Ю дыбысы мен әрпі

55
  1. Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ю дыбысын дұрыс атату,  әріп таңбасымен     таныстыру  2.Ұлттық  тәрбие беру. 3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:   суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

 І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

 ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.1.Я дыбысы қандай дыбыс?2. «Сұр қоян» өлеңін жатқа айтқызу.

 ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

  ІҮ.  Жаңа сабақ:Жұмбақ шешу.Қыс бойына жатады, тәттті ұйқыға батады.         (Аю)а) Аю,ою сөздеріне дыбыстық талдау жасату.  -Бізге таныс емес қандай дыбыстарды естіп тұрсыңдар?  -ю (бірнеше рет қайталап дыбыстау) ә) Ю дыбысы екі дыбыстан тұратындығы туралы түсінік беру.  Айу-аю, ойу-ою. ә)  Сөздерге дыбыстық талдау жасату. Қою-4        құю-4      сүю-4           есею-5  азаю-5  Қию-4  түю-4 күю-4 үлкею-6        көбею-6 б) Ю дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі-Ю ю   жазбаша түрі- в) Өлең жаттауға жаттығу «Жақсы көрем»г)  Дәптермен жұмыс: Я әрпін жазғызу. д)Диктант жазғызу. аю, ою,қою,үю, қию, жию.

Ү. Жаңа білімдерін тексеру.-Ю қандай дыбыс?  -Сөздің қай жерінде жазылады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта дыбыстар және әріптермен таныстық?