О о дыбысы, әрпіне қатысты сөздерді дұрыс оқу және жазу.

  1. Сабақтың тақырыбы: Оо дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:      1. О о дыбысы, әрпіне қатысты сөздерді дұрыс оқу және                              жазу. О дыбысы жеке буын құрайтынын түсіндір  2. Тазалыққа баули отырып, көркем етіп жазуға үйрету.    3. Алған білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп , кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Білімді тексеру.1) Оо дыбысы қандай дыбыс?2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Отан, Орамал орман3) Сөйлемдердің жаңа түрімен таныстыру.  Ол- Шолпан. Шолпан, қуыршақ ал, ойна.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Мәтін туралы түсінік беру. ә) Тақырыптан суретке сәйкес сөйлемдерді оқу.. Хормен оқыту.Сергіту сәті. Жаңылтпаш айтқызу.О әрпі бар сөздерді атату.Олар Оралдан оралды, Омар  Аралдан Оралды  .

Ү. Жаңа білімді бекіту1. О қандай дыбыс? 2.Сөздің қай жерінде жазылады?3)О дыбысына сөз ойлау. Сөзді буынға бөл, дыбыстық талдау жасау, кеспе буындармен жұмыс жүргізуДәптермен жұмыс: Көшіріп жазуға үйрету. Буын диктантын алу. Тор, тар, тон, қол, он.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін сабақта қандай дыбыспен және әріппен таныстық?