Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ізденіс және шығармашылық дағдысын дамыту

168

Ағылшын тілі  сабағында  оқушылардың   ізденіс  және  шығармашылық  дағдысын дамыту

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар  мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген. Республикамыздың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігін дамыған кадрларымен қамтамасыз ету өркениетті ғылыми әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, т.с.с. білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.Ағылшын тілін оқушыларға нәтижелі үйрету үшін оны оқыту әдістемесін жетілдіру – бүгінгі күннің басты мәселесі. Сол себепті де оқыту процесінде жетістіктерге жету үшін оқушыларға ағылшын тілінің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілін де,тіл дамыту   жұмыстарын да,  жазу мәдениетін де ұғындыруымыз қажет. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынаудың маңызы зор. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми – педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Оқушылар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары – ақ И. Я. Лернер жазған болатын. Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог – ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В. К. Шабельников, Н. Палагина, Қ. Р. Рахымбаев, М. О. Резванцева, С. Қ. Бердібаева, Б. Тұрғынбаеваның еңбектерін атап өтуге болады.

«Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді.» Ж. Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А. Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс — әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым деп есептейміз. Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» үлкен рөл атқарады. «Шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі, екі құрамдас бөліктен тұрады.Шығармашылықты,

— біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады,жаңа өмірге, жаңа табысқа қол жеткізеді,

-екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы қарастырылады және ізденіс процесінің  мәнділігінде.  Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлай қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – ізденіс  жұмыстарын тиімді қолдана білу. Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс.Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді:

  • дайындық
  • ізденіс
  • орындау.

Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді.Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруда ықпал етеді.Оқушылардың  ізденіс  және  шығармашылық  дағдысын  дамытудың  негізгі мақсаттары:

  1. Баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру.
  2. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.

3.Қызығушылық және шығармашылықпен таным белсенділігін арттыру.

  1. Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
  2. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама – қайшылықтарды есепке алып зерттеу.

Басты міндеттері:

  1. Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.
  2. Оқыту барысында баланың бойындағы ізденушілік қабілетін қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
  3. Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
  4. Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.

5.Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.

Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс — әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады, оқушыға  бағыт- бағдар береді.Адам бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектенуге баулу. Ол үшін мұғалімге жанын аямай еңбек ету қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналасуға икемді жас деуге толық болады. Осы арада оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни балалық шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», «өзің де бәрін біліп, үйреніп  аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отыру керек.Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға және тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады.

Оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән сипаттар:

— оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,

— іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,

— осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әрекетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне тартуы қажет.Ол үшін  мұғалім екі шартты орындау керек.

1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.

2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.

К. Д. Ушинский: «Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?» — деген.  В. В. Давыдов «Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр, жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне байланысты» деп есептеген. Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің соңғылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін — өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ағылшын тілі мектепте бесінші сыныптан басталады, сол кездің өзінде-ақ қай оқушының шет тіліне қандай екенін байқауға болады. Бесінші сыныпта ешқандай өзгеріс бола қоймайды, барлығы біркелкі оқитын сияқты болып көрінеді. Әрине, қандай жұмыс болсын оның нәтижесін көру үшін көп шығармашылық керек. Сол кезде оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана тілге бейімдеп, сынып ерекшелігіне қарай қосымша тапсырма беруге болады.Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.Қазіргі  уақытта біздің  елімізде  білім  беру   саласындағы   мемлекеттік   саясаттың   басым  бағыттарының  бірі —  дарынды   балалар  мен  жастарға   еліміздің  баға  жетпес   ұлттық   игілігі  және   негізгі   интеллектуалды,  шығармашылық  әлеуеті  ретінде  қарап,  оларды  дамытуымыз   қажет.Зерттеу  жұмысымен  айналысу  —  дарынды  балаларды  оқытудың  негізі. Онсыз  баланың  потенциалды  қабілетін  ашу,  дамыту  мүмкін  емес.  Дарынды  оқушының  ізденушілік   қасиетін   қалыптастыруға  оқушылардың  ғылыми  қоғамына  және  ғылыми  жоба  жарысына  қатыстырудың  маңызы зор.  Мектепте  оқушыны   ізденушілікке  баули  отырып,  ғылым  мен  техниканың  жетістіктеріне  сәйкес  армандарына   жетелеуге,   өз  жолдарын  дәл  табуға,   ғылымға   жетелеу  арқылы   өздерінің   қабілеттерін   ашуларына   көмектесуіміз   қажет.Зерттеу  жүргізудегі ең маңыздысы  проблеманы  көре  білу  болып  табылады.  Ол – белгілі  бір   қиыншылыққа  тап  болу.  Қиындықтан  шығу  зерттеуге  бағытталған  жан-жақты  ізденісті   талап  етеді.  Осыдан  кейін  оқушыда   шығармашылық   және  ізденіс- зерттеу  дағдылары   қалыптаса  бастайды.

