З дыбысы және әрпімен таныстыру

 

68.Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. З дыбысы және әрпімен таныстыру. Ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. 2.  Көркем етіп жазуға үйрету. 3. Буындап немесе тұтас оқу машығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Білімді тексеру. 1)И дыбысы қандай дыбыс? 2) Сөздің қай жерінде, қай дыбыстан кейін жазылады?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Зығыр, зырылдауық сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.ә) « З» дыбысын бөліп алып, хормен дыбыстату. б)  З-ның әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі-З з   Жазба түрі-Ззв) Хормен баған түрінде жазылған сөздерді оқыту.таза            зығыр        жалбыз қобыз тазы   қызыл       қарбыз, тоғыз  қозы,         қымыз       ,жұлдыз,сызғыш.г)  Баған түрінде берілген сөздерде з дыбысы сөздің қай жерінде естіліп тұрғанын анықтау

Ү. Жаңа білімді бекіту. 1. Мәтінді тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап әдісімен мазмұнына түсінік беру. 3.Әңгімелету.Сергіту сәті:4.Дәптермен жұмыс: Зз әрпін жазып үйрену.5.Тақтамен жұмыс:

Ауа таза. Еркін мұз айдынына  барды. Ол сырғанақ тепті.. З дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін қандай әріппен таныстық.?