Сабақтың тақырыбы : Бақылау диктанты

67

Сабақтың  тақырыбы :      Бақылау диктанты

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;

ә)  Мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға үйрету,амгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) өз ісіне ұқыпты,мейрімді кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                Қайталау

Сабақтың әдісі :                               баяндау,мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі :                   диктанттар жинағы

Халықтық педагогика                    мақал-мәтелдер.

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

                                  ә) Жаңа сабақты түсіндіру .

 Мәтінді бір рет мәнерлеп оқып беремін.

 

Адам баласы күн мен айдың қозғалысын бақылыған.Бақылаудың арқасында жылды айларға бөлген.Айды күндерге бөлген.Ал күнді уақыт бөліктері сағаттарға бөле бастаған.Уақытты анықтаудың ең алғашқы қарапайым құралы-күн сағаты болған.Алаңның ортасына қазықша қағылады.Күн ашфықта қазықтан жерге түскен көлеңке бойынша уақытты анықтайтын болған.Мұндай күн сағаты бұлтты күндерде және түнде уақыт көрсете алмайтын.Енді су сағаты ойлап табылды.Су бір ыдыстан екінші ыдысқа тамшылап құйылып тұрады.Мұндай сағаттың суын еселеп отыруды ұмытпау керек.Енді құм сағаты пайдаланылатын болды.Құм екі шыны сауыттан тар мойыны арқылы алма кезек сусып ағып тұрады.Бірақ бұл сағаттардың бәрі пайдалануға ыңғайлы емес еді.Алғашқы механикалық сағаттардың бір ғана тілі болған.  ( 109 сөз )

 

Мәтінді тағы бір рет оқимын,тыныс белгілерін қояды.

 

Білімді бекіту : Бірнеше сұрақтар қоямын,түсінбеген сұрақтарынва жауап беремін.

 

Үйгетапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін.