Тәуелдік жалғау Қайталау сабағы «Менің заттарым»

57

Ашық сабақ жоспары

Пәні:                                                  Қазақ тілі

Лексикалық тақырып:                  Қайталау сабағы «Менің заттарым»

Лексикалық тақырып:                   Тәуелдік жалғау

Мерзімі:                                            ______________

Сыныбы:                                          3 «А»

Мақсаты:   «Менің заттарым» тақырыбы төңірегінде қазақша сөйлеуге, бір-бірімен жұптаса, топтаса сұхбатқа түсуіне бағыт-бағдар беру.

Қолданылған модуль: «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» (диалогтық оқыту, сұрақ қою, А.В.С сұхбаттасу стратегиясы), «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

Уақыты Сабақтың мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін? Оқушылардың іс-әрекеті Қолданылатын ресурстар
2 мин Ұйымдастыру Қайырлы күн ойыны Балалар сандарды кезегімен айтады. Кімге үшке бөлінетін сан  келіп қалса, «Қайырлы күн!» деп айтады
1 мин Шағын топтарға бөлу Балаларды әріп  кескіндері  арқылы топқа бөледі. Оқушылар қағаз кескіндерін алып   топқа бөлінеді.

«А» тобы, « Б» тобы, «С» тобы

Әріп кескіндері, топ атауы жазылған қағаз,
3 мин Өткенді қайталау Домино ойыны.   Өткен сабақта жаңа сөздерді қаншалықты есте сақтағандары бойынша «Домино» ойынын ойнату

 

 

 

 

 

Оқушылар ойнайды. (Домино парақшаларының бір жақ жартысында қазақша, екінші бөлігінде орысша атаулар жазылған.  Әр шағын топтың оқушылары атаулардың аудармасын тауып, домино парақшаларды ұзынынан қою арқылы домино ойнайды. Әр топ өзара жарысады).

вещи
сурет салу

 

 

 

рисовать
сағат
Домино парақшалары
1 мин Таныстыру Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады Оқушылар тыңдайды
10 мин Топтық жұмыс

Сөйлесім әрекеті

 Тапсырманы орындау шартымен түсіндіреді

1.Сурет бойынша сөйлеу

2.Кластер құрастырады

Әр топ өзара сурет бойынша әңгіме құрастырады. Білмегенін мұғалімнен көмек сұрайды.

Кластер құрастырады

Ин.тақта, ватман, маркер Ватман, маркер Интер.тақта
2 мин Сергіту сәті Сергітуді балаларға жасатқызады

Тербеледі ағаштар.

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен болып өседі.

Балалар орнынан тұрып тақпақты дауыстап айтып, әрлі-берлі қозғалады
4 Сөйлесім әрекеті Сурет бойыншы сөйлем құрастырады

Сызба бойынша сөйлемді аударады

Оқушылар орындайды Интер.тақта
15 мин Жеке жұмыс 1-тапсырма. Сөздерге тәуелдік жалғауды жалғап жазады.

3-тапсырма. Сұраққа жауап жазғызады

Әр оқушы жазба жұмысын орындайды. Оқулық, дәптер, қалам
  Рефлексия

Бекіту

Суретке қарап, сұрақтарға жауап беру Дұрыс жауабын айтады Интер.тақта
1 мин Үйге тапсырма Үйге тапсырма: 5-тапсырма. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады Күнделік, қалам, оқулық
2 мин Бағалау Қалай бағалау керектігін түсіндіру.

 

Әр шағын топ келесі топқа  баға береді.  Сосын әркім өзін-өзі бағалайды. Геометриялық фигуралар