Зерттеу  жұмыстарының  негізгі  кезеңдері:

Кезеңдері Жұмыстың  мазмұны Оқушының  іс-әрәкеті Мұғалімнің  іс-әрекеті
Дайындық:
– қызығушылық,
– болжам,
– жоспарлау.
-проблеманың  өзектілігі

– тақырыбын анықтау;
– шешімге  келу  тәсілдерін  анықтау;
– зерттеу  жүргізудің  жүйелілігін  анықтау;
– алынған  материалдарды  жинақтау,  талдау;

Ақпараттар  жинау, реттеу,  алған  білімдерін  есепке  алу,алынған  материалдарды  жинақтау , жүйелеу, тапсырмаларды  бөлісу,  талдау. Оқушыны  ізденушілікке баули  отырып,  өз қызығушылығына  қарай  тақырып  ұсыну, әдебиеттер  ұсыну,жобаның  орындалу  мерзімін   белгілеу.
Негізгі:
– шешімге  келу,
– жобаны  орындау.
– зерттеу  әдісін  таңдау;
– бақылау; —  эксперимент,  -ақпараттар  іздеу,   жинау,  зерттеу,
-жоспар  жасау,   кітаптардан іздеу,

-әдебиетпен  жұмыс істей білу,

-кітаптағы  материалдарға сыни  қарау,

-бақылау,

-материалдар жинау,

-интернет  жүйесін  қарау,

-қорытынды  жасау.

Бақылап отырады, кеңес береді,

бағыт- бағдар беріп,сырттай  тексеріп  отырады

Қорытындылау:
– жобаны  қорғау

– жұмыс нәтижесі  мен  қорытындысы

– баяндаманы  даярлау және  көрнекілік,
– тақырып  бойынша  белгілі  зерттеу  нәтижелеріне  шолу, топ болып  немесе  жеке  қорғау, зерттеу нәтижелерін  сыныптастарының  алдында  баяндау,  жаңа  проблемалардың  туындауы.
Жобаны  қорғайды.

Сұрақтарға  жауап  беру.

Өзінің  ойын нақты және түсінікті  жеткізе білу.

Бақылайды, жобаны  қорғауға  бағыт беріп  отырады.

 

Жұмыс  нәтижесін  бағалауға  қатысады.

Оқушылардың  ізденіс  және  шығармашылық   дағдысын  дамытудан  күтілетін  нәтижелер:

  1. оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
  2. оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
  3. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады .

Қорыта келгенде,әлемдік  өркениетке  бет алған  бүгінгі  қазақ  елінің  болашағы  білімді  ұрпақтың  қолында  екенін  есімізден  шығармауымыз  керек. Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде  мұғалімнің   инновациялық  іс- әрекетінің  ғылыми  педагогикалық  негіздерін  меңгеру  маңызды  мәселенің бірі. Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттыруда  әдіс- тәсілдерді  жетілдіріп,  дәстүрлі емес сабақ  түрлерін  әдістемелік  тұрғыда  дұрыс  ұйымдастырудабарлық күш жігерімді  жұмсауға  тырысамын.

 

Пайдаланған  әдебиеттер:

  1. «Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс»Алматы 2003ж.

2.Балалардың дарындылығын диагностикалау.(Әдістемелік құрал)Ү.Б.Жексенбаева.

  1. Пассов.Е.И. «Технология коммуникативного обучения иноязычной культуре»
  2. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл
  3. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» М.М Жанпейісова.
  4. Тұрысбаева.А. «Дамыта оқыту  технологиясы»
  5. Ксензова. Г.Ю «Перспективные школьные технологии». Учебно-методическое пособие. Москва, 2001г.