И дыбысы мен әрпі.

  1. Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 И   әрпі мен дыбысы туралы түсінік беру  2. Оқушылардың сөздік қорын , есте сақтауын дамыту.  3.И дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіре  отырып, И дыбысын дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі кеспе суреттер

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ.а) оқулықтағы суретке қарайық, сөйлем құрайық.  Ит пен тиін -Бұл жылдың қай мезгілі?Ит   ине   иек     киік    тиын     тиек  Кит  инелік  шие   киім  тиін  жиека)  «Ит» мәтінін оқи отырып,  мазмұнын әңгімелету.б) Жұмбақ шешу. Тікұшақтан аумайды  Маса ,шыбын аулайды.(инелік)

в) Инелік сөзіне, буындық, дыбыстық талдау жасау. Сергіту сәті:Ойын: « Сөз ойла, тез ойла.»

      Ү. Білімді пысықтау. Ит – адамның досы деп неге айтамыз?

     ҮІ. Сабақты қорытындылау:  Біз бүгінгі сабақта не істедік? Қандай әріп туралы білдік?