Наурыз тойы

35

№67. Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы                                

Сабақтың мақсаты: а) Наурыз мерекесі , оның тарихы туралы түсініктерін  қалыптастыру  ә) Оқушылардың наурыз мерекесі тақырыбы барысында логикалық ойлау   қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б)  Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, паш етуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:  -Балалар, Наурыз мерекесі қай кезден  тойланады?  -Наурыз мерекесінде ел-жұрт бір-бірімен қалай амандасады? -Қандай ақ тілектер айтылады?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Балалар, наурыз мерекесінің ең басты асы не?   -Дұрыс, Наурыз көже

  1. Мақсат қою кезеңі: -Балалар, Наурыз мерекесі жылдың қай мезгілінде тойланады?

-Басқа мерекелерден ерекшелігі неде?

  1. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс 115-жаттығу
  2. Сөздерді оқыңдар. Жаса, жина, сыз, сөйле, тасы
  3. Берілген үлгі бойынша сұраққа тиісті жауап жазыңдар.

Үлгі: не істеді?                    Не істейді?

Жасады                          Жасайды

Өлеңді жаттап алыңдар.

Наурыз тойы

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді-салтымыз:

«Көгерсін!» деп халқымыз

Көшеге тал егеді         Ә.Табылдиев.

Наурызда қандай игі істер атқарылады?    Наурыз тойы туралы әңгімелеңдер.

VI.Жаңа материалды пысықтау: 116-жаттығу. 1Өлеңді түсініп оқыңдар.

Көкорайға қонғанда,

Қозылар ойнар дүркіреп.

Жаздың күні болғанда,

Жаңбыр жауар күркіреп.                    Шәкәрім.

  1. Қарамен жазылған сөздерге төмендегі қимылды білдіретін сөздердің тиістісін қосып жазыңдар. Керекті сөздер: ойнақтайды, жауды.

VII.Бекіту  кезеңі:   Наурыз мерекесінің басқа меркелерден ерекшеліктерін паш ету.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау: Наурыз тойы өлеңін жаттау.