Қазақстан тарихы пәнінде танымдық мәселені ойша іздестіру мен проблемалық жағдайды шешуде тұлғаның шығармашылық жұмысын қалыптастыру жолдары.

29

Қазақстан тарихы пәнінде танымдық мәселені ойша іздестіру мен проблемалық жағдайды шешуде тұлғаның шығармашылық жұмысын қалыптастыру жолдары.      

 

«Қазақстан тарихы» пәні оқушылардың білімін арттырып, ынталандырып, зейінін тұрақтандыратындай және психологиялық жаттығулар жүргізуге негізделген және олардың дүние танымын жетілдіру  мақсатында сабақта«Проблемалық оқыту технологиясын» қолдануға болады. Оқушыларға негізгі тақырып мазмұнын түсіндіру арқылы, олардың ой еңбегіне негізделген үй тапсырмаларын орындауы мен өздік жұмыстарды істеуде «Проблемалық оқыту технологиясы» өзіндік мүмкіндіктер береді. Сабақ барысында салыстырмалы түрде проблемалық жағдайлардың себебін, ұқсастығы мен салдарын анықтауда мүмкіндіктер алып және қажетті сұрақтардың шешімдерін табуға оқушылар бағыт – бағдар  алады.

Танымдық мәселені ойша іздестіру мен проблемалық жағдайды шешу ақыл-ойды қалыптастырады және шығармашылық жұмыста тұлғаны қалыптастыруда мұның  өзіндік ролі бар. Мұғалім сабаққа дайындық барысында ең алдымен, пәнге арналған оқу бағдарламамен танысуы тиісті және қажетті оқу жабдықтары- кестелер, сызбалар, үлестірме, дидактикалық материалдарды, білім беру әдісі мен тәсілдеріне көңіл бөледі. Осы сабақ тақырыбына байланысты конспект, сұрақтар мен шешімдерді де қарастырады.

Қазіргі уақытта жалпы орта мектептерде оқу процесінде негізгі өзекті мәселе: қайткенде де оқушының дүниетанымдық қабілетін жетілдіру болғандықтан, оған білім беру негізінде мысалы, оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында проблемалық оқыту әдістерін қолданудың өзіндік ролі ерекше.

Пәндегі атқарылатын тәжірибелік жұмыстың іс жүзінде оқушының танымын қалыптастыруда және келешекте өзіне тиісті мамандықты таңдауда маңызы бар. Өйткені  «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мұғалімнің алға қойған негізгі мақсаты  оқушылардың өздері өткен  тақырыптары мен тараулардан алған білімдерін жинақтай білуге, оны есте сақтауға, өзіндік талдауға, тұжырымдай білуге дағдыландыру болып табылады. Пәнге деген қызығушылығын арттыру бағытында оқушылардың алған білімдерін тереңдету болмақ. Осылайша дәріс беру іскерлікті, іздемпаздықты, оқушылардың байқау қабілетін жетілдіруге, сонымен бірге сөздік қорын молайтуға мүмкіндіктер береді.Проблемалық оқытуда оның алғы шарттарын С.Л Рубенштейн, Н.А Мечинская, Г.С Костюк, А.М Матюшин т.б. өз еңбектерінде: «Жаңа ұрпақ жастары білім қорын қабылдап, өзінің танымдық қабілеттерін тек өздерінің белсенділігімен, өзіндік ізденулерімен ғана дамыта алады» деген болатын. «Қазақстан тарихы» пәні  бойынша оқушылардың алған білімдерін қортындылау және сабақ барысында ой элементтерін пайдалана отырып оқушылардың көңіл күйін көтеру, өз қатесін ұғынуға және эстетикалық талғамын арттыруға тәрбиелеуде проблемалық оқытудың өзіндік ролі бар.