1 желтоқсан – Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС – мен күрес күні

171

1 желтоқсан – Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС – мен күрес күні

(акция)

(ортаға екі жүргізуші шығады)

Нұрдәулет:

Армысыңдар!

Болашақтың бастауы,

Адуынды жас буын!

Балғын шақта жайнайтын

Қызу қанды жас достар!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2030» стратегиясында  халық  денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырады.

 

Балжан:

Адамның ақыл – ойын, денсаулығн, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы  бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Олай  болса, біздің болашағымыз неге байланысты.

ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң  адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты , рухани дүниесі бай,  жаны мен тәні  кіршіксіз таза , танымдық  белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген  ынтасы мен шығрмашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.

 

Нұрдәулет:

Үрейлі СПИД деген ғасыр дерті,

Айрған сұлулықтан адам көркін

Масқара, сұлу қазақ ұрпақтары!

Таланған ар-ожданы, сезім еркі.

 

Балжан:

Біз  «Салауатты өмір салтын » насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. Бүгінгі назарларыңызға ұсынып отырған қойылым салауатты өмір салтын сақтауға шақырады.

Құрметті жиылған қауым, қонақтар! Бүгінгі 1 желтоқсан ЖИТС-мен қарсы күрес күніне арналған акциямызға….

 

Екеуі бірге: қош келдіңіздер!

 

Балжан:

Акциямызды салтанатты түрде ашу үшін сөз Қаракемер ауылдық округі әкімі Сергеев Белғали және Төле би орта мектебінің директоры Б. Иманбековке беріледі.

 

Нұрдәулет:

Ал енді  «АИТВ, нашақорлық» тақырыбындағы видеороликті тамашалайық!

(экраннан видеоролик көрсетіледі)

 

Нұрдәулет:

Әлемде әр минут сайын АИТВ жұқпасымен 10 адам тіркеледі. ЖИТС жұқтырған соң, АИТВ ауруы пайда болғанша 3 жылдан 10 жылға дейін уақыт өтеді, ал АИТВ ауруы пайда болғанша емделгенде 2-4 жыл, ал емделмесе 6 ай ғана өмір сүреді екен.

 

Балжан:

Төле би орта мектебінің 9 «А» сыныбының оқушысы Халықов Нұрдәулеттің орындауында «СПИД құрбаны» монологын тамашалаңыздар!

 

Балжан:

6 сынып оқушысы Ратай Сараның орындауында «Секіртпе» әнін қарсы алыңыздар.

 

Балжан:

АИТВ жұғатын жолдары:

  • АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.
  • Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.
  • Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.
  • Бөтен адамның тіс щеткасы мен ұстарасын қолданғанда.
  • Анасына баласына жұғуы мүмкін
  • Жыныстық жолмен

Нұрдәулет:

Аурудың асқыну жолдары: АИТВ жұқпасы- бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді. Аурудың алғашқы белгілері қандай? Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.

 

Балжан:

АИТВ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды

  • Қол алысып, құшақтасқанда.
  • Ыдыс-аяқтан, тамақтан,дәретхана заттарынан.
  • Төсек жабдықтары мен киімнен.
  • Темір және қағаз ақшадан.
  • Су мен ауадан.
  • Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан.
  • Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан.
  • Жәндіктердің шағуынан.
  • Моншада, саунада, бассейінде.

 

 

Нұрдәулет:

Сіздерге берер кеңестеріміз:

-Бөтен адамның қаны көзіңе, әсіресе жарақаттанған теріге жағылып кетуінен сақ бол.

-Көшеде жатқан шприц пен инелерге тиме.

-Есіңде болсын, барлық медициналық дәрі егу (укол) бір реттік пайдаланатын құралдармен жасалуы тиіс.

 

Балжан:

10 сынып оқушыларының орындауындағы тамаша биді қарсы алыңыздар.

 

Нұрдәулет:

6 сынып оқушылары дайындаған «Жын мен пері» қойылымын тамашалаңыздар!

 

Балжан:

10 сынып оқушысы Нұраханов Айнабектің орындауында «Қызыл өрік» әні. Қарсы алыңыздар!

 

Нұрдәулет:

Ей ұрпағым, есіңді жи азбаңдар

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар

 

Балжан:

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып,

Жақсы үміт пен сеніміңнен таймаңдар

 

Екеуі бірге:

Салауатты өмір салтын сақтаңдар

Болашақты нық қадаммен бастаңдар!

 

Нұрдәулет:

Ендеше, 8 «А» сынып оқушылары дайындаған үнді биіне берейік кезекті. Қарсы алыңыздар!

(ортаға бір топ оқушылар шығады)

 

Сания:

Біз СПИД-ке қарсымыз!

Бүкіл әлем күресуде-

Індетімен ғасырдың,

Емін әлі таппады ешкім

Сол бір зұлым, пақырдың.

Күннен күнге ұлғаюда

Аурулардың саны деп,

Дәрігерлер дабыл қағып,

Шырылдады, аһ ұрды,

Дүние жүзі адамзатты

Қорғануға шақырды!

 

Маржан:

Оу, адамзат, құлағың сал,

Саулық тіле басыңа,

Сақтана біл қайраттанып,

Енжар болма, жасыма.

Нашақорлық, ішідіктер

Ұрындырар тегінде,

Салауатты өмір салты

Тұрсын әркез есіңде!

 

Айнұр:

Зұлым атты ғасырдың

Жазасызға жазалап сен тас ұрдың

Адамның ағза-миын жаулап алып,

Жейсің іштен аранындай қасқырдың.

Қоздырғышың вирус болса, жендетің

Өкпе,ми да құртылады демде тым.

Ортасына әсері бұл төзімсіз,

Түсінбеді-ау ғаламшардың бұл дертін

Обасы жиырмасыншы ғасырдың

СПИД-пен сеннен барша кекті алмақпын

Ұланымын жиырма бірінші ғасырдың

Қақпа жабам, саған жол жоқ, аулақ жүр!

 

Мөлдір:

Жетті бүгін СПИД қазақ еліне,

Самал ескен белес-белес беліне.

Сақ болайық айта келген ажалдан,

Аямайды ол сені де, мені де.

Қазақ халқы «Өнер алды – тіл» деген

Арақ-шарап, темекіні білмеген

Тәні таза, жаны таза халқымыз,

Кең даланы еркін жайлап, гүлдеген.

 

Бәрі бірге:

Күресейік белсеніп!

Қиындықты тастайық та еңсеріп!

Жас ұрпақпыз – халқымыздың қорғаны

«Болашағым» дейді бізге ел сеніп!!!

 

Балжан:

Алдарыңызда «Туған жер» әнімен 8 «А» сынып оқушысы Орынтаев Балғын. Қарсы алыңыздар!

 

 

Балжан:

Аман болсын балалар,

Аман болсын аналар,

Дені сау боп елімнің,

Аман болсын адамдар!

 

Нұрдәулет:

Жағымсыз істен аулақ бол,

Жақсы іске жақын бол!

Зиянды затпен жау болып,

Адамдыққа асық бол!

 

Балжан:

Бәрімізге белгілі 1-желтоқсан Тұңғыш Президентіміздің күні болып белгіленді.

 

Нұрдәулет:

Енді сіздерді бейбіт елдің болашағы ретінде сурет салу байқауына белсене қатысуға шақырамыз!

 

Балжан:

Байқау шарттарымен Жамбыл аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру филиалы жетекшісінің міндетін атқарушы Жеңіс Раушанбекұлы Мейрамбеков ағайымыз таныстырады.

(комиссия құрылып байқау жүргізіледі, жеңімпаздар марапатталады)

 

Нұрджәулет:

СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын мәселе, ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік мәселе. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында айтылғандай барша жастарды салауатты өмір салтына шақырамыз!

Балжан:

Құрметті қонақтар, жиылған қауым, бүгінгі – 1 желтоқсан бүкілдүниежүзілік АИТВ-мен күрес күніне арналған акциямызды жабық деп жариялаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сания:

Біз СПИД-ке қарсымыз!

Бүкіл әлем күресуде-

Індетімен ғасырдың,

Емін әлі таппады ешкім

Сол бір зұлым, пақырдың.

Күннен күнге ұлғаюда

Аурулардың саны деп,

Дәрігерлер дабыл қағып,

Шырылдады, аһ ұрды,

Дүние жүзі адамзатты

Қорғануға шақырды!

 

Бәрі бірге:

Күресейік белсеніп!

Қиындықты тастайық та еңсеріп!

Жас ұрпақпыз – халқымыздың қорғаны

«Болашағым» дейді бізге ел сеніп!!!

 

 

Айнұр:

Зұлым атты ғасырдың

Жазасызға жазалап сен тас ұрдың

Адамның ағза-миын жаулап алып,

Жейсің іштен аранындай қасқырдың.

Қоздырғышың вирус болса, жендетің

Өкпе,ми да құртылады демде тым.

