И дыбысы мен әрпі

67.Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 И   әрпін сөз ішінде оқуға, жазуға үйрету , білімін тиянақтау.

  1. Табиғатты қорғауға баулу. 3.И әрпі туралы алған білімін кеңейте түсу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер қалтасы

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ.Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а)     -И  қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады?Сөздік диктанты: Ит, ине,ши, би,ай, шай, май, той, қой.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ. а) Баған түрінде жазылған сөздерді хормен оқыту. ә)  «Итмұрын» мәтінін оқи отырып. мазмұнын әңгімелету.в)  Ителгі  сөзіне, буындық, дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті:Ойын: « Сөз ойла, тез ойла.»

       Ү. Білімді пысықтау. г) Буын  — сөз — сөйлем —  мәтін Сөйлем неше сөзден құралған?

Итмұрын орманда, тауда болады.  Ол адамға шипалы.ғ) Тақтаға сөздер жазып жаттығу. Ирек, сирек, киік, биік, кимешек.имек, иман,

д)  Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

Балаларға өз аттарын жазғызу.Никита, Дина. Айгерім. Шыңғыс, Мейіржан, Айбек,Асиа, Жадыра, Динара, Нұртілеу, Елжас,Нұрдана, Бегнар.

      ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?