Сабақтың тақырыбы: 1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

65

                                         

Сабақтың тақырыбы: 1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Еліміздің азаттық жолындағы Кенесарының ерен еңбегі мен қажымас ерлігі, хандық билігі мен саясаткерлігін ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушының тарихи оқиғалар ментарихи тұлғаларға көзқарасы мен пікірін білдіріп тұжырым жасай білу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың патриоттық сезімін шыңдау.

Сабақтың типі: Білімді жинақтау, қорыту. СТО технологиясы бойынша.

Сабақтың әдісі: жеке, жұпта, топта жұмыс

Сабақта қолданылатын стратегия: Ой қозғау, Венн диограммасы, «Кезектесіп қайталау», ИНСЕРТ.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру
  • Топқа бөлу (1 топ – Азаттық, 2 топ – Теңдік, 3 топ — Егемендік)
  • Әр сатыға тоқтау
  • Әр түрлі тапсырмалар беру
  • Қорытындылау
  • Бағалау
  • Үйге тапсырма.

Сабақты жүргізу жоспары

 

  1. Қызығушылықты ояту сатысы

 

Мақсаты:                                             Балалар, сендер өз беттеріңмен

Негізгі түйінді мәселе                           алдын – ала даярланып келдіңдер біз

қою арқылы оқушылардың                  бұл тақырыптың 1 – ші  бөлімін

ойын қозғау                                           өткен сабақта өткен болатынбыз,

Абылай ханның тұқымынан Ресейдің

отарлық саясатына қарсы ашық

күрескендер кімдер?

 

       Венн диаграммасы бойынша әр топ жұмыс жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мағынаны ажырату сатысы

 

Мақсаты:                                         «Кезектесіп қайталау» стратегиясы

Оқушылардың зерттеушілік           бойынша сағат тілімен топтан ақпарат

дағдысын қалыптастыру                  ауыстырылып, 3 топта бір – бірінің

тұжырымдамаларын толықтыруға

мүмкіндік алады. Нәтижесінде

кішігірім ғылыми – деректі жоба

жазылады.

 

  1. Ой толғаныс

 

Мақсаты:                                      Әр топтың спикері тақтаға шығып

Ғылыми – деректі жобаны          ғылыми – деректі жобасын қорғайды

қорғау

 

Қорытындылау: ИНСЕРТ

          

Нені білемін Нені білдім Нені білгім келеді
     

 

 

Хан Кене  еріксіз туған жері Көкшені қалдырыпСарыарқамен қош айтып, Оңтүстікке бет бұрды. Сол жақтан қолдау  тауып, озбырлыққа қарсы күресті жалғастыруды мақсат етті. Күрес жолында ұлы жүздің батырлары Сыпатай, Рүстемнің сатып кетуінің салдарынан Қырғыз манаптарыын Ресей империясы айдап салып, Кенесары қапыда қолға түсіп, қайғылы қазаға ұшырады. Бірақ Кенесары қозғалысы үш жүзді қамтыған ірі қозғалыс болды.

 

Мағжан Жұмабаевтың мына шумақтарымен сабағымды аяқтағым келеді.

 

Арқада Көкшетауға жер жетпейдй,

  Басқа жер көңілді ондай тербетпейді,

Ту тіккен Абылай ата кең даламда,

Қазақта Хан Кенеме ер жетпейді.

 

Үйге тапсырма: 1. Тақырыпта оқып, мазмұндау

  1. Эссе жазу: Егерде мен Кенесары болсам……………
  2. «Нені білгім келеді?» бөлімін үйде жазып келу.