Адамның ақыл парасаты мінез-құлқынан- басталады

230

Тақырыбы: Адамның ақыл парасаты  мінез-құлқынан- басталады

Күні:

Сыныбы: 9 б сынып

Білімділігі: Адам бойындағы асыл қасиеттер    мен мінез-құлықтың дұрыс      қалыптастыруына         негіз     болатын тың материалдар беру.

 Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойын еркін айтуға және  шығармашылықпен  

                   жұмыстануын  дамыту.

           Тәрбиелігі:  Оқушыны ақылдылыққа    адамгершілікке, сабырлылыққа    қарапайымдылыққа,

                         кішіпейілділікке, әдептілікке, тәрбиелеу.

Кіріспе сөз

Адам құдіреттілігіне ой жете бермейтін, саналылығының, даналығының, қабілеттілігінің шегі, теңі мен телісі жоқ, киелі де қасиетті, аса күрделі жаратылыс. Әлемдік кеңістікте жасампаз тіршілік иесі – адамзат, биоәлеуметтік шеңберде жеке тұлға. Сезімтал, пайымды, болжамды. Амалы мен тәсілі мың сан. Бүгінгісін ертең қанағат тұтпайтын талғампаз, ізденімпаз, талапты, қажетін таңдай білетін, жоғын таба, барын жаңарта, жасандыра, жетілдіре беретін жаһандағы баламасыз, ішкі жан-дүниесінің тылсымды рухани күші мен сыры әлі түгел ашылып үлгерілмеген жер жүзіндегі кемел кемеңгер.

Адамның дүние-өмір танымдық қуат көзі, нағыз адамдықтың негізі нәзік болмыс –ақыл, ес, ой – өріс, жад, түйсік және сезім. Мінез-саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Ақыл мен мінез кісіліктің парқын, парасаттылығы мен бітім-келбетін, өмірге жарасымдылығы мен қабілеттілігін анықтаушы, сондай-ақ бірін-бірі толықтырушы, жетілдіруші саналық категория.

Сұраққа жауап берейік.

1.Ақыл деген не?

2.Парасат деген не?

3.Мінез-құлық деген не?

4.Ақыл-парасаттың  мінез-құлыққа қандай қатысы  бар?

 

 

 

 

 

 

Ақыл — адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат.

Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.

Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.

Ақыл-ой дамуының ең жоғарғы дәрежесі — даналық (өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл). Адамның кейбір интеллектуалдық қызметтерін “жасанды интеллектіге” беру — компьютерлерді кеңінен қолдану да ақыл-ой қабілеттерін ары қарай жетілдіреді.

Даналық – адамзаттың сан ғасырлық таным процесі мен өмір тәжірибесі нәтижесінде жинақталған рухани ілім-білімді игеріп, оны ұрпақтан ұрпаққа ұлағатты ой-пікір, өнегелі түсінік, ізгілікті іс-әрекет түрінде жеткізе білетін адам қасиеті,тұлғаның тиімді анализбен, адамдар өміріндегі қүнделікті және ғылыми оқиғаны алдын-ала жобалауы мен және бағалауымен байланысты интеллектуалдық дамуының ең жоғары деңгейі, табиғи интелектінің (құраушы) бір жағы. Ол болып атқан окиғалар туралы ақпаратты өңдеу мен бейімделуге тікелей байланысты. Сонымен бірге даналық интеллектуалдық жетілудің ерекше жағдайы ретінде танылады. Лығырақ.

Даналық – ауқымы кең, күрделі құбылыс, оған бір жақты, кесімді анықтама беру мүмкін емес. Ол, әдетте, надандыққа қарсы мәнде қолданылады. Даналықтың мән-жайын алғаш зерттеп, ашып беруге философия талпынған. Өйткені «философия» деген сөздің өзі грекше «даналықты сүю» мағынасын білдіреді. Даналық мазмұнының тереңдігі мен пішімінің алуан қырлылығы жағынан филос. ұғым болып табылғанымен, оған философияның көптеген функцияларының (ғылым, таным теориясы, логика, методология, идеология, т.б.) бірі ретінде қарауға болмайды. Философия ғылымсыз да өмір сүре алады (мыс., Ницшенің шығар-нда ғылым жоқ, даналыққа толы философия ғана бар). Ал даналықтан қол үзсе, философия аты ғана қалып, заты (мәні, мазмұны) жоғалады.

Даналық – философия негізі, болмысының кепілі, басты шарты. Басқа ғылым түрлері тәрізді филос. ілімдер де даналықтан бастау алады. Сократтың «Менің білетінім – өзімнің ештеңе білмейтіндігім, өзгелер оны да білмейді» деуінде үлкен мән бар. Білмейтінін біліп, түсінуге, әлем ақиқатын танып, ой түюге ұмтылу – адамды рухани кемелдікке, данышпандыққа бастайтын жол

Даналық — адамгершілікті танудағы құрал

Даналық — адамгершілікті танудағы, табудағы, табыстырудағы құбылыс, қасиет, құрал. Даналықтың тәні «талап, еңбек, терең ой, ар-намыс, ынсап, сабыр ғой», жаны — туралық пен әділетте, сезімі — рух, ыстық жүрек, өң-шырайда, тегі — ынсап пен рахаттану да, адалдық үшін күресте. Соңдықтан Абай адамтану тағлымы, біріншіден, тән, жан, сезім, тектілік үйлесімділігінде, екіншіден, шындық пен адамгершіліктен үйрене білуде және осы құнды мұраны әр дәуірде жетілдіретін, әрбір адамға жеткізетін өтімді іс-әрекетте, үшіншіден, халықты алауыздықтан, алалаудан, ал адамды шектеуден сақтауда — дейді. Оның жетілу жолдары: кеп нәрсені есітіп білу, көкейтесті мәселені көңілде түюге дайындық және соны үйрете алу, үлкен үміт , есеппен адамдық құндылықты, халықтық мұраны бағалай білу, оларды жөн-жобасымен қолдандыратын бағыт пен дәстүрден ауытқымау; шығармашылық ізденіс пен істің қайтарымында адам үдесі мен халық үмітін ақтау. Адамтану — есі барлық жанға олжа, басқа сая, ер қорғаны, сонымен қатар теңсіздіктің тетігі мен түбірін табу. Одан «ары бар, ұяты бар, ақылы бар» демекші, әркімнің езі іздеген құндылық табылар. Өйткені адам «дүниені тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайық», өзін ақыл-парасат, иман-ғибадат арқылы тануды және солардың пайдасын көрерлік сәт мүмкіндікті іздестіреді (27-28-сөз

Мұғалім сөзі: Мінездің мәні мен мағынасы кең ұғымды. Өмір ағымының барлық кездері мен кезеңдерінде адамның ой-толғамына, талғам-сезіміне, көңіл- күйіне, қам-қарекетіне тікелей қатысты және әсерлі, кісілік бей­несінің саралануына ықпалды. Бар болмысын, сезім серпінін, көзқарасын айна-қатесіз, қаз қалпында елестетер шарайна

Түйін: Адам бойындағы ең тамаша нәрсе-білім  мен ақыл      Ж.Баласағұн

Мен кіммін?(оқушылар түс таңдайды Қан топтарын атап айтады)

Бояудада да болмыс бар?

Адамның мінезі қан тобына байланысты ма?    (Проблемалық сұрақ)

Мұғалім сөзі: Адамның жалқау, қатал немесе аса мейірімді болуы қан тобына байланысты, – дейді мамандар. Гиппократ та мінездің алуан түрлі болуы ағзадағы сұйықтыққа: өт, сөл, қанның аз-көптігіне қатысты болатынын дәлелдеген болатын.          Бәріміз бірдейміз, яғни екі қол, екі аяқ, бір басымыз бар. Сөйте тұра, бір-бірімізге мүлдем ұқсамаймыз. Ғалымдардың айтуынша, табиғаттағы ақпарат сақтаушы бірден-бір нәрсе – су. Адам ағзасының көп бөлігі судан тұрады. Ол басқа да биологиялық заттармен қосылып, тұлға туралы құпияланған ақпарат береді. Бұл шифрды «адамның өмірі мен дамуы туралы мәлімет беретін биологиялық код, яғни қан тобы» деп атауға болады.  Ойлап қарасаңыз, бір жағдайда әрқайсысымыз әртүрлі шешім қабылдаймыз. Біреу салқынға шыдай алмаса, енді бірінің ыстықта берекесі кетеді.

