15+28,43-15 түріндегі қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдері

54

Сыныбы: 2 «Ж»

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: 15+28,43-15 түріндегі қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: 1)Разрядтан аттау арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерімен таныстыру; өтілген тәсілдерді пысықтау, оны есеп шығаруда дұрыс қолдана білуге үйрету.

2)Есте сақтау, логикалық ойлау, ақпаратты-танымдық қызығушылығын ояту және ізденымпаздыққа жетелеу қабілеттерін дамыту

3)Білімділікке, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: Музыка, еңбек, әдебиеттік оқу

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, хат, почта, Алдар көсе, мультфильм,үлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Мақсатымыз-білім алу

Міндетіміз – еңбектену

Еңбектену арқылы

5-ке қолды жеткізу

  • Орындарыңа отыра қойыңдар. Бүгінгі сабақта барлықтарың 5 алуларыңа тілектеспін.
  • Тез-тез дәптерімізді жинап шығайық. Үй тапсырмасын дәптерлеріңнен тексеремін.
  • Бүгінгі күн ретін жазып, 321-ден бастап өсу ретімен көркем жазып шығайық.

321   322   323   324   325   326   327   328   329   330     

(Алдаркөсе кіріп келеді)

  • Мен Алдармын, Алдармын

Сақалым болса талдармын

Сақал түгіл мұртта жоқ

Шайтанды да алдармын

  • Өй мен қайда келдім өзі?
  • Бұл 2 Ж сыныбы. Ал сізге кім керек?
  • Маған сіздер керексіздер! Ой жақсыыыыы болды. Маған көмек керек болып тұр еді. Маған математикадан көмектесіңіздерші, осы математиканы түсінбей-ақ қойдым. Ал мен байдың үйіне барып қарнымды тойдырып келейін. Міне, қоржыным осы қоржынға жауаптарыңды сала беріңдер…
  • Балалар, сендер Алдарға көмектескілерің келе ма?
  • Олай болса, жаңа тақырыпты жақсылап түсініп алсаңдар, Алдарға оп-оңай көмектесеміз.
  • Ал ендеше тақтаға назар аударайық.

 

Ондықтар Бірліктер

 

 

  • Мынау ондықтар, мынау бірліктер.
  • Біріншісінде неше ондық көріп отырсыңдар? 1
  • Екіншісінде ше? 2
  • Енді бірліктерін қарайық, біріншісінде неше бірлік? 5
  • Екіншісінде ше? 8
  • 15+28 ауызша қосқан ыңғайлы ма? Онда тағы қалай қоссақ болады?
  • Яғни, баған түрінде жазамыз.
  • Осыдан қандай тұжырымдама жасауға болады?
  • Ондықтарды ондықтарға, бірліктерді, бірліктерге қосамыз.
  • Түсінгендеріңді байқау үшін, балалар, тақтаға шығамыз және Алдардың қоржынын толтыруды да ұмытып кетпейік…

№2. Есепте: (3 қатарға бөліп беру)

 

А) 36+28=64

37+18=55

95-8=83

54+28=82

34+58=92

100-37=63

67-59=6

92-56=36

18+64=82

78+17=95

72-26=46

78-49=29

 

 

 

 

 

Б)3дм5см+2дм7см=6дм 2см

9дм4см-7дм5см=1дм9см

5дм3см+3дм9см=9дм2см

35см+27см=62см

94см-75см=19см

53см+39см=92см

 

  • Балалар, біз мұнда есеп шығарып жатырмыз, ал Алдардың не істеп жатқанын көргілерің келе ме?

(Мультфильм көрсету)

  • Балалар, біз жаңа ғана не көрдік?
  • Мультфиль дегеніміз анимация көмегімен жасалған суреттер. Яғни, сурет салынса сол суреттегі бейнені қозғалтады.
  • Мульфильдерді біз тағы қай жерден көре аламыз?
  • Ал теледидардан тағы не көре аламыз?
  • Фильм дегеніміз не?
  • Фильмдерге арналып арнайы сценарийлер жазылады. Оны адамдар рөлге кіріп ойнайды.
  • Фильмнің қандай түрлерін білесіңдер?
  • Күлкілі фильмдер, фантастикалық яғни қиялдан туған фильмдер т.б.

№3.

Күлкілі ф – 27

Фантастикалық ф — ? 15 артық

Барлығы — ?

27+(15+27)=69

Ж: Фантастикалық ф 42, Барлығы 69 ф

  • Ал,енді балалар сендерге шығармашылық тапсырма. 3 а-сын екі амалмен шығардық, ал енді осы есепті өзгертіп, 1 амалмен шығатындай етіп сұрағын өзгертуіміз керек.

 

Күлкілі ф – 27

Фантастикалық ф -?15 артық

27+15=42

Жауабы: Фантастикалық фильм 42

Сергіту сәті.

Геометриялық фигурадан құрастыру.

-Балалар, сендер бағанадан бері өте жақсы жұмыс істеп жатырсыңдар. Осы жетістіктерімізді Алдарға көрсетсек қайтеді? Олай болса, Алдаркөсеге хат жолдайық. Поштаға салу.

Топтық жұмыс

№4

1.Асқар д хат, ал Арман одан н хат артық жазды. Олар барлығы неше хат жазды?

Д+(д+н)

2.Асқар д хат жазды, бұл Арманға қарағанда н хат артық. Олар барлығы неше хат жазды?

 

Д+(д+н)

3.Асқар д хат, ал Арман н хат жазды. Думан Асқар мен бірге неше хат жазса, сонша хат жазды. Олар барлығы неше хат жазды?

(д+н)+(д+н)

№5.

Балалар, бұл жерде Алдардың үйін қоршауға көмектесуіміз керек.

Жерді қоршау үшін неше метр дуал қажет.

 

 

 

 

Жауабы: 26 м қажет.

Қорытындылау.

Тест алу.

1. 32+29 неге тең? А) 51

Ә) 61

Б) 58

2. 94см-12см неге тең? А) 82см

Ә) 82

Б) 72см

3. 56-9 неге тең? А) 47

Ә) 46

Б) 48

4. 85-х=60 А) х=10

Ә) х=9

Б) х=25

5. Өрнек құрастыр және оны тап: 65 санынан 20 мен 14 сандарының қосындысын азайт А) 65+(20-14)

Ә) 65-(20+14)

Б) 65-(20-14)

 

Мадақтау, бағалау.

 

 

Оқушының аты-жөні

№2 №3 Ш.т. №4 №5 Тест Бағасы
                 

Үйге тапсырма беру: №6, 179 — бет