Сөз таптары

70

ШҚО.Ұлан ауданы Айыртау ауылы

Гагарин атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Мұхамадиева Бақытжан Даутхановна

Қазақ тілі 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: сөз таптары туралы жалпы мағлұмат беру, таныстыру меңгерту
  • Дамытушылық: Оқушылардың білім, білік , дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, сөз қорын молайту
  • Тәрбиелік: Оқушыларды бірін – бірі зер салып тыңдауға құрметтеуге, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану

Сабақтың көрнекілгі: Кестелер, слайдтар, плакат, тірек сызба

Сабақтың барысы:

Үйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау меныің сол қолым,

Барлық істі басқарған.

Жүрегімде жылу бар,

Алқаннан сезінер

-Балалар қазір бізге кемеңгер ғұлама ақындардың тілі – туған тіліміз қазақ тілі.

-Бүгін біз қазақ тілі сабағында жаңа граматикалық ұғыммен танысамыз

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

“Лото” ойыны

1 2 5 1 1 3 1 1 3 4
8 4 9 4 6 60 9 6 4 6

С          Ө          З           Т           А         П          Т           А         Р          Ы

Ендеше біздің сабағымыздың тақырыбы, “ сөз таптары ”, яғни біз сөз таптары туралы білгіміз келген екен.

 

Б Б Б – стратегиясы Кестені толтыру

Білемін Білгім келеді Білдім
Сөз

Сөз мағанасы

Сөз құрамы

Заттың атын,

қимылын,

сынын,

санын білдіретін

сөздер

Сөз таптары

 

  • Нені білгіміз келды?
  • Сөз таптары

Тірек сызба арқылы түсіндіру.

 

Сөз таптары

Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
 

Заттың

Атын білдіреді Қимылын білдіреді

 

Түрін, түсін білдіреді

 

Санын білдіреді

 

Сұрақ- тары

 

Кім? Не? Кімдер? Нелер?

 

Не істеді? Қайтті? Неғылды?

 

Қандай?

Қай?

 

Қанша?

Неше?

Нешінші?

 

Дәптермен жұмыс

Әдемі жазу сәті

Жұлдыз, көк, тау, ата, екі, оқыды, үлкен, ақын, жуынды, жеті, отыз, жасыл.(сөз табына талдау,сөйлем құрау)

Көк туым желбіреді. Елтаңбада жұлдыз жарқырайды.

Оқулықпен жұмыс. 370- жаттығу

 

“Бестармақ ” құрастыру

( топпен жұмыс)

Ауылым                                                    Көктем

  1. Ауылым                             көктем
  2. Көркейді,үлкейді                 келді, басталды
  3. Көрікті , үлкен шуақты ,жайдары
  4. Менің көркті ауылым үлкейді шуақты көктем шуағын шашты
  5. Туған жер Жазғытұрым

 

 

Сабақты қорытындылау

Венн диаграмасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БББ стратегиясына қайта оралу    Соңғы бөлікті толтыру

Білемін Білгім келеді Білдім
Сөз

Сөз мағанасы

Сөз құрамы

Заттың атын,

қимылын,

сынын,

санын білдіретін

сөздер

Сөз таптары Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

 

 

Үйге тапсырма

Бағалау