ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері

173

Атырау облысы,

Жылыой ауданы,

№22 жалпы орта білім

беретін мектептің тарих

пәні мұғалімі: Аманбаева Жазира Куановна

 Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи әлеуметтік жағдай туралы түсініктерін тереңдете отырып, қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары мен оның көрнекті өкілдері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын  арттыра отырып, топпен жұмыс жасату арқылы ізденгіштік, шығармашылық, жауапкершілік және танымдық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Жас ұрпақты өз елінің тарихын білуге, жыр құндылықтарын құрметтейтін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, интерактивті оқыту әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игерту.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүние жүзі тарихы, география,  ән

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, алтын теңгелер, таратпа тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
  2. Топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

І айналым

«Сұрақ бізден, жауап сізден».

1 минут уақыт беріледі. Жылдамдыққа арналған сұрақтар.

  1. ХІХғасырдың басында Қазақстанда ағарту ісі негізінен шәкірттерге қандай мазмұндағы кітаптарды, қай діннің қағидаларын үйретумен шектеледі? “Шариғат-ұл – иман”, “Әпитек”

2.Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы қандай қалаларда орысша сабақ өткізілетін мектептердің ашылуына байланысты болды? Омбы, Орынбор, Семей, Орал

  1. Ішкі Орда ханы Жәңгір ханның ұйымдастыруымен ашылған мектепте сабақ қандай тілде жүрді? Орыс және татар тілінде
  2. «Бекей мен Мәулен» повесін жазып, Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын зерттеген кім? В. И. Даль
  3. А.С.Пушкин Оралда қандай поэмамен танысты? “Қозы Көрпеш –Баян сұлу”
  4. 1837 жылы қандай оқу орны ашылды? Сібір кадет корпусы
  5. Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлаумен айналысатын Орынбор қаласындағы әскери училище ашылған жыл?  1825 жыл

 

  1. В.И.Даль қай жылдары Орынбор әскери губернаторының жанында арнайы тапсырмаларды орындайтын шенунік қызметін атқарған? 1833-1841 жж.
  2. 1813ж.қандай қалада әскери училище ашылды? Омбы
  3. Қазақ жерін топографиялық зерттеумен айналысқан орыс саяхатшылары? .П. Ковалевский, Н.А. Северцев, П.И. Небольсин

11.Бөкей Ордасындағы Жәңгір ханның мектебі қай жылы ашылды? 1841  жыл

  1. “Капитан қызы” еңбегінің авторы? А.С.Пушкин

13.Қай жылдары Г.С.Карелин Каспий теңізін зерттеумен шұғылданды? 1848-1849 жж

14.1831ж.18-қыркүйекте қай қалада әскери училище ашылды? Семей қаласы

15.В.И.Даль қай жылдары және қандай көтерілісті басқарған батырларға жанашырлық білдірді?

Исатай мен Махамбет

ІІ айналым

«Тұлғаны таны».

Шарты: оқушылардың жасырған тұлғасын көмек арқылы табу. Әр көмек берген сайын 1 ұпай шегеріледі.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Кіріспе. Мұғалім сөзі:

Қазақ даласы ХІХ ғасыр басында көп қиындықты өткеріп, өзегі өртке толып тұрған.  ХІХ ғасырдағы Ресей империясының отарлау саясаты  тек батырлардың ғана емес, қазақ әдебиеті мен ауыз әдебиетінің де шарықтауына жол ашты.  Ақындар мен суырыпсалма жыршылар қазақ халқының ерлік күресін, ержүректігін, батырлар мен қолбасшылардың халыққа адалдығын, берілгендігін жан жақты жырға қосты. Сонымен қатар халқын сатқан хандарды, сұлтандарды, билерді де ашық сынап отырды.

Бұл жырлардың тарих үшін маңызы орасан зор.

  1. Авторлар тарихи оқиғаларға тікелей қатысқан, көзімен көрген.
  2. Қазақ халқының батыр ұлдары туралы тамаша шығарма туғызу арқылы өткен заманның дәстүрлерін, тарихи тұлғалардың нақты есімдерін кейінгі ұрпаққа жеткізді.
  3. Қазақ халқының жаңа ұрпағын тәуелсіздік жолындағы ерлікке, отаншылдыққа, қазақ халқының рухани мұраларын қастерлеуге тәрбиелейді.

Халықтан шыққан аса ірі ақындар қатарына :

Досқожа, Нысанбай, Махамбет, Шернияз, Шөже сынды ақын жыраулар болды. Бұл ақын жыраулардың деректері Тәуелсіздік алғанға дейінгі  жылдарда архивтерде тұмшаланып жатып, қазіргі таңда  назарға алынып, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптасты.

