Көлдер

414

Сабақтың тақырыбы:   Көлдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға көлдер мен олардың пайда болу ерекшеліктерімен,маңыздылығы жайлы білім беру.

Дамытушылық: Оқушыларға қазақстан көлдерін  картадан көрсете отырып, құрылымдық ерекшеліктері туралы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Көлдердің құрылым ерекшеліктеріне тоқталу барысында басты мақсат экологиялық тәрбие екенін ескеру.

 

Түрі: аралас сабақ

 

Әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, пікірлесу.

 

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, суреттер, слайдтар, қызықты хат тапсырмалары,

тірек- сызбалар

Сабақтың барысы:

IҰйымдастыру.    Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,

психологиялық дайындық,

сабақ барысымен таныстыру.

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мұғалім:                                                     Балалар:

-Әрбір  адам?                                        Туысым, досым, жұрағат.

-Әрбір сөзің?                                         Үйрену, ұғу, ұлағат.

-Әрбір ісің?                                            Тірлік, тірек, адамдық.

-Әрбір сөзің?                                         Шындық, бірлік, адалдық.

Олай болса балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әрбір ісімізге мұқият болайық.

 

 

 

             

 

  1.        Үй тапсырмасын тексеру:   Өзендер тақырыбы бойынша сұралады

 

А)  «Қызықты хат » тапсырмалары орындалады.

 

  № 1 хат Алматы қаласынан

  1. Не себептен өзен суы бірде көтеріліп тасып, бірде азайып, кейде кенет көтеріліп қайтып жатады. Осы құбылыстарды түсіндір?
  2. Қазақстандағы ірі өзендерді атаңдар?
  3. Су туралы мақал-мәтелдер айту.

 

№2 хат Астана қаласынан

  1. Гидросфера құрамын атаңдар?
  2. Өзен бөліктерін атаңдар?
  3. Өзен, су туралы ақын-жазушылардың өлеңдерінен үзінді оқу.

 

                     №3 хат Ақтөбе қаласынан

  1. Дүниежүзілік мұхиттарды атаңдар?
  2. Сарқырама қалай пайда болады?
  3. Су туралы жұмбақтар айту.

     

         III. Қайталау сұрақтары:

          Ә) Адасқан өзен бөліктерін табу.

Тақтаға өзеннің бөліктерінің кескінін салып қойып анықтамаларын оқимын.Анықтамаларды

оқыған кезде жоғарыдағы өзен бөліктерінің қайсысына сәйкес келетін сандарды оқушылар    дәптерлеріне жазыпотырады. Сандардың астында құпия сөздер жасырылған.

Нәтижесінде  жаңасабаққа қатысты сөз шығады.

  1. Сағасы                     Бастауы                 5. Арнасы
  2. Өзен жүйесі Салалары              6. Атырауы

 

Сұрақтары:

  • Өзеннің ағып шығатын жері
  • Өзеннің өұяр жері
  • Негізгі өзенге жолда қоылатын өзендер
  • Аңғардың табанындағы өзен суы ағып жататын ойыс

 

  • Өзен барлық салаларымен қосылған тұс
  • Өзен сағасының тармаққа бөлінуі

                     Жауабы: 314526 – көлдер

 

  1. Жаңа сабақ Көлдер

 

                                                      Гидросфера құрамы

 

Мұхиттар    өзендер        жер асты суы          мұздықтар

Теңіздер                            көлдер

Мына схемадан құрлық суын бейнелеуде қазақтың тұмарша оюынан-беткі су, айшық оюынан-өзен, өркеш оюынан-көл, ирек оюынан-жер асты суын, ал дөнгелек оюынан жазылған сипаттамаларды көріп отырмыз.   Слайдтан оюлар көрсетіледі.

 

 

 
1.Жер бетіндегі ойпандар арқылы  ағатын және жауын-шашын әрі жер асты суымен қоректенетін

тұрақты ағын су

  1. 2. Құрлықтағы ойыстарды толтырып су алмасуы баяу жүретін теңізбен, мұхитпен байланысы жоқ

табиғи су қоймасы.

3 Көп жыл бойы жиналған таудағы сеңгір мұз. Тұщы су қорының 70% құрайды

4.Жер қыртысын құрайтын тау жыныстары аралығындағы су.

 

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды  көл деп атайды.Көлдің теңізден айырмашылығы оның мұхитпен тікелей байланысының жоқтығында. Көлдер жазықта да тауда да кездеседі. Көлдер тереңдігі жағынан әр түрлі. Еуразиядағы Байкал көлі – дүние жүзіндегі ең терең көл. Оның ең терең жері 1620 м

Ең ірі көлдері:  Каспий

Арал

Балқаш

 

Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болып келеді. Табиғатта ауданы  бірнеше шаршы метр ғана болатын өте кішкентай көлдер кездеседі. Сонымен қатар үлкендігіне байланысты « теңіз » деп аталатын ірі көлдер де бар.