Қанды бірнеше топқа бөлу керектігі туралы ХІХ ғасырда айтыла бастады. 1907 жылы чех оқымыстысы Я.Янский қан тобының 4-ке бөлінетінін айтты.

Әлемде ең көп кездесетін қан тобы – 1-ші топ. Жер бетіндегі халықтың 45%-ының қаны осы топтан. 2-ші қан тобы – дүниежүзіндегі адамдардың 35%-ына тән. Адамдардың 13%-ының қаны 3-топқа жатады. Ал, 4-ші қан тобы өте сирек, адамдардың небәрі 7%-ында кездеседі екен.       

Сіз мұндайсыз, қан тобыңыз қандай

І топ-мақсаткер,көшбасшы,оптимист,іскер адам

ІІ топ-өмір сүруге бейім,ақылды,әзілқой,еңбекқор,мұқият,адамгершілігі мол азаматтар

ІІІ топ-басқаларға қарағанда төзімді,сабырлы,түсінігі мол,аяушылық қасиеті  жоғары.

ІҮ топ-ІІ,ІІІ топқа ұқсас,көшбасшы да,ұйымдастырушылар да бар.Қияли,дарынды,талантты,жан-жақты адамдар

Адамның жазуына,қолтаңбасына қарап,оның мінез-құлқын білуге бола ма?

 

 

Қолтаңбаға қарап, мінез-құлықты шынымен де анықтауға бола ма?

Адамның жазуына, яғни қолтаңбасына қарап, оның мінез-құлқын білуге болады деседі. Осы қаншалықты рас?

Адамның қолтаңбасына қарап, оның мінез-құлқын ажырататын ғылым – графалогия деп аталады. Бұл ғылымның тарихы ежелгі Грекиядан бастау алады. Ал ғылыми графологияның негізін қалаушы – неміс психологы Клягес. Оның зерттеуінше, адамның жүріс-тұрысы, бет-әлпеті, іс-қимылынан мінезі-құлқын білуге болатыны секілді, оның қолтаңбасы арқылы да адамға тән психикалық ерекшелікті байқауға болады. Сондай-ақ орыс графолог-ғалымдарының ішінде Зуев-Инсаровтың «Қолтаңба және тұлға» атты 1930 жылы шыққан кітабында біршама қызықты деректер келтірілген. Ғалым өзінің еңбегінде өмірден өткен ұлы тұлғалардың және өз заманының белгілі адамдарының қолтаңбаларын зерттеп, олардың мінез-құлқына сипаттама берген. Мысалы, сол жаққа қарай қисайып келетін жазу адамның тік мінезділігін, жан адамға сенбейтіндігін білдіреді. Ал тез жазатын адамның қолтаңбасы оның жылдам ойлайтынын байқатса, әріптері бір-бірінен алшақ болып келетін жазу адамның тұрақсыздығын, қиялилығын білдіреді екен. Бүгінде көптеген елдерде адам қолтаңбасын сараптайтын сот сараптамасының зертханалары бар. Мұнда криминалистер белгілі бір жазудың тек кімнің қолтаңбасы екенін ғана анықтап қоймай, бұл қолтаңбаны адамның қандай жағдайда жазғанын да анықтайды. Айталық, адам жазу жазған кезде ауырып тұрды ма, өте алаңдаулы болды ма, әлде мас кезінде жазды ма, тіпті ол жазуын әдейі өзгертіп жазғанын да сараптама нәтижесі анық көрсетіп береді екен. Кейбір зертханалар жазған адамның ер немесе әйел екенін де анықтайды.

Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша адамның туған жылдарының мінез-құлыққа да әсері ететін тұстары  бар.

 

 

Түйін: Парасат-біздің жорық күніміз екенін түсінуіміз Қажет.Адам миынан керемет ештеңе жоқ,ойлау барысынан  артық ғажап  іс  жоқ,Ғылыми зерттеулердің  нәтижелерінен гөрі  қымбат е Ш т е ң е ж о қ                                                М.Горький

Мінездің мәні мен мағынасы кең ұғым

Мұғалім сөзі: Мінез-саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы.

Аян:Мінездің мәні мен мағынасы кең ұғымды. Өмір ағымының барлық кездері мен кезеңдерінде адамның ой-толғамына, талғам-сезіміне, көңіл- күйіне, қам-қарекетіне тікелей қатысты және әсерлі, кісілік бей­несінің саралануына ықпалды. Бар болмысын, сезім серпінін, көзқарасын айна-қатесіз, қаз қалпында елестетер шарайна.

Жаңылсын: Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Талай-тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру ләзім.

Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық “адамның екінші табиғаты – әдетке” айналады. Ол, жинақтап айтқанда, күнделікті тіршіліктегі жөн-жосық, жол-жоралғы. Тұрмыстық қағидалы дағды. Үйреншікті тәртіп. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие тәжірибелері.

Динара: Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн. Қазақ халқының әдеп-қалпы көшпенділер мәдениетінің, салт-дәстүрінің уақыт ілгері жылжыған сайын кезеңімен өзгерген, әр дәуірде, әр қоғамдық құрылымда өмір елегінде екшеліп, талғамына сай сұрыпталып, ұлттық сипатын сақтай отырып жетілдірілген мінез-құлықтың ақ адал үлгісі.

Аслан: Әдеп – мінездің анасы. Дүниедегі игіліктің, имандылықтың баршасы анадан, ана киесі мен қасиетінен бастау алып тарайтыны сияқты, рухани мінез әдептен, әдептіліктен өрбиді.

Шерхан:

Султан: Әдептілік – ана сүтімен санаға сіңетін уыз мінез. Адамның есі кіргеннен, жастайынан даритын, ешкімнің ақыл-кеңесіне зәрусіз, жамандықтан ада табиғи қасиет. Мәдениеттіліктің, зиялылықтың, сыйластықтың, қадірлестіліктің шаршы төрі. Ең алдымен туған халқына, ұстанған дініне, ұлттық діліне құрмет. Кісіліктің көркі, этикалық нұсқасы, әсемдік өрнегі, адамның асқақ абыройы.

Гүлден: Сыпайылықтың қазақы бір танымы, негізінен қыз-келіншектерге тән иба, ибалық. Кейбіреулер ойлағандай, бет моншағы төгілген ұяңдық, жасықтық, жалған ұялшақтық емес, өзін де, өзгені де қадірлей білер көргенділік. Ерен ұстамдылық, иманжүзділік, жылы лебіздік. Ишаратты түсіністік, келеңсіздікті жатырқау. Ұлттық таза ғұрыптылықтың, әдептіліктің және көркем мінезділіктің ерекше үйлесімділігі.

