Қазақстан жазықтары, үстірттері және қыраттары

421

Тақырыбы: Қазақстан жазықтары, үстірттері және қыраттары

 

Білімділік. Қазіргі республика аумағы жер бедері пішіндерінің пайда болуы ұзақ уақыт геологиялық даму нәтижесі екендігі туралы білімдерін жүйелеу. Жер бедері ірі пішіндерінің бірі жазықтар, олардың Қазақстан аумағында орналасуы туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық. Қазақстанның  физикалық картасы мен тектоникалық картасын пайдалана отырып, жер бедеріне сипаттама беру іскерліктерін қалыптастыруды одан әрі дамыту.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы,  тектоникалық  картасы

Негізгі ұғымдар: жазықтар, үстірттер, қыраттар, ойпат, бэр төбешіктері

Номенклатура: Солтүстік Қазақ жазығы, Тұран, Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Орал алды, Бетпақдала үстірттері, Жалпы Сырт қыраты, Балқаш маңы жазығы, Қызылқұм, Үлкен және Кіші Борсық, Нарын, Батпайсағыр, Бозанай, Тайсойған, Тауқұм, Сарыесік Атырау құмдары

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдасты-ру кезеңі Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі Дәптерлерінен кестелерін, кескін карталарын тексеру. Тақырыптар соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптарын тексеру. «Аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстары» атты рефераттарын тыңдау.
2. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі. Жаңа тақырыпқа біртіндеп көшеді:

1. Жер бедерінің қандай ірі пішіндерін білесіңдер?

2. Абсолюттік биіктігіне қарай жазықтарды қандай топтарға бөлуге болады?

3. Физикалық картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағында кездесетін ірі жазықтарды атап көрсетіңдер.

4. Тектоникалық картаны пайдаланып республика аумағындағы ірі жазықтардың пайда болу заңдылықтарын анықтаңдар.

Физикалық картаны пайдаланып жазықтар мен қыраттарға сипаттама береді.

Солтүстік Қазақ жазығы, Тұран ойпаты палеозойда пайда болған таулардың үгіліп, тау жыныстарының басқа жаққа тасымалдануынан пайда болған, ал Каспий маңы ойпаты, Орал алды үстірті ежелгі платформаларда қалыптасқан.
3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі Қазақстан аумағындағы жер бедерінің пішіндерінің бірі жазықтар мен қыраттардың орналасуы туралы білімдерін бекіту мақсатында кескін картамен мынадай жұмыс жүргізеді:

1. Физикалық картаны пайдалана отырып жазықтар мен қыраттардың аттарын және орташа биіктіктерін белгілеңдер.

2. Ойпаттарды жасыл, қыраттарды сары бояумен бояңдар.

4. Сабақты қорытындылау кезеңі Сабақты келесі сұрақтармен қорытындылайды:

1. Қазақстан жерінде қандай ірі жазықтар бар?

2. Қазақстан аумағында қандай үстірттер мен қыраттар бар?

5. Бағалау кезеңі Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.
6. Үйге тапсырма беру кезеңі Оқулық мәтінімен жұмыс істеп, мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптар әзірлеу. Кескін картамен жұмыстарын аяқтамаған жағдайда одан әрі дамыту.