«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ » МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ САБАҚТАР ӨТКІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ.

79

«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ » МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН  ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ САБАҚТАР ӨТКІЗУДІҢ  ТИІМДІЛІГІ.

     Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес.

XIX ғасырда француз психологы Рибо былай жазған: «Егер де ойлау шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге қарағанда өнертапқыштар көп болар еді». Яғни автордың пайымдауынша шығармашылыкқа, оның ішінде өнертапқыштыққа үйренуге болады.

Шығармашылық қабілеттердің дамуы қаланатын, интеллектілік біліктілікті меңгеруге негіз болып табылатын сабақ.

Тәжірибелі мұғалімдер өткенді қайталауды берілген сабақтағы тақырып пен тараудағы оқып жатқанмен ғана байланыстырып қоймайды, барлық оқу пәнінің тақырыбын және тарауларын оқып жатқан материалмен үйлестіреді. Әр мұғалім басқа пәндер бойынша сол уақытта оның оқушылары не оқып-біліп жатқанын білуі керек.. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты — оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Әрине әр ұстаздың өз ұстанымы бар .Мен үшін оқушыларымның ағылшын тілі сабағында алған білімдерін шынайы өмірде қолдана білсе сол мақсатыма жеткенім. Сөзіме дәлел ретінде 10 «а» /орыс/ сыныбында өткен  интеграциялық сабақты келтіргім келеді.