Нұртас: Ұят, ұяттық – арлы мінез. Адамның ойына, бойына, болмысына лайықсыз, адамгершілікке жат, ар-ождан нормаларына сыйымсыз, әдеп тінін сөккен зымияндықтан бұрқанған, сыртқа теппей, ішкі жан-жүйе ұшынатын нәзік сезімнің күйзелісі. Ұлы ойшыл Абай ұятқа екі түрлі мән берген. “Надандық ұят, – деген ғұлама, – жас баланың сөз айтуға ұялатыны сияқты ақылы қысқа, өрісі тар, ойы таяз жанның ұялмайтын нәрсеге ұялуы. Шын ұят-абыройға, шариғатқа теріс, ақылға сыйымсыз сөлекет қылықтан ұялу. Бұл тек есті адамға тән қасиет. Ал біріншісі өзі істеген қатеден, нәпсіге еріп қылған қылығынан ұялату  Намыс-мінездің айбыны. Адами кие мен қасиетке шаң жуытпас, кір жұқтырмас қайсарлық. Абыройға дақ түсіртпес өжеттілік. Адам құқы мен еркіндігінің оққағары, берік бақаны, тапжылмас тірегі. Шайпау, сумаң сөзге қытым. Кісілік құндылықтардың сақтық қоры. Өмір мәнділігінің өзегі. Өктемдіктен араша. Жосықсыз­дыққа айбар, осалдыққа жігер. Адамгершілік соты, әрі айыптаушысы, әрі қорғаушысы. Серттің семсері. Арсыздық тарамын қиып түсер алдаспан. Бір жағынан күйкі тіршілікке қорлану, озбырлыққа күйіну. Ездікке, ынжықтыққа қынжылу. Жігерсіздікке, босбелбеулікке, іске алғысыздыққа ызалану. Астамшылыққа, қол сұғанақтығына, әулекілікке ашыну. Мансапқорлыққа, жағымпаздыққа, жалтақтыққа шіміркену. Адамның еңсесін түсірер, абыройын төгер, кісілігін кемітер жалалы әрекеттерге, қарау қылық­тарға кешірімсіздік.

Султан: Мұхаммед пайғамбар: “Ер жігіттің үш намысы бар. Бірі – иманы, екіншісі – Отаны, үшіншісі – отбасы” деп ар-ожданның руханияттылығын жоғары бағалаған. Осы ұғымды таратып пайымдасақ, “Малым жаным­ның, жаным арымның садақасы” дейтін қазақтың Жасаған Ие құдіретіне сенімді, ата мекен, өмір жаннаты туған елін, жарық дүниеге әкеліп өсірген, қанаттандырған ұясын ту көтерер намысты халықтың атаулы ұранына меңзегендей. Абыз бабалардың: “Малсыз болсаң да арсыз болма; әрлі болғанша арлы бол; арыңды жеме, барыңды же; ар жазасы бар жазадан ауыр; ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы” деген өсиеті біздің заман адамдарына арналғандай. Тек маңызын түсіну абзал.

Асемгүл: Намыс бір сырлы, көп қырлы: жеке бастық намыс, құқықтық намыс, кәсіптік намыс, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Аталуы әртүрлі болғанмен, бәрі адамдық қасиет пен мүдденің жыртысын жыртады, абырой мен беделді қорғайды. Бәрінің себебі мен нақтылы салдары, заңдамалығы мен рухтылығы бар.

Намысты қорғау азаматтық парыз. Оны кіршіксіздендірмеу үшін арлана білу, арсыздықтан түңіліп жиіркене білу шарт.

Алия: Маңғаздық біреулердің түсінігіндегідей паңдық, тәкаппарлық емес, адам жаратымына сирек даритын, терең ойлы кісіге тән байсалды, баянды мінез. Адами ірілік. Жасандылығы, жалғандығы жоқ тұрлаулы табиғи бітім. Елпең-селпеңдікке басу, батпан салмақтық. Мызғымас орындылық, тайсалмас табандылық. Асығыстыққа тоқтам. Аз сөйлеп, көп тыңдау. Байқамдылық, ұғымдылық. Ойлы көзқарас, жан-жақты танымдылық. Қалауына сәйкес адамның өзін-өзі тәрбиелеу жемісі. Зиялы қауымның таңдаулы тәлімділігі. Өмірдің сыры мен қырларын түбегейлі зерделеп, өнегесін болмысқа шақтап, әрлеп сіңірген әсемдігін, әсерлігін қадірлер салиқалық. Көрегенділік, ұстамдылық, абзалдық сымбаты. Талай-тағдырға тәуелсіз ғұмыр кешуге талпыныс. Қоғамдық ортада дербестікті, даралықты қалау. Тылсым күшіне, өмірдің жұмбақты сырына, құпиясына құмарлық, шиесін шешуге талаптылық.

