосымша оқу) Презентация МАН

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивтік есеп

Коучингке өз қалауымен  барлығы 11 мұғалім қатысты.

   Коучингтің негізігі мақсаты: Өзін-өзі реттеу  немесе өз бетімен үйренудің дәлелі болып табылатын балалардың мінез құлқының практикалық үлгісімен бөлісуге шақыру, Оқушылардың оқудағы кедергілерді өз бетінше шешуіне мүмкіндік беріп, қолынан келетіндігіне сенім білдіру – ұстаз міндеті екенің ұғыну

Мұғалімдер сандар бойынша екі топқа бөлінді.

Коучинг кезеңдері слайд арқылы көрсетіліп отырды.

1 кіріспе тапсырмада екі топқа сұрақтар берілді:

1.Тауға қалай шығуға болады? Бірден таудың шыңына шығуға бола ма?

2.Адам жақсы өмір сүру үшін,еңбегі табысты болуы үшін не істеу керек?

Берілген сұрақтар бойынша топ мүшелері ойланды, ойларын  ортаға салды.

1 топтан бастауыш мұғалімі  Ақмарал шығып, топтың атынан өз ойын ортаға салды.

2 топтан  химия пәнінің мұғалімі  Гулдана шығып, берілген сұраққа жауап берді

Әр топ қарсы топтардың жауаптарын бағалады. Содан кейін, слайд арқылы сұрақтарға жауап көрсетілді. Жауап  2 топ мүшелерінің жауаптарымен сәйкес келді.

 

Сергіту сәті  

Наполеонның кейіпі»  жаттығу

Қатысушыларға үш түрлі қозғалыс :

қолды кеуде тұсында айқастыру,

ашық алақанмен қолды алға созу,

түйілген жұдырықты қол  көрсетіледі.

Жүргізушінің «Бір, екі, үш! », командасы бойынша: қатысушылар өзіне ұнаған кейіпті көрсету керек (ұнағанын). Мақсатымыз барлығы немесе көбі бірдей қалып көрсеткені.

Жаттығуды орындау:

Бұл жаттығу сіздің жұмысқа қаншалықты дайын екендіктерңізді көрсетеді. Егер де көпшілігі алақандарын көрсетсе, онда, бұл олардың жұмысқа дайындығын көрсеетеді. Жұдрық агрессияны, Наполеон қалыбы – тұйықтық немесе жұмыс жасағысы келмеушілікті көрсетеді.

Бұл жаттығуда  1 мұғалім- наполеон қалыбын, бір мұғалім –агрессияны көрсетті, қалғандары (көпшілігі) алақандарын көрсетіп, жұмысқа дайындығын көрсетті.

Яғни, көпшілігі жұмысқа дайын деген сөз.

теория

өзіндік реттелу, танымдық: метатану

эмоциялық: эмоциялық зият

әлеуметтік: ақыл теориясы

ынталандырушылық: шеберлікке бағытталған

«өзін- өзі реттеу» презентациясы арқылы теориялық мәлімет берілді

 

2 тапсырма. Өзін өзі реттеу моделін құру постер  қорғау

 

 

Ой қозғау

Көбелек сабағы презентация

 

 

 

Бұл көбелек сабағы мұғалімдерге  ой салды. Осы сабақты көріп отырып, сабақ беруде мұғалімдер  шыдамдылық, төзімділік танытып, оқушылардың  тапсырманы өздігінен орындауына, проблемадан өздігінен шығуына мүмкіндік беру қажет екенің, оларға әрқашанда сенім білдіру маңызды екенің түсінді. «Сыртқы реттеудеден»,  «өзіндік реттелуге»  ілгерлеу біздің басты мақсатымыз екенің, соның нәтижесінде оқушы бойында өзіне деген сенімділікті, табандылықты, шыдамдылықты қалыптастыра алатынымызды түсінді.

Қорытынды.  Рефлексия

Мұғалімдер өз ойларын, тілек, ұсыныстарын стикерге жазып қалдырды.

Болашақта айтқан ұсыныстарын ескере отырып,  коучинг өткіземін.