Заттың сынын білдіретін сөздер.

26

№70 Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер.

Кел, балалар,оқылық! Мақал.

Сабақтың мақсаты:  а) оқушыларға заттың сынын білдіретін сөздер туралы

түсініктерін кеңейту.Ы.Алтынсарин туралы түсінік беру.ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту, тілін, сөйлеу    мәдениетін, жылдамдықтарын дамыту. б)  таз, ұқыпты, қатесіз жазуға, өлеңді мәнерлеп оқуға, өз ойын  ашық айта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер, Ы.Алтынсарин суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығынакөңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақтарды еске түсіру. Дыбыс дегеніміз не?   Әріп дегеніміз не? Сөз неден құралады? Сөйлем неден құралады?Дауысты дыбыстарды ата?   Дауыссыз дыбыстарды ата?  Алфавит дегеніміз не?қазақ алфавитінде неше әріп, неше таңба бар?   Дауыстылар нешеге бөлінеді?  жуан дауыстыларды ата?   жіңішке дауыстыларды ата?  Жұп дауыстыларды ата? Тасымал дегеніміз не?  Заттың атын білдіретін сөздер   Бас әріппен жазылатын сөздер

Заттың қимылын білдіретін сөздер

III . Жаңа сабақ:Ы.Алтынсарин 1841 ж дүниеге келіп 1889 ж. Қайтыс болған.Ол кісі қазақ  даласында  ең алғаш мектеп ашып, ең алғаш оқулық жазған.Балаларды оқуға шақырған.Оның көптеген өлеңдері бар.Соның бірі «Кел балалар, оқылық!» өлеңі.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру, мағынасын түсіндіру.Оқушыларға мәнерлеп оқыту, сұрақтарға жауап беру.Мақалды түсіндіру, жаттау.

IV.Жаңа материалды пысықтау: Сұрақ-жауап әдісі арқылы жаңа сабақты қорыту.

  1. заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?Ы.Алтынсарин кім?Оның біз қандай өлеңімен таныстық.

V.Бекіту  кезеңі  «Кім жылдам» ойынын ойнату арқылы сабақты бекіту.123-жаттығу,125-жаттығу (ауызша)

  1. Үйге тапсырма, бағалау 124-жаттығу.