Қазақ тілінің сөздік құрамының жазба түрдегі Бастауы көне түркі жазбалары.

67

абақтың  тақырыбы :     Қазақ тілінің сөздік құрамының жазба түрдегі    

                                  Бастауы көне түркі жазбалары.

Сабақтың мақсаты :

а)  Балаларға көне түркі жазба мұралары жайлы мәлмет беру,зерттеу тарихы әдебиет тарихынан алатын орны,құндылығына тоқтау ;

ә)  Көне түркі жазбаларынан бастау алатын тіліміздегі сөздік құрамды дамыту аясын кеңейтеді ;

б)  тарихи мұраларды,ескерткіштерді қорғау,сақтау,.келер ұрпаққа жеткізу.

Сабақтың түрі :                                Лекция

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі :                   кітаптар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,география

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :          

   Кеспе қағаздар таратып,үй тапсырмасын сұраймын.

 

1.Заттың қозғалаысын білдіретін сөздер жаз

2.Заттың түр-түсін білдіретін сөздер жаз.

3.мағынасы жоқ сөздерді теріп жаз.

4.Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем жаз (түс көрдім,аттан түс)

5.Күнделікті тұрмысқа қажетті ззаттарды ата

 

б)   Жаңа сабақты түсіндіру:

 

          а)Балалардан көне ескерткіштер,тарихи мұралар Орхон жазулары туралы сұрау

   ә)Жазудың тарихы өте ерте заманнан басталады.Көне жазу мен қазіргі жазудың арасында ерекшелік өте көп.Алфавиттік  жазудың пайда болу тарихы,шығу тегі өте күрделі,шешілмеген жұмбақтарға толы.Өйткені алфавиттік жазу дүние жүзі мәдентетінің қол жеткен орасан зор табысы болса,бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосып келер ұрпаққа мирас еткен Арғы замандағы жазудың тегі суреттен басталған.

 

Көне түркі тілі                                             қазақ тілі

Суғ,бағ,шегін,иоған,қағур.                          су,бу,жиен жуан,қыр т.б.

 

 

  б) «Шоқан және өнер» атты кітапты пайдалана отырып,балаларға көне түркі ескерткіштері туралы мәлімет беремін.

 

Білімді бекіту: 1.Көне жазу мен қазіргі жазудың арасында айырмашылық бар ма?

2.Пиктографиялық жазу дегеніміз не?

3.Идеографиялық жазу дегеніміз не?

4.Қазақ зерттеушілерін ата.

 

Бағалау : Оқушылардың сабаққа белсене қатысып отырғандарының білімдері бағаланады.