Маңғаздық белгілі бір тұйықтық, түйсікті, түйінді тұйықтық. Сыр сандық құлпының беріктігі. Ой жинақтылығы. Жолдас-жора таңдауда талғампаздық. Қан жақындығынан жан жақындығының, сөзсайыстан пікірлестіктің, ойшылдықтың басымдылығы. Өз ісіне сенімділік

Мұғалім сөзі: Адамның санасы мен болмысына сіңген ғұмырлық құбылыс – көп қырлы мінездің тек төртеуіне: әдепті, ұятты намысты, маңғазды мінезділікке әдейі тоқталдық. Өйткені, олар мінездің мәйегі, қасиеттілік тұғыры. Адам қай кезде, қай жаста, қандай қызмет атқарса да ұдайы жеке бастың, тұрмыстық-әлеуметтік, жұмыс бабы жағдайына, қоғамдық орнына, замандастарымен қауымдастық деңгейіне тікелей қатысты және оң әсерлі, адамгершілікті куәландырар, ардақтар, дәріптер, мемлекеттік міндетті, азаматтық парызды мүлтіксіз атқаруда пәрменді рухани күш. Сондықтан қазіргі қауымдастар, әсіресе, іс басын­дағылар мен жастар әдептілікке, ұяттылыққа, намыстылыққа, маңғаздылыққа баса назар аударар, ден қояр, ұстанымын кәдеге жаратар деп ойлаймыз

Флегматик(сабырлы)-салмақты,баяу,жайбарақат жүретін  бала,оның эмоциясын бір күйден  екінші күйге ауысуы оңайға түспейді. Флегматикке асықпайтын сабырлылық тән.Сезімі сыртқа

 шықпайды десе де болады,бірақ ашуланса,оңай жұбанбайды.

Холерик(күйгелек)-өте шапшаң,күшті жылдам,жалынды, сезімді бала.Ол-көбіне ашушаң,күйіп-пісуге әзір тұрады,үлкендердің ескертуіне құлақ аса бермейтін, ерекше көңіл  бөлуді талап

 ететін бала.

Сангвеник(ширақ)-бала сезімдері ауыспалы мінезі ашық,көңілді,тез тіл тапқыш,айналадағы жағдайға тез бейімделгіш ,әрбір іске епті,белсенділігі басым,зейінді, қиналмай сөйлей алады.Еңбекке шабытты,тез жалығады,сезімі құбылмалы.Үнемі бір нәрсеге қызықтырып отырмаса, енжерлық,ынтасыздық басады,терең ұғынуға ұмтылмайды,көңіл-күйі құбылмалы,ызақор,ұрыншақ.

Меланхолик(тұйық)-баланың сезім талдылығы баяу,кез-келген әсерге жауап бере бермейтін,уайымшыл,мұңшыл,көңіл-күйі ұзаққа созылады.Менмен,өзімшіл,мінезі тұйық,болады.Сезім тереңдігі мен тұрақтылығы,сезімталдық тән,жаңа ортаға бейімделуі баяу

Түйін: Мінез-құлық-әркімнің  кейпін көрсететін айнасы         И.Гете

  1. Ақыл-парасат,мінез-құлық-ақын жырларында

2.Ақыл-парасат,мінез-құлық-менің шығармамда

3.Даналар деген екен…

  1. Ақыл-саған ізгі дос, әділ жолдас       Ж.Баласағұн
  1. Жақсы мінез-бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы                                           У.Гэзлит

3.Ақыл бар жерде шындық бар,    өтірік жоқ         Ж. Баласағұн

 

 

Мұғалім сөзі: Адам-тәрбие нысанасы.Тәрбие деген сөз-тәрбиеленушінің бойынатәрбиеші қалаған қасиетті егу үшін,оның психологиясына мақсат көздеп,үнемі ықпал етіп отыру деп білемін.Жеке тұлғаны тәрбиелеу-демек,оның ертеңгі, қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.

Түйін: Ақыл-парасат күші-адамның ойлауына,пайымдауына,ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы  қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін  күш          Әл-Фараби