Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.Көшбасшылық

120
Күні 06.11.2014 ж
Тақырыбы Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.Көшбасшылық
Жалпы мақсаты Топтық жұмыстың тиімділігін түсіндіру.

Топ ережесін шығару.

Оқу нәтижесі Топтық жұмыс туралы  және Джигсо әдісі жайлы мәлімет алады;

Топтық жұмыстың маңыздылығы жайлы ой қорытады;

Терминдерге түсініктеме бере алады;Топ ережесін жасап шығарды.

Түйіндеме Топтық жұмыс- нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттестік құрылымы;

Топтық жұмыс – Бұл бәсекелестік емес ынтымақтастық.Джигсо әдісі ауқымды материалдарды игеру тәсілі.

Ресурстар Проектор, интерактивті тақта, топтық жұмыс бойынша карточкалар, суреттер, сызбалар, постер.
Жаттығу Топтарға  а) Топтық жұмыс туралы ереже оқылды;

б) Интерактивті тақта арқылы мәтінді көрсету;

в) Ролдік ойын.

Уақыты Тренер әрекеті Тыңдаушылар әрекеті Бағалау Диференция
1300-1305 Топқа бөлу, сәлемдесу Тапсырмалар арқылы топқа бөліну. Топтағы мұғалімдердің қарым-қатынасын бақылайды
1305-1315 Психологиялық қолайлы ахуал орнату. Бейнежазбадағы биді бірге қайталау.Постер қорғау. Топтық жұмыс дегеніміз не? Бейнежазбадағы биді бірге қайталады.

Постер қорғады.

Сыныпта психологиялық қолайлы ахуал орнайды.
1315-1345 Мәтінмен жұмыс жасау. (Егер оқушылар болса  тақырып мәтінімен жұмыс жасайды) Оқылым. Джигсо әдісінің маңызы Джигсо әдісін қолданудың  нәтижесі қандай болатыны жайлы сұрақтар қойылады.
1345-1400 Түсінгенін топ болып қорғау Топ болып  қорғайды Жауабына байланысты пікір айтылады
1400-1410 Топтағы ролдермен таныстыру Өз ролімен жеке танысады
1410-1425 Жұптық, топтық талқылау Өзара талқылайды,топта түсіндіреді. Талқылау барысын бақылау

1425-1430

Кері байланыс,  жазбаша Стикерге  сабақ туралы өз ойларын жазады. Формативті бағалау білімді қалыптастырады, ынталандырады