Қытай Қытайдағы ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі жағдайлар. 1911-1913 жылдардағы Синьхай революциясы. /3 сағат/

155

8-сынып.  Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 23.Қытай

Қытайдағы ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі жағдайлар.

1911-1913 жылдардағы Синьхай революциясы. /3 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • ХІХ –ХХ ғасырлардағы маньчжур билігінде болған Қытайдың саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуына сипаттама беру арқылы Қытайдың артта қалған феодалдық мемлекет болғанын түсіндіру.
  • Цин империясының дағдарысы мен сыртқы жағдайцларыны әңгімелеп, «апиын соғыстарының» себептері мен салдарын және Қытай халқының маньчжур билеп төстеушілері мен капиталистеріне қарсы бағытталған азаттық қозғалыстарын нақты деректермен ашып көрсету.
  • 1911-1913 жылдардағы революцияның қозғаушы күштері мен мақсаттарын баяндап, оқушыларды революционер-демократ Сунь Ятсеннің өмірі және қызметімен таныстырып, оның туған елінің азаттығы үшін күреске адалдығын үлгі ету.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:сұрақ-жауап

Көрнекілігі:

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Латын Америкасы халықтарының азаттық күресі нәтижесінде қандай мемлекеттер құрылды?
  2. Латын Америкасындағы оқиғаларға Еуропа державаларының арасындағы қандай қарама-қайшылықтар және АҚШ-тың қандай көзқарасы әсер етті?
  3. Латифундизм Латын Америкасы елдерінің экономикалық және саяси өміріне қандай әсерін тизігді?
  • Латын Америкасы елдері саяси өмірінің ерекшеліңктері қандай

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Цин империясының саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуы.
  2. Қытайды күшпен ашу.
  3. Тайпиндер көтерілісі, оның шығу себептері. Көтерілістің мақсаты мен маңызы.
  4. Қытайдағы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы жағдайлар.
  5. Сунь Ятсен және оның қызметі.
  6. Ихэтундар көтерілісі
  7. 1911-1913 жылдардағы Синьхай революциясы. Қытай Республикасының құрылуы.

 

 

ІҮ. Сабақты бекіту:

  • Цин империясында императордың жеке басы қалай дәріптелді?
  • Ағылшындардың Қытаймен жүргізген соғыстары неліктен «апиын соғыстары» деп аталды?
  • Тяньцзинь келісімдеріне Қытаймен қандай мемлекеттер қол қойды?
  • Тайпиндер соғысының жеңілу себептері?
  • «Өзін-өзі күшейту саясатын» кімдер жүргізді, ол немен аяқталды?
  • Реформаның «жүз күні» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Сунь Ятсеннің қызметі және оның құрған саяси ұйымы туралы айтыңдар
  • Ихетундар кімдерге қарсы шықты?

 

 

ХІХ-ХХ ғғ. Қытайдағы көтеріліс

Көтерілістің аты Көтеріліс жылдары, басталуы Көтеріліс себептері Көтерілісшілер мақсаты Көтеріліс мәні және нәтижесі

 

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§23 Кестені толтыру

 

 

Сунь Ятсеннің үш принципі

Принциптің атауы Принциптің мазмұны Принциптің мақсаты Нәтижелері