Аустралия материгінің георафиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

62

Тақырыбы: Аустралия материгінің георафиялық орны. Жер бедері мен пайдалы  қазбалары

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Аустралия материгінің географиялық орнына сипаттама бере отырып, материктегі ерекшеліктерді анықтау. Жер бедерінің құрлысы туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Өз бетімен оқи отырып, атласпен, картамен жұмыс істеу, оқушылардың алғырлығын, оқушылардың ой ұшқырлықтарын дамыту.                                                                                                    Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдіс — тәсілі: Сұрақ — жауап, баяндау, ойын элементтері.

I Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

II Жаңа сабақ

Жоспар:
Материктің экваторға, бастапқы меридианға, тропик шеңберіне қатысты орны.
1. Шеткі нүктелері, координатасын анықтау.
2. солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа км мен алғандағы қашықтығы.
3. Материктің мұхиттарға қатысты орны, жағалық сызығы.
4. жер бедері.
5. Пайдалы қазбасы.

  1. Құрлық(лат.’australis’ — оңтүстік) — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41′ оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11′ оңтүстік ендіктегі оңтүстік-шығыс мүйіске дейін және 113°05′ шығыс бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34′ шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аумағы жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²).

Материк түгелімен оңтүстік жарты шарда, түгелімен бастапқы меридианның шығысында орналасқан, оңтүстік тропик шеңбері оңтүстігінен кесіп өтеді.

  1. Шеткі нүктелері: Солтүстік — Иорк — 10 о. е; 142 ш. б
    Оңтүстік — Саут — Ист — Пойнт — 26 о. е: 113 ш. б
    Батыс — Стип Пойнт — 26 о. е; 113 ш. б
    Шығыста – Байрон — 28 о. е; 153 ш. б
    2 . Батыстан шығысқа —
    1) а) 153°– 113°=40°
    б) 100 км Х 40* =4000 км;
    2) Солтүстіктен оңтүстікке —
    а) 39°– 10°=29°;
    б) 111 км Х 29* = 3219 км.
  2. Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігінТынық мұхиттыңТасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — құрлықтың үлкен шығанағы.

Құрлықның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солтүстік-шығыс жағалауын бойлап (ұзындығы 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде Тасмания аралынан Құрлықны Басс бүғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Құрлық шығанағы орналасқан.

  1. Жер бедері

 

Австралияның топографиялық картасы

Құрлық жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биіктігі 600 м-ден аспайды. Орографиялық ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады.

Батыс Құрлық таулы үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биіктігі 936 м), оңтүстік-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр.

Орталық ойпаттың биіктігі 100 метрден аспайды, ал Құрлықдағы ең темен жер — Эйр көлінің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың оңтүстік-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар.

Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жот асы алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан. Құрлықда ең биік жер — Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан.

 

 

  1. Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның (Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкар-ри) ірі кен орындары, оңтүстік мен бат-ндағы протерозой шөгін-ділерінде темір мен марганец-тің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кентасы бар. Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі геологиялық жүйелерде мұнай мен газ мол. Құрлықтың шығысы мен ба-тысында титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан.

III Жаңа білімдерін бекіту

  • Карта бойынша нысандарды табу
  • Батыс Аустралия таулы үстірттер
  • Орталық жазық
  • Косцюшко тауы
  • Үлкен Суайрық жотасы
  • Үлкен Тосқауыл рифі

 

  • Көп нүктенің орнына сөз қою
  • Аустралия материгі экватордың оңтүстігінде орналасқан, сондықтан материк  оңтүстік  жарты шарда орналасады
  • Бастапқы меридиан Аустралия материгін кесіп өтпейді, материк шығыс жарты шарда орналасқан
  • Оңтүстік тропик шеңбері материктің дәл ортасынан кесіп өтеді, Аустралия материгінің көп бөлігін тропиктік белдеуде жатыр, сондықтан материктің климаты құрғақ.
  • Аустралия оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен оқшаулау орналасқан. Тек солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғасады.

IV  Бағалау.

V Үйге тапсырма:§ 55