Каспий – дүние жүзіндегі ең ірі көл. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 1000 км қашықтыққа созылып жатыр. Біздің елімізге бұл ірі көлдің солтүстік шығыс бөлігі кіреді. Ең терең жері – 1025 м-ден асады. Каспийде

балық көп ауланады. Жағалауында және солтүстік шығысында мұнай мен газдың мол қоры бар. Каспий маңы

ойпаты мен теңіз түбінен  мұнай мен газ өндіріледі. Соңғы жылдары ашылған «Теңіз» кен орнынан өндірілетін мұнай құрамында 20% дейін күкіртті газ бар.

 

Ол табиғатқа көп зиянын тигізуде. Соңғы жылдары каспий суының деңгейі көтерілуіне байланысты ойпатты жерде орналасқан көптеген мұнай кәсіпорындарының су басу қаупі бар. Су қайтқан кезде сумен бірге көптеген мұнай қалдықтары теңізге ағып кетуде, сондықтан бұндай жағдайлар теңіз суының тазалығына зиянды әсерін тигізіп отыр.

 

Арал – аумағының үлкендігі жөнінен екінші орын алады. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суы жер суаруға көп жұмсалуына байланысты Арал теңізі тартылып бара жатыр. Оның жағасы 100-200 км-ге дейін шегініп босаған жерлерді тқз бен құм басуда. Қоршаған ортаға көп зиянын тигізуде шөккен тұз топырақтың құнарлылығын азайтып егіс көлемін өсімдігін төмендетіп ішетін ауыз судың сапасын және жергілікті халықтардың денсаулығына зиянын тигізіп отыр.

 

Балқаш – қазақстанда көлемі жөнінен үшінші орында. Бұл көлдің бір ерекшелігі – оның батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы. Балқаш суының тұздылығы біркелкі емес. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді ақ теңіз, жұмбақ көл деп атаған. Ақ теңіз деп батысын, жұмбақ көл деп шығысын деп атайды. Себебі көлдің 75%тұзды. Балқаш көлі түрлі өндіріс қалдықтарымен ласталған. Мыс комбинаты көп зиянын тигізуде. Экологиялық жағдайы нашарлағандықтан, көлден ауланатын көксерке балығы ауруға шалдығып, жеуге жарамсыз деп танылып отыр. Балқаштың экологиялық жағдайы барша жұртты алаңдатуда.

Жер шарындағы терең көлдер тау жасалу үрдістері кезінде пайда болған. Мұндай көлдерді тектоникалық  көлдер деп атайды. Байкал, Ыстықкөл, Зайсан.

Кейбір жағдайда тау опырылып өзен аңғарларын бөгеп тастаған кезде де көлдер пайда болады. Мұндай көлдерді бөген көлдер деп атайды. Мысалы. Сарез, Үлкен алматы көлдерін жатқызуға болады.

Бір кездері теңіздің орнын қалдық көлдер алып жатады. Каспий, Арал көлдері – осындай қалдық көлдер.

Сөнген жанартаулардың кратерлерінде жанартаулық көлдер пайда болады.

 

Ағынды және ағынсыз көлдер.

Көл суының көптеген қасиеттері, әсіресе тұздылығы оның ағынды немесе ағынсыз болуына байланысты.

 

                                                                            К ө л

 

 

 

 

Ағынды            ағынсыз                шөкпе

тұнба

 

өзен ағып шығады,             ешбір өзен ағып

суы тұщы.                               шықпайды,

тұзды көл.

Құрғақшылық аймақтарда көл суы түгелдей буланып кетедіде түбінде тек тұз қалады. Сөйтүп шөкпе немесе тұнба көл пайда болады. Көлдердің шаруашылықтағы пайдасы үлкен. Олардың ең бірінші байлығы- тұщы суы. Көл суын адам ауыз су ретінде мал суаруға, егін егуге, түрлі өндіріске жұмсайды. Көлдер кеме қатынасы үшін пайдаланылады. Көлдер әр түрлі жануарлар мен өсімдіктерге бай. Олардан кәсіптік маңызы бар балықтар ауланады. Тұнба көлдерден тұз өндіріледі.

 IV Бекіту тапсырмалары  

А) 1.Көл деп нені айтады?

2.Көлдің теңізден айырмашылығы неде?

3.Көл қазаншұңқырлары қалай пайда болады?

  1.    Ағынды және  ағынсыз көлдерге мысалдар келтір?

 

 

Ә)  Суретке қарап өзен мен көлдің айырмашылықтарын айқындаңдар?

 

          Көл

— ақпайды

— суға жиналады

         — қыста қатады

          Өзен

—          Ағады

—          қатпайды

—          су

—          буланады

—          шаруашылыққа пайдалы

 

 

 

 

 

Б) Каспийдің көріністері көрсетіледі. (слайдттар)

Менің пікірім:

  1. Қазіргі кезде
  2. Мектеп бітіргесін

В)  Мына кескіндердің қай көл екендігін анықта?

  1. Ыстықкөл 4.
  2. Зайсан 5.
  3. Каспий 6. Байкал

 

 VII.  Үйге тапсырма:   Көлдер.

А) Каспий , Арал, балқаш көлдерінің экологиялық жағдайы. Мәнжазба жазу.

Ә) Дүние жүзіндегі ірі көлдерді кескін картаға түсіру.

 

 VIII. Бағалау.  Сабаққа белсенді  қатынасқан оқушыларды марапаттап бағалау