Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері

171

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың тыныс белгілерінен алған білімдерін тиянақтау, оқушы білімін сарапқа салу, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, сауаттылықтарын арттыру.

Дамытушылық: түрлі тапсырмалар, танымдық ойындар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, ынтасын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: орындалатын тапсырмалар арқылы оқушыларды елжандылыққа,  еңбекқорлыққа, жылдамдыққа үйрету, тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ – жауап, графикалық диктант,  топтық, жекелеме, сәйкестіндіру тесті,

Көрнекілігі: флипчарт, қима қағаздар, флипчарт қағазы.

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеп, кезекші мәліметтерін тыңдап, оқушы назарын сабаққа аудару.

Оқушыларды үш топқа бөлу.

  1. Психологиялық дайындық.

Мынау — менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау — басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау – менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

III. Үй тапсырмасын тексеру.

Сөздерге ы, і дыбысын қосып жаз.

Доп, қолғап, кітап, ұршық, тарақ, оймақ, күрек, шелек, көбелек.

— Сөздер қандай өзгеріске ұшырды?

  1. Тірек білімді еске түсіру.

“Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны

  1. Сөйлем аяқталған ….… (ойды білдіреді).
  2. Сөйлем сөзден ………… (құралады).
  3. Сөйлемдегі сөздер .… (бөлек жазылады).
  4. Сөйлемнің бірінші …… (сөзі бас әріптен басталып жазылады).
  5. Сөйлемнің соңына ……(нүкте қойылады).
  6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).
  7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады).
  8. Көркем жазу.

Қосарлы дауыссыз дыбыстар.

  1. Негізгі бөлім.

Үш топқа координаттарды тарату.

I топ

 

5 е (2;2)
4 ү (3;4)
3 к (1;3)
2 н (5;1)
1 т (4;5)
1 2 3 4 5

 

II топ

 

6 с (1;2) (1;2)
5 і (6;3) (4;1)
4 п (3;4) (5;5)
3 б е (4;6)
2 л (2;3) (5;5)
1 г (6;3)
1 2 3 4 5 6

 

III топ

 

6 у (2;2) (6;5) (2;2)
5 і б (3;4) (4;3) (4;5)
4 л ұ (5;3) (1;4)
3 е р (1;1) (6;1)
2 с (1;6) (4;5)
1 а г
1 2 3 4 5 6

 

— Қандай сөздер шықты?

— Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай екен?

— Біздің мақсатымыз сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері туралы білімдерін практикада қолдана білуге үйрену.

 

 «Мен тыныс белгісімін» қойылымы

 

Ілебай: Сен неге осы айғайлай бересің?

Сөйлемге қандай мағына бересің?

Жөн — жосығыңды түсіндірші,

Жазуда қандай жерде келесің?

 

Леп белгісі: Мен ылғи айғайлай бермеймін,

Қуана да, күле де білмеймін.

Кейде өкініп, ренжісем де,

Көбінесе — ақ көтеріңкі, көңілді жүрем.

Әр іске көңіл күйін білдіріп,

Табысымызға таңданып,

Шаттана күлем!

Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс берем,

Сондай сөйлемдердің соңында келем.

 

Нүкен мен Нүкте

 

Нүкен: Ей, кішкентай ғана Нүкте!

Сенің осы керегің жоқ — ау түкке!

Керек болсаң айта қойшы,

Сырыңды менен бүкпе.

 

Нүкте: Мен сөйлемнің соңында тұрам,

Солында емес, оңында тұрам.

Сөйлемдердің жігін ажыратып,

Кідіріс белгісі орнында тұрам.

 

Оқулықпен жұмыс.

— Оқулықтың 71 бетіндегі 190-жаттығуға назар аударайық.

— Мәтін кім туралы?

— Пошташы деген кім?

— Ол туралы тағы не білесіңдер?

— Ал бұрын хаттарды қалай жіберетін?

— Лепті сөйлемдерді теріп жазайық.

— Бұл сөйлемдерді біз қай сабақта талдағанбыз?

 

VII. Топтық жұмыс.

1 топ. Берілген сөздерден сөйлем құрап, тиісті тыныс белгісін қойып жаз.

ұзын, керіктің, мойны.

барамыз, ура, ертең, циркке.

2 топ. Берілген  хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.

Айнұр сабақтан сұранып кетті.

Жаңбыр нөсерлетіп жауды.

3 топ. Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап. «Үйлер» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Қалада сәнді үйлер көбейді.

 

VIII. Сабақты бекіту.

 

Сәйкестендіру тесті

Қасқырдың төлі не?

Мал жайылды.

Хабарлы сөйлем                 Жүйрік озады

Сұраулы сөйлем                 Мысық қалай дыбыстайды?

Лепті сөйлем                       Өркенің өссін, қарағым!

Тау алыстан көрінеді.

 

  1. Графикалық диктант.

Берілген сызбалар бойынша сөйлемдер құра.

          .
           
          ?
           
          !
           
  1. Рефлексия.

Сабақтағы өз жұмысыма ризамын (онша риза емеспін, мүлдем риза емеспін), өйткені …

Бүгінгі сабақта мен … үйрендім.

Маған … қиын болды.

Мен … түсіндім.

Маған … қызықты.

  1. Үй тапсырмасын беру.

194-жаттығу. 72 бет.

Сурет бойынша әңгіме құра. Әңгіменде сұраулы, лепті сөйлемдер болсын.

XII. Бағалау.

 

 

Аты-жөні Үй тапсырмасын тексеру Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс Сәйкестендіру тесті Графикалық диктант Ереже айту Қорытынды баға
1
2
3
4
5