Ресей Патша өкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі /2 сағат/

76

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §20.  Ресей   Патша өкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің экономикалық дамуына сипаттама беріп, феодалдық басыбайлық жүйенің қоғамдық прогреске тосқауылб болғанын және капиталистік қатынастардың дами бастағанын ашып көрсету.
  • Өнеркәсіптің дамуы жөнінде деректер келтіріп, өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігі туралы түсінік беру. 1861 жылғы реформаның мазмұнын әңгімелеп, оның буржуазиялық сипатын ашу. Ресейдегі қалыптасқан революциялық ахуал меноның белгілеріне оқушылардың назарын аударып, 1905-1907 жылдардағы революция империялизм дәуіріндегі  алғашқы халық революциясы болғандығын атап көрсету.
  • Белсенділігі жоғары, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:ХІХ-ХХ ғғ. Ресейдің әлеуметтік экономикалық және саяси карталары, «Ресейдегі 1861 жылғы реформа».

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.
  • Кавур мен Гарибальди қызметіне салыстырмалы түрде баға беріңдер. Олар кімнің мүддесі үшін әрекет етті және қандай мақсаттарды көздеді?
  • Германиядағы және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция өз мақсаттарын орындаған жоқ. Ол қандай мақсаттар еді?
  • Италияны және Германияны біріктіруде басты рөлді қайсы корольдіктер атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?
  • Италия және Германияның бірігу тарихында мына адамдардың қызметіне баға беріңдер: Кавур, Бисмарк, ІІ Виктор Эммануил, Д.Гарибальди.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
  2. 1861 жылғы реформаның сипаты және негізгі принциптері
  3. Халық еріктілері қозғалысы
  4. Марксизмнің таралуы
  5. Патша үкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі
  6. 1905-1907 жылдардағы революция

Маңызды оқиғалар:

  • 1861 ж., 19 ақпан-басыбайлылық құқықты жою
  • ХІХ ғ., 60-ж.- Халықшылдар қозғалысы
  • 1874 ж.- «Халыққа» деген үндеудің таралуы.
  • 1875 ж.- «Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» құрылды
  • 1878 ж. – «Жұмысшылардың солтүстік одағы» құрылды
  • 1883 ж. – «Халықты азат ету» тобы құрылды.

 

1861 жылғы реформа

Реформаның буржуазиялық сипаттары
Реформадан кейін де сақталып қалған  басыбайлылық сарқыншақтар

 

Басты қағидалар:

  • Патша өкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі
  • 1905-1907 жылдардағы революцияның мақсаты.
  • Революцияның ерекшеліктері
  • Революцияняң қозғаушы күші
  • Батыстағы ХІХ ғ. буржуазиялық революциядан айырмашылығы
  • Революцияны іске асырудың түрі-қарулы көтеріліс
  • Революцияняң жеңілу себептері
  • Революцияның маңызды жақтары

 

ІҮ. Сабақты бекіту:

  1. «Ия-жоқ»
  2. 70-жылдардағы революционерлерді неліктен халықшылдар деп атаған?
  3. Ресейдегі революциядлық қозғалыстар ұқсастығын атаңдар
  4. «Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» қандай идеяны үгіттеді?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§20.