Сабақтың тақырыбы: §4. Франция

157

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §4. Франция

Сабақтың мақсаты:

  • Францияның соғыстан кейіңнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына сипаттама беріп, әлеуметтік шиеленістің себебін, Францияның көппартиялық жүйесінің ерекшелігін және экономикалық дағдарыстың ел өміріне әсерін нақты факторлармен ашып көрсету.
  • Француз фашизмі туралы түсінік бере отырып,, оның герман және итальян фашизмінен айырмашылығына талдау және тиісті тиісті қорытынды жасай білуге баулу.
  • Халықтың майданның қалыптасуы туралы әңгімелеп, жүргізген шараларының маңызына тоқталып, ең бастысы, Францияда фашизмнің билеп-төстеуіне тосқауыл болғанын атап, оқушыларды фашизмге, ымырасыздыққа қарсы тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карталар (ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Франция, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа)

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Ұлыбритания үшін Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы қандай болды?
  • Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саястына талдау жасаңдар.
  • Лейбористер партиясының күшеюі неден көрінді? Олардың үкімет басындағы тәжірибесін сипаттаңдар.
  • Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарын ашып көрсетіңдер.
  • Англиядағы қандай партияның өкіметі немістердің сыртқы саясатын қолдады?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Соғыстан кейінгі Франция
  2. Франциядағы экономикалық дағдарыстардың ерекшеліктері
  3. Француз фашизмінің ерекшеліктері
  4. Халық майданының қалыптасуы

Негізгі оқиғалар:

  • 1919 жылы Францияда 2,2 мың ереуіл болып, оған 2 млн жұмысшы қатысты.
  • 1924-1926 жылдарда солшыл блок үкіметі билік басында болды.
  • 1930 жылы экономикалық тоқырау басталды.
  • 1924 жылы «Патриоттық жастар» лигасы құрылды.
  • 1927 жылы «Әскери крест» лигасы құрылды.
  • 1934 жылы Халықтық майдан құрылды
  • 1936 жылы Халықтық майдан партиясы парламент сайлауында жеңіске жетті.
Лигалардың аты Лигалардың талаптары
1 «Француз әскери лигасы» Фашистік диктатура орнату
2 «патриоттық жастар» лигасы «Алтын парламентті» жою, күшті атқарушы өкімет құру.
3 «Әскери крест» «Коммунизмді құрту», «Сатқын демократияны»

 

Сабақты бекіту:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің ішкі өмірінің қандай саяси ерекшеліктері болды?
  • 1919-1920 жылдардағы мемлекеттегі әлеуметтік шиеленістің себебі неде?
  • Француз көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін атаңдар
  • Экономикалық тоқырау Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне қалай әсер етті?
  • Б.Ү.Ү. кестесі.
Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді
 

 

 

 

 

 

   

 

Қорытындылау, бағалау:

Үйге тапсырма: §4