Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілі ретіндегі Президенттің рөлі

204

Тақырып: Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілі ретіндегі Президенттің  рөлі

Мақсаты: Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметін саралай отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың рөлін анықтау.

Білімділік: оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру;
Дамытушылық: басқа ұлт өкілдерінің  мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау,
сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа,өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың түрі:ашық ой сабағы

Сабақтың әдістері: шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: слайд- презентация, көгершіндердің суреттері, Бейбітшілік және Келісім сарайының суреті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Интерактивті тақтадан Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы шағын бейнеролик көрсетіледі

Мұғалім:Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 20 жылға толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы деп қолымызбен құрған Ассамблея дүниеге келгеніне 20  жыл болды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды» деген Елбасы, елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған Қазақстан Халық Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясын «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуының мәніне тоқталды (слайд № 1-2)
ІІ. Негізгі кезең:
Мұғалім: Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» деген. Біздің елімізде 130 дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрік және тағы да басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз. Бүгінгі  сабағымызды осы тақырыпқа арнаймыз.

 

1.Таныстыру (слайд №3-5)

1 топ —  «Бір халық». Ұранымыз:  «Барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер»

2 топ – «Бір ел». Ұранымыз: «Барлығымыз үшін ортақ Отан»

3 топ – «Бір тағдыр». Ұранымыз: «Біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер

2.Қазақстан Халық Ассамблеясы: (слайд №6)

1 топ«Бір халық».: Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған.ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзірбайжан, айсор, юнан, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар.

2 топ – «Бір ел». Ассамблея: мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — Қазақстан Республикасының  Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады.

3 топ «Бір тағдыр».ҚХА-н құру идеясын алғаш рет Қазақстан Республикасы  Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды. ҚХА 2003 ж. дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.

Мұғалім:Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой (слайд №7)

  1. Шығармашылық жұмыс

Әр топқа шығармашылық тапсырма беріледі. Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстанның ертеңі біздің қолымызда». Аталған тақырып бойынша оқушыларға                  формада парақ беріледі. Сол параққа топ мүшелері ұсынылған тақырып бойынша мини- жоба жасайды.

  1. Мини- жобаны қорғау

(тақтада топтардың жасаған жұмыс парақтары ілінеді. Топ жетекшісі қорғайды).

«Бір тағдыр»
«Бір халық»
«Бір ел»

 

 

 

 

 

 

 

  • Біздің жасаған фигураларымыз Астананың қандай басты символының фундаментіне ұқсайды?
  • Қазақстан жұртының бір халқын, бір елін, бір тағдырын кім шаңырақ астына біріктіріп отыр?
Президент

Н.Ә.Назарбаеввв

 

  • Біз құрып шыққан фигура Астананың қандай символына ұқсайды? Бұл ғимараттың атауы қандай?

 

(Слайд №8)

 

 

 

«Бір ел»
«Бір халық»
«Бір тағдыр»

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды:

Мұғалім:Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша, ел иесі ретінде қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсетпестен, ұлтына, тілі мен дініне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін, Ата Заңды айқындадық. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдадық. Ал Елбасының тапсырмасымен дайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат болып табылады. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Оларды жүзеге асыру жаһандық өзгерістердің күрделі жағдайында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін барлық күш — жігермен нығайту қажет. Өйткені, біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз!» – деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы. Ендеше осыған бәріміз де дайын болуымыз керек

1 топ«Бір халық».: Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған.ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзірбайжан, айсор, юнан, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 топ – «Бір ел». Ассамблея: мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — Қазақстан Республикасының  Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады.

 

 

 

 

 

 

 

3 топ «Бір тағдыр».ҚХА-н құру идеясын алғаш рет Қазақстан Республикасы  Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды. ҚХА 2003 ж. дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.

Мұғалім:Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой