XI – XV ғасырлардағы Испания

68

XI – XV ғасырлардағы Испания

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: XI – XV ғасырлардағы Испанияның саясидамуын оқып – білу, испандықтардың арабтарға қарсы күресінің барысымен танысу және Испанияның бірігу үдерісін оқып білу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, салыстыру, қорытынды жасау, тарихи фактілерге сараптама жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оққушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, оларды мәдениет құндылықтарын сақтауға және толеранттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Әдістер: Репродуктивті, жартылай іздену, проблемалық, ауызша баяндау, көрнекілік, практикалық.

Көрнекілік құралдар: «Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа елдері» картасы, оқулық, слайдтар, «Ойлан, тап!» электрондық ойыны, қосымша деректер.

Дидактикалық материалдар: терминологиялық сөздік, сызбанұсқа, тест, сұрақтар.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушыларды сабаққа эмоционалдық – психологиялық бағыттау.

ІІ Жаңа сабаққа әзірлік.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Арабтармен күрес.
  2. Реконкиста.
  3. Испанияның бірігуі.
  4. Католик шіркеуі.
  5. Инквизиция және күпірлерге қарсы күрес.

Испания – Батыс Еуропадағы аса ірі мемлекеттердің бірі. Оның қазіргі дамуы туралы қысқаша тоқталайық.

Оқушының  қосымша дерегі айтылады.

Біз бүгін бір орталыққа бағынған Испанияның тарихын қарастамыз.Ол үшін арабтар Испанияға қалай келгенін білу шарт.

Оқушының қосымша дерегі.

 

711 – 714 жылдары Пиреней түбегіндегі Вестгот корольдігіне арабтар өз үстемдігін орнатты. Вестготтағы арабтарды маврлар деп атаған. Өйткені Олар Солтүстік Африкадағы Мавритания деген жерден келген.Вестгот корольдігі кейін Испания деп аталды.

Сабақ барысында жаңа термин сөздерді сөздікке жаза отырыңдар.

Арабтардың келуімен Испания елінде болған өзгерістерді тауып, сызбанұсқаға түсіріңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызбанұсқаның орындалуы тексеріледі.

Араб әмірлігінің астанасы Кордова қаласы Еуропаның аса ірі қолөнер, сауда және мәдени орталықталығына айналды.

 Кордова қаласында мәдени және қоғамдық өмірдің қандай жақтары дамыды?(Оқулықпен жұмыс).

 

Кордова қаласының кейбір жерлеріне назар аударайық.

 

 

 

Альгамбра сарайы туралы қосымша дерек оқылады.

 

Жергілікті христиан дініндегі халықты арабтарға қарсы айдап салу күресі реконкиста деп аталды. Арабтар ресконкистаның нәтижесінде
Пиренейдің қиыр солтүстігіндегі Гранада әмірлігін ғана иемденіп қалады.

Гранада әмірлігі туралы қосымша деректі оқушы  айтып береді.

Гранада әмірлігінің астанасы Гранада қаласы.

1479 жылы Арагонның королі Фердинанд Кастилия ханшайымы Изабеллаға үйленеді. Екі корольдік бірігіп, Испан корольдігі деп атала бастайды.

Арагонның королі Фердинанд пен Кастилия ханшайымы Изабелла туралы қосымша дерек айтады.(Слайдтар көрсетіледі).

Испания королі өткізетін әлеуметтік топ өкілдерінің жиналысы
кортес деп аталды.

Кортеске қандай әлеуметтік топтар қатысқандығын оқулықтан тауып, таратып берілген сызбанұсқаға толтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Испания мемлекеті осылайша бір орталыққа бағынған алпауыт мемлекеттердің біріне айналған болатын. Қазір Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт осы мемлекетке қатысты болып отыр, сондықтан қазіргі таңдағы Испания және оның Қазақстанмен байланыстары туралы қосымша мәліметке назар аударайық.

Қосымша дерек оқылады, слайдтар көрсетіледі.

Испан корольдері өз мемлекетін таза христиандар еліне айналдыру мақсатын көздеді. Дінбасылардың байлыққа ұмтылуын сынап, христиандыққа қарсы пікір айтушыларды күпірлер деп атады. Күпірлермен күресу үшін 1480 жылы инквизиция құрылды.

Инквизицияның кейбір көріністеріне назар аударайық.

 

Инквизицияны қатігез, зұлым Томас Торквемада басқарды.

Томас Токвемада туралы қосымша дерек оқылды, слайд көрсетілді.

Инквизицияның зардаптары қандай болды? (Оқулықпен жұмыс).

Мемлекеттегі саяси билік мықты болуы үшін жазалау шараларын қолдану орынды ма?

Елде басқа дінді ұстанушыларға қатаң жаза қолдану дұрыс па, ол ел болашағына қалай әсер етеді? (пікірталас).

 

IV Бекіту кезеңі.

  1. Тест

 

  1. Пиреней түбегіндегі Вестогот корольдігіне арабтардың үстемдік орнатқан жылы:

А. 700-714 ж.ж.

В. 711-714 ж.ж.

С. 745-780 ж.ж.

  1. Арагон королі Фердинанд пен Кастилия ханшайымы Изабелланың құрған мемлекеті қалай аталады?

А. Вестогот корольдігі.

В. Португалия корольдігі.

С. Испания корольдігі.

  1. 3. Инквизиция қай жылы құрылды?

А. 1440 ж.

В. 1480 ж.

С. 1470 ж.

  1. Арабтардың Кордова қаласында салдырған сарайы қалай аталады?

А. Альгамбра.

В. Гранада.

С. Астурия.

  1. 5. Вестогот корольдігіне келген арабтарды кімдер деп атады?

А. Маврлар.

В. Луврлар.

С. Инквизиторлар.

  1. 6. Христиан дініндегі халықты арабтарға қарсы айдап салу қалай аталады?

А. Маврлар.

В. Кортес.

С. Реконкиста.

  1. 7. Испания королінің өткізетін жиналысы:

А. Кортес.

В. Отырыс.

С. Инквизиция.

  1. Аутодафе қандай мағынаны білдіреді?

А. «Қайтарып алу».

В. «Намыс ісі».

С. «Тәрбиелеу».

  1. Христиан дініне еніп, шоқынуға көнбеген адамдарға қандай жаза қолданылды?

А. Айыппұл төлетті.

В. Өлім жазасына кесілді.

С. Ешқандай жаза қолданылмады.

  1. «Ұлы инквизитор» аталған кім?

А. ІІ Фердинанд.

В. VI Альфонс.

С. Томас Торквемада.

 

Тест жауаптары:

  • В
  • С
  • В
  • А
  • А            Жұптық тексеру арқылы жүзеге асады.
  • С
  • А
  • В
  • В
  • С

 

Бағалау санаттары:

9-10 – “5”

6-8 – “4”

  • – “3”

 

2.Ауызша сұрақтарға жауап беру.

 

  1. Реконкиста деген не? Ол қашан, немен аяқталды?
  2. Испанияның бірігуі қалай жүрді?
  3. Күпірлерге қарсы күрестің мақсаты қандай болды?
  4. Инквизиция деген не?

V Қорытындылау.          

Оқушы мен мұғалім қорытынды жасайды.

VI Бағалау.

VII Үйге тапсырма беру.

  • § 16 оқу, мазмұндау.
  • Термин сөздерді жаттау.
  • § 17-ге Венеция, Флоренция туралы қосымша дерек әзірлеу.