Ю дыбысы мен әрпі.

  1. Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ю әрпін сөз ішінде дұрыс оқуға,және дұрыс дыбыстауға үйрету.  2. Ұқыптылыққа  баулу. 3. Оқу жылдамдығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Араға таланған аю

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 9, 8 сөздерді оқыту.

«Жақсы көрем» өлеңін жатқа сұрау.  Жеке оқушымен жұмыс: 1. Суреттегі заттың атын жаз. 2. Буынға бөл  3. Дыбыстық талдау жаса. 4. Сөйлем құра.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

 ІҮ. Өткен сабақтан алған білімін пысықтау.1.Ю  дыбысы қандай дыбыс? 2. Ю әрпі сөздің қай жерінде жазылады?

Ү. Жаңа білімді бекіту. а)  «Жарыс « мәтінінің мазмұнын түсіндіру. ә)  Кісі аттары, жер –су аттары бас әріппен жазылатыны туралы мағлұмат беру ( мысал келтірту) б) Балаларға дауыстап оқыту.в) Сұраққа-жауап. -Қасқыр аңдарға не деді? -Аю ненің ұясын бұзып кетті? -Аралар не істеді? -Аю қалай жүгірді?  -Ол неліктен тез жүгірді? -Мәреге не бірінші болып жетті?

г) Диктант жазғызу: жарыс, мәре, аю,  ара.ою, қою,тою, сою, түю,кию,үю.Ү ү М м  Г г

Я я    Т т    К к    Ю ю  Дәптермен жұмыс: аю, ою, қою үю қию жию ю Ю Тақтамен жұмыс: Аңдар жарыса жөнелді.  Менің әжем сырмақ сырды.  Аралар аюды талай бастады. Аю тез жүгірді.  Құлагер бәйгеден озып келді.

ҮІ .Сабақты қорытындылау:  Біз бүгінгі сабақта не істедік?