Қазақ тілі сабақтарында ұлттық құндылықтарды игеру арқылы жеке тұлғаны дамыту

182

Қазақ тілі сабақтарында ұлттық құндылықтарды игеру арқылы жеке      тұлғаны дамыту

Мақсаты:        Сабақ барысында ұлттық құндылықтарды оқытуды жүзеге асыру.

Міндеттері:

-қазақ әдебиетін,тарихын,мәдениетін,салт-дәстүрін  дәріптеуге үйрету;

-мейірімділікке , әдептілікке тәрбиелеу;

-үлкенді сыйлау,кішіге ізет көрсету;

-ұлағатты,даналық сөздерді меңгерту.

1.Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

2.Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.

Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.

Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.

3.Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:

— белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

— индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;

— өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

— шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

    4.Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарыда қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып ұлттық қасиеттерге айналады.

Оқушының ұлттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.

Оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ораға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесік” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, “Ұстазға қарап шәкірт өсер” деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ.

Мектебіміз математика-физикалық бағытта болса да , ұстаздарымыз тәрбие сағаттарын , өткізілетін іс-шараларды , ғылыми жобалардың тақырыптарын ұлттық құндылықтарға бағыттап алады.Атап айтар болсақ , «Қара жорға» биінің зерттелуі, «Етістіктердің ұлттық ойындарда қолданылуы» , «Қазақ ертегілері – қазіргі жастар көзімен» т.б. Сонымен қатар «Сәлемдесе білгенім , бабамның сөзін ілгенім» атты қалалық семинар да оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп,адами қасиеттерінің дамуына үлесі зор екені сөзсіз.

Қорыта келгенде, ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, рухани дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттаумыз қажет.