Тілдер апталығы “Brain-ring’’

232

Тілдер апталығы “Brain-ring’’

Орындаған:Бейсенбаева З.К.

Мақсаты:   1.Оқушылардың интеллектуалдық ойын арқылы

ой-өрістерін кеңейту, логикалық тапсырмалар

арқылы   тапқырлыққа үйрету; Қазақстанның және де

өзге ұлттардың дәтүріне көз жүгірту;

  1. Ізденімпаз, ойшыл,жауапкершілігі мол тұлға

ретінде  тәрбиелеу;

Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар,оқушылар және қонақтар. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, міне, «Тілдер мерекесі» апталығының 3-ші күні ағылшын тіліне арналған.Бүгінгі күнді біз сіздермен «брейн-ринг»интеллектуалды ойынымен өткіземіз.Енді жалпы тақырыпқа келетін болсақ, «брейн-ринг»ағылшын тілінен аударғанда суретте берілгендей милар шайқасы деп аударылады.

Ал енді ойынымызды бастамас бұрын, ойынымызға қатысатын 2 топты қол соғып,қошеметпен ортаға шақырамыз.

1-топ «Tolagai »

2-топ « Baiterek »

Неліктен осындай атты таңдадыңыздар?

Екі топтың бір-біріне деген тілектері.

Осы ойын барысын қадағалап,әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасын тағайындап алайық.

Ойынымыз 4 — кезеңнен тұрады.

1 – кезең «Сұрап-жауап»

2 — кезең «Полиглот»

3 – кезең «сөздің мағынасын ашу»

4 – кезең «Ойлан тап»

1-кезең«Сұрақ-жауап»

1-топқа:

1 ) The biggest planet in the solar system? (Jupiter)

2)The smallest country in the world? (Vatican)

 

 

3)The biggest mountain in the world?(Gimbaled)

4)What is native language of Kazakhstan?(Kazakh)

5)The first president of the USA?(Jorge Washington)

6)In what ocean is Great Britain?(Atlantic Ocean)

2-топқа:

1)The smallest planet in the solar system?(Pluto)

2)The biggest country in the world?(Russia)

3) The biggest animal in the sea?(Blue whale)

4)What is native language of England?(English)

5)Who’s portrait picture is in dollar?(Benjamin Franklin)

6)The largest ocean in the planet? (Pacific Ocean)

2-кезең «Полиглот»

Қазір мен мақал-мәтелдер оқимын, мақал-мәтелдердің бір сөзіне сұрақ қоямын , жауабын орыс, ағылшын тілдерінде беретін боласыздар.

1-топқа: Өнер алды қандай тіл? (қызыл,красный,red)

2-топқа: Нені қызған кезде соқ? (темір,железо,metal)

1-топқа:Сөз атасы-құлақ

Жол атасы-тұяқ

 

 

Не атасы –бұлақ? (су,вода,water)

2-топқа:Жасыңда қылжың болсаң,

Өскенде кім боларсың? (мылжың,болтун,talkative)

1-топқа:Ерлік бірлікте емес,неде? (жүректе,сердце,heart)

2-топқа:Икімді не инеден өткір?(тіл,язык,language)

1-топқа:Ел іші қандай бесік?(алтын,золото,gold)

2-топқа:Оқу білім бұлағы,білім не шырағы?(өмір,жизнь,life)

1-топқа:Жаңбыр жаумаса не жетім?(жер,земля,earth)

2-топқа:Анаға қарап кім өсер?(қыз,девочка,girl)

1-топқа:Не тас жарады,тас жармаса

Бас жарады?( тіл,язык,language)

2-топқа:Балалы не мазар?(үй,дом,house)

3 – кезең «сөздің мағынасын ашу»

Екі топқа бірдей сөздер беріледі:1.Sky-scraper-небоскреб

  1. Life-belt-қауіпсіздік белдігі

3.Wind and weather-ауа-рай келеңсіздігі

4 – кезең «Ойлан тап»

1)Логикалық сұрақ.Олжас пен Жандос жасырынбақ ойнады.Олжас кәрі еменнен 12 қадам солға,5 қадам оңға жүрді,қайтадан 4 қадам солға ,11 қадам оңға жүрді.Олжас қайда тығылды?

Жауабы:Еменнің артына

2)Логикалық сұрақ.Бала би қартайған шағында халқын жинап алып мынадай сұрақ қойыпты.

Жерден ауыр деген не?

Судан терең деген не?

Оттан ыстық деген не?

Көктен биік деген не?

 

Жиылған жұрт жауабын айта алмапты.Сонда Бала би өз сұрағына өзі қалай деп жауап беріпті?

Жауабы:

Жерден ауыр дегенім-ақыл,білім.

Судан терең дегенім-оқу,ғылым.

Оттан ыстық дегенім-фәни,жалған,адам өмірі.

Көктен биік дегенім-тәккәпардың көңілі деген екен