Тіл дамыту. «Кім болғым келеді?»

113

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. «Кім болғым келеді?»

Дәйексөз:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

(Абай Құнанбаев)

Педагогикалық ұстанымым:

«Әр сабақ өмірге сабақ болсын»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Мамандыққа байланысты мәтін арқылы оқушылардың лексикалық қорын байыту.Әңгімелеу арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.Грамматикадан алған білімдерін тексеру.

2.Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге  үйрету.

3.Тәрбиелік: Әр түрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін ояту.

 

Сабақтың түрі: дамыта оқыту.

 

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, салыстыру, талдау.

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта.

 

Сабақтың барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу.

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

 

ІІІ.Жаңа сабақ.

 

Кіріспе сөз:

Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Кім болғым келеді?» Сендер үш айдан кейін мектеп табалдырығынан аттап, жаңа өмірге есік ашасыңдар.Қай жоғары оқу орнын таңдайсыңдар? Қай мамандықты ұнатасыңдар? Бүгінгі таңда мамандық таңдау – осы бір қарапайым ғана сөз тіркесі қаншама адамның тағдырын шешеді, болашағын бағдарлайды.Сендер қателеспей мыңдаған мамандықтын лайықтысын таңдайсыңдар деп сенемін.

 

Негізгі бөлім:

«Ми шабуылы» — ой қозғау: Мамандық дегеніміз не?

(Топтастыру әдісі арқылы)

Топтастыру.

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс.

«Мамандық» сөзіне анықтама беру.

Профессия – латын сөзінен шыққан, «professio» — анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мәтінмен жұмыс.

1.Мәтінді түсініп оқыңыз.

2.Мамандық атауларына  қызметтерді  жазыңыз.

3.Мәтіндегі сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

 

Мамандығым – мақтанышым.

Өмірде мамандықтың түрі көп.Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар.Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді.Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек.Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты.Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады.Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.Менің мамандығым – оқытушы.Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым.Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастысы.Мен қазақ тілін оқыту арқылы көптеген адамдармен танысып, оларға қолымнан келген көмегімді көрсетіп жатырмын.Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі.Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын.

 

4.Мәтіндегі асты сызылған сөздерді аудар.

5.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

— Қандай мамандық түрлерін білесіз?

— Дәрігер не істейді?

— Құрылысшы не жұмыс атқарады?

— Тігінші не істейді?

— Мамандықты қалай таңдау керек?

 

Сәйкестендір.

Сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз.

 

Жүрегімнің қалауы  бойынша                                армандадым

жауапкершілікпен                                                   ән айтады

мен бала күнімнен                                                   бала оқытады

дәрігер                                                                       үй салады

оқытушы                                                                   адам емдейді

құрылысшы                                                              атқарады

әнші                                                                           таңдайды

 

Қазіргі заманда керек  мамандықтар:

(Құрылысшы, дәнекерлеуші,ағаш шебері, жүргізуші, ұста, электрші)

 

 

Тест сұрақтары.             /Өтілген тақырыптар бойынша/

1.Жуан дауысты дыбыстарды табыңыз.

А)ө,у

В)ы, и

С)а,о

D)е,ұ

2.Буын үндестігіне бағынбаған сөзді табаңыз.

А)етікші, балықшы

В)атаммен, өнерпаз

С)үйді, ұшқыш

D)таулар, қалалар

3.Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А)күміс көмей

В)күміс алқа

С)күміс күлкі

D)күміс той

4.Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

А)бөлменің

В)менің мектебім

С)кілемдер

D)айтамын

5.Зат есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

А)сапалық, қатыстық

В)жалпы, жалқы

С)негізгі, туынды

D)деректі, дерексіз

6.Етістіктен жасалған сын есімді табыңыз.

А)жазғы кеш

В)тапқыр бала

С)кекшіл адам

D)тарихи қалалар

7.Өздік есімдігі қай түбірден тарайды?

А)өз

В)өзің

С)ө

D)өзі

8.Оқшау сөздердің белгісін табыңыз.

А)сөйлем мүшесі бола алады

В)тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады

С)сөйлем мүшесі бола алмайды

D)қиыса байланысады

9.Қимыл-сын пысықтауышты табыңыз.

А)Қарттың аты – Амантай.

В)Бес жердегі бес – жиырма бес.

С)Біз оны мұқият тыңдадық.

D)Оның арманы ауылға бару.

10.Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды ұлы тұлғалар қайда дүниеге келді?

А)Жетісу

В)Жамбыл тауы

С)Сарыарқа

D)Шыңғыстау.

 

Оқулықпен жұмыс.

4- тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Сен қандай жоғары оқу орнын таңдадың?

2.Қандай мамандық саған ұнайды?

3.Таңдаған оқу орнына түсі үшін қалай оқуын керек?

4.Қазір дайындығың қандай?

5.Мектепті қандай бағамен аяқтаймын деп ойлайсың?

 

Диалог құру.

Бір мамандық бойынша диалог құрып өзара сөйлесіңдер.

 

 

 

Тақтамен жұмыс.

Мамандық  сөзін тәуелде.

 

 

 

Психологиялық тренинг.

Мамандық таңдаудың формуласы.

 

 

«Білгім келеді» — (қызығушылық, бейімділік)

Қызығушылық – қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге, оны зерттеуге деген құмарлық.

Бейімділік — қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.

«Қолымнан келеді» — (қабілет, денсаулық жағдайы).

Қабілет – адамның қандай да бір қызметті орындауындағы жеке – дара қабілеті,шығармашылық мүміндігі.

«Маған керек» — (қажеттілік, сұраныс).

Қоғамға әр түрлі саланың мамандық иелері қажет.Мамандық таңдауда өзінің мамандынның еңбек рыногыдағы сұраныс, болашақта өзіңнің еңбекке араласу мүмкіндігін білу.

 

Ой қорыту.

Бүгін сабақта не туралы білдік?

Мамандық дегеніміз не?

Мамандықтың қандай түрлері қазіргі заманға қажет?

Қандай мамандық саған ұнайды?

Несімен ұнайды?

Үй жұмысы:

Тапсырма: Бір жоғары оқу орнындағы барлық мамандық бойынша қысқаша мәліметтер дайындандар