Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. (XV ғасырдың соңғы ширегі)

99

Сабақтың тақырыбы:     Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы.     (XV ғасырдың соңғы ширегі)

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, қазақ ұлттық мемлекетінің  құрылуының тарихи маңызы туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру;

  • Дамытушылық:

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру, өз ойларын айтуға жетелеу, ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Тәрбиелік:

Қазақ хандығының  ішкі және сыртқы саяси жағдайын баяндай отырып, қазақ хандарының мемлекет құрудағы көреген саясатына оқушылардың назарын аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, топтастыру, эссе.

Көрнекілік: карта, сызба, презентация, бейне материал.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:      Қазақ хандығының құрылуы.

1-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар.

І Деңгей. Жауап берген оқушыға 10 ұпай беріледі.

  1. Жәнібек пен Керей қай жылы, қай жерге қоныстанды?

Жауабы:     1465-1466жж. Батыс Жетісу, Қозыбасы.

  1. Жәнібек пен Керейдің қайсысы бірінші хан болды? Неліктен?

Жауабы:     Керей; жасының үлкендігі ескерілді.

  1. Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп, қай хандыққа көшіп барды?

Жауабы:    Әбілхайыр хандығынан; Моғолстанға.

ІІ. Деңгейлік тапсырмалар.

  1. Әбілхайыр хан билігіне наразылық неге күшейе бастады?

Жауабы:    Тоқтаусыз қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі.

  1. Жәнібек пен Керей не себепті Моғолстан жеріне көшті?

Жауабы:    Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді.

  1. Қазақ мемлекетін қалыптастырған басты себептерді атаңдар?

Жауабы:   Халық болып құрылуы, жүздердің айқындалуы, әлеуметтік қатынастардың нығаюы.

ІІІ. Деңгейлік тапсырмалар.

1.Әбілқайыр хандығының әлсіреуі мен Қазақ хандығының құрылуында қандай байланыс болды?

2.Қазақ хандығының құрылуында Моғолстанның қандай маңызы болды?

  1. Жәнібек пен Керей саясаты туралы не айтуға болады?

2-тапсырма. Картамен жұмыс. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қазақ тайпаларының географиялық орналасуын көрсетіңдер.

Жаңа сабақты меңгерту:

  • 36. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы (XV ғасырдың соңғы ширегі)

Жоспар:

  • Хандықты басқару ісі.
  • Хандықтың ішкі жағдайы.
  • Сыртқы саяси жағдайы.
  • Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы.

 

Ой шақыру.

-Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері? (Жетісудың батысы; Шудағы Қозыбасы.)

-Қазақ хандығының алғашқы хандары? (Жәнібек, Керей)

-Қазақ хандығының құрылған уақыты? (1465-1466жж; XV ғасырдың

ІІ жартысы.)

  • Хандықты басқару ісі.

Оқулықпен жұмыс.“Түртіп алу” стратегиясы. Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысып, кестені толтырады.

 

Бұрынан білемін       Білгім келеді        Мен үшін жаңалық

 

  • Хандықтың ішкі жағдайы. «Топтастыру» стратегиясы.

Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысып, топтастыру құрады.

Сыр бойындағы қалалармен сауда-саттықты орнатуы

Көшпелі тайпалардың Жетісуға көптеп шоғырлануы

Отырықшы егіншілік дамыған аудандармен байланыс орнатуы

Қала, қыстақ-кенттермен байланыс орнатуы

 

«Қазақ хандығының алдына қойған тарихи міндеттері» бойынша бейне материал көрсету.  «Қазақ елі. Қазақстан тарихы» 1-бөлімінен үзінді.

Қазақ хандығы алдындағы тарихи міндеттер:

  • Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдалануындағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру.
  • Сырдария бойындағы қалаларды қазақ хандығына қарату.
  • Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру.
  • Сыртқы саяси жағдайы. Топтастыру.

Бейне материал көрсету.  «Қазақ елі. Қазақстан тарихы» 3-бөлімінен үзінді.

Сырдария бойы менг Қаратау өңірін басып алды

Темір әулетінің Шайбаниден жеңіліс тапты

Алтын Орда ыдырап, бірнеше хандықтар пайда болды

Моғолстан хандығы бірнеше иелікке ыдырады

Әбілқайыр билігінің жойылды

 

Қазақ мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы. 5минуттық эссе жазу.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1-тапсырма.  «Тұлғаларды таны».

  • Қазақ сұлтандарына өз жерінен жер беріп, олардан өз ағасына қарсы және ойраттарға қарсы күреске пайдаланбақшы болған монғол ханы?  (Есен-Бұға)
  • Қазақ сұлтандары бөлініп шыққан көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі. (Әбілқайыр)
  • Ақ Орданың соңғы ханы, Қазақ хандығын құрушылардың бірінің әкесі. (Барақ)
  • Қазақ хандығының құрылуы туралы жазып қалдырған орта ғасырлық тарихшы. (Мұхаммед Хайдар Дулати)
  • Қазақ хандарымен Сыр бойындағы қалалар үшін 30 астам соғысқан Әбілқайыр ханның немересі. (Мұхамед Шайбани)

2-тапсырма. Тарихи сынақ хат.

  • Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды.
  • Сыр бойындағы қалалар Қазақ хандығының құрамына қосылды.
  • Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс тапқан Шайбани хан Бұхараға қашты.
  • Қазақ жасақтары Сауранды қайтарып алған соң, жау қолындағы Отырар қаласын қоршауға алды.
  • Қазақ халқының тарихында қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды.

Бағалау

Үйге тапсырма

  • 36. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. (XV ғасырдың соңғы ширегі.)
  • Қазақ хандығы күрескен Сыр бойындағы қалаларды кескін картаға түсір.
  • «Қазақ хандығын мен Қазақстан Республикасы» Венн диаграммасын құру.