Ортасына әсері бұл төзімсіз,

Түсінбеді-ау ғаламшардың бұл дертін

Обасы жиырмасыншы ғасырдың

СПИД-пен сеннен барша кекті алмақпын

Ұланымын жиырма бірінші ғасырдың

Қақпа жабам, саған жол жоқ, аулақ жүр!

 

Бәрі бірге:

Күресейік белсеніп!

Қиындықты тастайық та еңсеріп!

Жас ұрпақпыз – халқымыздың қорғаны

«Болашағым» дейді бізге ел сеніп!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

Мөлдір:

Жетті бүгін СПИД қазақ еліне,

Самал ескен белес-белес беліне.

Сақ болайық айта келген ажалдан,

Аямайды ол сені де, мені де.

Қазақ халқы «Өнер алды – тіл» деген

Арақ-шарап, темекіні білмеген

Тәні таза, жаны таза халқымыз,

Кең даланы еркін жайлап, гүлдеген.

 

Бәрі бірге:

Күресейік белсеніп!

Қиындықты тастайық та еңсеріп!

Жас ұрпақпыз – халқымыздың қорғаны

«Болашағым» дейді бізге ел сеніп!!!

 

 

 

Маржан:

Оу, адамзат, құлағың сал,

Саулық тіле басыңа,

Сақтана біл қайраттанып,

Енжар болма, жасыма.

Нашақорлық, ішідіктер

Ұрындырар тегінде,

Салауатты өмір салты

Тұрсын әркез есіңде!

 

Бәрі бірге:

Күресейік белсеніп!

Қиындықты тастайық та еңсеріп!

Жас ұрпақпыз – халқымыздың қорғаны

«Болашағым» дейді бізге ел сеніп!!!

 

Үшқоңыр Алатаудың қойнауыңда

Әкемнің ізі қалған жайлауыңда

Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп

Арқарың жайылатын аймағыңда

 

Ай, Үшқоңырым, туған жерім

Рахым нұры тұнған жерім

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім

Жүрегімде мәңгі есімің

 

Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар

Бабалар тұлпарының дүбірі бар

Бұл жерде Жамбыл-«Жәкең» өлең айтқан

Өнердің, ақындықтың тұғыры бар

 

Ай, Үшқоңырым, туған жерім

Рахым нұры тұнған жерім

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім

Жүрегімде мәңгі есімің

 

Шындарың Төле бидің қалпағындай

Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай

Жуасы, қарақаты, бүлдіргені

Әжемнің шекер қосқан талқанындай

 

Ай, Үшқоңырым, туған жерім

Рахым нұры тұнған жерім

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім

Жүрегімде мәңгі есімің

 

Көрінер сонадайдан анық маған

Шыңында қырандары қалықтаған

Самғаған қыранына құмар қылып

Өсірген ұландарын алып далам

 

Ай, Үшқоңырым, туған жерім

Рахым нұры тұнған жерім

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім

Жүрегімде мәңгі есімің

 

http://x-minus.org/track/18492/музарт-уш-коныр-минусовка.html

 

 

 

 

 

Текст песни МузАРТ — Уш Коныр

Posted on 14.01.2012 by MuzART team

 

Үшқоңыр Алатаудың қойнауыңда

Әкемнің ізі қалған жайлауыңда

Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп

Арқарың жайылатын аймағыңда

Қ-сы:

Ай, Үшқоңырым, туған жерім

Рахым нұры тұнған жерім

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім

Жүрегімде мәңгі есімің

 

Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар

Бабалар тұлпарының дүбірі бар

Бұл жерде Жамбыл-»Жәкең» өлең айтқан

Өнердің, ақындықтың тұғыры бар

Қ-сы

Ай, Үшқоңырым, туған жерім

Рахым нұры тұнған жерім

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім

Жүрегімде мәңгі есімің

 

Шындарың Төле бидің қалпағындай

Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай

Жуасы, қарқаты, бүлдіргені

Әжемнің шекер қосқан талқанындай

Қ-сы

Ай, Үшқоңырым, туған жерім

Рахым нұры тұнған жерім

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім

Жүрегімде мәңгі есімің

 

Көрінер сонадайдан анық маған

Шыңында қырандары қалықтаған

Самғаған қыранына құмар қылып

Өсірген ұландарын алып далам

Қ-сы

Ай, Үшқоңырым, туған жерім

Рахым нұры тұнған жерім

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім

Жүрегімде мәңгі есімің