Сөзіңе – сөнбес жұлдыз тең,

Жалыныңда айбын бар

Керек емес даңқыңа

Белгі темір, кеспек қыш.

От жырларын халқына —

Өшпес мәңгі ескерткіш!- дегендей XIX ғасырдың I жартысындағы өмір сүріп, өз жырларымен сол заман шындығын жырлаған қазақ әдебиетінің өкілдері туралы шығармашылық тапсырмаға кезек  беріледі.

ІІІ айналым

Шығармашылық тапсырма қорғау.

1 топ:           

Дулат ақын,

Заман жыры толғаған,

Бодандықтан тәуелсіз,

Жұрт болуды қорғаған.

Отарлаған патшаға,

Әділет іздеп,

Жыр найзасын жолдаған- дегендей алғашқы шығармашылық тапсырманы қорғауға І топты шақырамыз.  

1 топ:

  1. Дулат Бабатайұлы
  2. Шортанбай Қанайұлы

2 топ: 

  1. Шернияз Жарылғасұлы
  2. Шөже Қаржаубайұлы

3 топ:

  1. Сүйінбай Аронұлы
  2. Мұрат Мөңкеұлы

 

ІV. Сергіту сәті.

  1. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

ІV айналым

«Картамен жұмыс».

Шарты: ХІХ ғ. І жар. қазақ әдебиетінің көрнекті өкілерінің туып өскен жерін кескін картада белгіле. 1 минут уақыт беріледі.

V айналым

А. «Кестемен жұмыс».

Шарты: 1минут 30 секунд уақыт беріледі. Бірінші бітірген топқа 1 ұпай беріледі.

Сипаттама Жауабы
Ол елін, жерін жанындай сүйді, озбырлық саясат жүргізіп отырған патша отаршылдарын, халық жерін талан-таражға салған билеуші топты әшкереледі, оған қарсылығын жасырмады. Серігі қаза болғаннан кейін де, ол халықты көтерілісті жалғастыруға шақырады. Ол кім? Махамбет Өтемісұлы

 

Тапқыр,тілге жүйрік,Жамбыл Жабаевтың ұстазы болған. Сүйінбай Аронұлы
Жастайынан өзінің тапқырлығымен көзге түскен, 1812 жылы оны Бөкей хан беріш руының Жайық бөлігінің старшыны етіп тағайындаған. Махамбеттің серігі болған кім? Исатай Тайманұлы

 

Жастай екі көзінен бірдей айырылса да,қобыз тартып, өлең айтуға машықтанады. Шөже Қаржаубайұлы
Шөже Қаржаубайұлының өнерін жоғары бағалаған, «суырып салма ақын» деген баға берген, Сібір кадет корпусының түлегі. Шоқан Уәлиханов
Орта Жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Оның “Өсиетнама» дастанын 1880 жылы патша үкіметі тыйым салған. Дулат Бабатайұлы

 

В. Топ басшылар сайысы

1 топ басшысына сұрақтар

  • Исатай –Махамбет көтерілісі болған жыл:1836-1838жж.
  • « Кенесары- Наурызбай» жырының авторы: Нысанбай Жаманқұлұлы
  • Сырым Датұлы көтерілісі қай жүзді қамтыды: Кіші жүз
  • Хиуа бекінісін құлатқан батыр? Жанқожа
  • Ұлы жүздің соңғы ханы: Батыр (1718-1726жж.)

2 топбасшысына сұрақтар

  • Кенесары көтерілісі болған жыл: 1837-1847жж.
  • «Үш қиян» шығармасының авторы: Мұрат Мөңкейұлы
  • Кіші жүзді Ресейге қосқан: Әбілқайыр
  • Жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда көзге түскен батыр: Қанжығалы Бөгенбай
  • Орта жүздің соңғы ханы: Кенесары (1841-1847жж.)

3 топбасшысына сұрақтар

  • Сырым Датұлы бастаған көтеріліс болған жыл: 1783-1797
  • «О, Сарыарқа, Сарыарқа» жырының авторы: Дулат Бабатайұлы
  • 1771 жылы Орта жүздің ханы болып сайланған: Абылай
  • Қазақ жеріне ең  алғаш  1735  жылы салынған бекініс? Ор
  • Кіші жүздің соңғы ханы:  Жәңгір(1823-1845 жж.)

VІ. Қорытындылау кезеңі

А. Оқушылардың білімін бағалау.

  • Жеңімпаз топты анықтау
  • Топбасшыларына ынталы, жақсы жұмыс жасаған сайыскерлерге баға бергізу, ой пікірін айту;

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, мемлекетіңнің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» .

Н.Ә.Назарбаев

В. Үйге тапсырма:

  1. Оқу, түсінік айту
  2. Кесте толтыру
Аты -жөні Өмір сүрген жылы Туған жері Ақын шығармалары Мазмұны